Сабақтың тақырыбы: Курстық жұмысты орындау кезеңдері Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
ТАҚЫРЫБЫ: Курстық жұмысты орындау кезеңдері ЖОСПАРЫ: 1. Курстық жұмыстың орындаудағы мақсаты мен міндеттері. 2. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдаудағы студенттің алдындағы мәселелер. 3. Курстық жұмыстың орындау кезеңдері. 4. Курс жұмысын орындау циклограммасы. Курстық жұмысты орындаудың басты мақсаты: студент таңдаған мамандық саласы мамандық саласы бойынша арнаулы теориялық және практикалық даярлық деңгейін арттыру. Курстық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері: -педагогикадағы көкейкесті мәселелері бойынша студенттердің бар білімін деңгейін ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу жолымен кеңейту; -студенттерді педагогикалық міндеттерді шешуде шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; -мектеп практикасындағы құбылыстарды және өз жұмысының нәтижесін сынмен бағалай білуге үйрету; -теориялық білімді практикалық іс-әрекетте қолдана білу іскерлігін қалыптастыру; -педагогикалық өзық тәжірибені зерттеуге, жинақтауға және талдауға үйрету; -өзінің жеке тәжірибесін талдауға және жинақтауға үйрету; -материалды ғылыми және әдеби тілмен баяндау дағдысын жетілдіру; -өзінің орындаған жұмысына жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Студенттер оқу жылдарының барысында оқу жоспары бойынша 1-2 курстық жұмысын орындайды. Оқу пәндері бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары жыл сайын қаралады және бекітіледі. Ол жыл сайын жаңартылады және толықтырылады. Оқу жоспары бойынша курстық жұмыстың орындалу және қорғау уақыты белгіленеді. Осыған байланысты әр студент белгіленген мерзімге сәйкес оқу жылы барысында (оқу жоспарындағы пән бойынша) курстық жұмыстың тақырыбын анықтайды. Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда студенттің алдында мынадай мәселелер тұрады: курстық жұмыстың тақырыбын таңдау; зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеу; курстық жұмыстың құрылымын анықтау. Педагогика бойынша курстық жұмыстардың тақырыптары мынадай талаптарға жауап беруі керек: Мамандыққа сәйкес келуі; Жоғарғы идеялық-теориялық деңгеймен ерекшеленуі; Қазіргі ғылыми-педагогиалық зерттеу бағыты мен мәселелерін ескеру; Педагогикалық теория мен практика саласындағы студенттер қызығушылығының әр түрлігін ескеру. Тақырыпты таңдап, бекіткен соң студент ғылыми жетекшінің көмегімен бірқатар мәселелерді шешенді, алдағы жұмысының жоспарын құрады, жұмыс құрылымын анықтайдайды, оның жеке бөлімдерінің, педагогикалық бақылау мен эксперимент жүргізудің орындалу уақытын белгілейді, қажетті әдебиеттер және басқа материалдарды анықтайды. Курстық жұмыстың сапалы орындалуы практикалық материалды орынды пайдалана білуге де байланысты екендігін де есте ұстаған жөн. Курстық жұмысты орындау кезеңдері: -жұмыс жоспарын құру, әдебиеттерге шолу жасау, зерттеу мақсаты мен міндеттерін нақтылау, зерттеу әдістерін анықтау, библиография құру; -өздігінен бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін талдау, алдын ала өзінің ой түйінін жасау, алдан ала қорғаудан өту; -жұмыстың толық мазмұнын жазу, өзінің тұжырымы мен ұсыныстарын ұсыну, жұмысты қорғауға даярлау (мүмкіндік болса компьютерде теру, толық оқып шығу, қателерін түзету, т.б.), қорғауға оның қысқаша мазмұнын баяндама түрінде (8-10 бет) иллюстрациялыларды әзірлеу, ғылыми жетекшінің пікірін алу, жұмысты қорғау. Таңдалған тақырып бойынша теориялық зерттеу ғылыми жаңалықпен қамтылып, аз зерделенген немесе талқыланған мәселе (немесе оның жеке аспектісі) бойынша орындалуы тиіс. Тақырыпты ашу барысында тарихтық приципті, жүйелік талдау әдісін, зерделеудің дербес әдістерін (жүйелеу, талдау, салыстыру) қолдану қажет. Курстық жұмыс логикалық тұрғыдан дәйекті, ғылыми стильдегі әдеби тілде мазмұндалуы тиіс. Материал жалпылама және қысқаша, жекелеген түпдеректерді толық қайталаусыз баяндалу қажеттілігі есте сақтау қажет. Курстық жұмысты жазу үшін тек мүддесін ұсынатын және оның мақсатымен байланысты аспектілерді ерекшелейтіндігін есте сақтау қажет. Сол себепті, тұжырымдар қысқа, айқын және нақты, дәлелдеме – сенімді болуы тиіс. Курстық жұмыс оқытушыға, студенттің теориялық курсты қаншалықты меңгергендігін бағдарлауға мүмкіндік береді. Куррстық жұмысқа алғашқы өздік зерттеу жұмысы ретінде келесі талаптар қойылады: курстық жұмыс тиісті жоғарғы теориялық деңгейде жазылуы тиіс; жұмыс өздігімен орындалуы тиіс; жұмыснақты және сауатты тілде жазылып, дұрыс рәсімделуі тиіс; жұмыс, оқу жоспарымен бекітілген мерзімде орындалады. Куртық жұмысты дайындау келесік езеңдерді қамтиды: тақырып таңдау; курстық жұмысты жазу сипатын таңдау; таңдаған тақырып бойынша әдебиетті таңдау және онымен танысу; жоспардың алдын ала нұсқасын құрастыру; іріктелген әдеби мәліметтерді зерделеу; жоспардың нақты нұсқасын құрастыру; нақты мәліметтерді, арнайы әдебиеттердегі мақалаларды жинау және өңдеу, сонымен қатар жүйелеу және қорытындылау; курстық жұмыстың мәтінін жазу; курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмысты жазуға кіріскен студенттерде жазу әдісі, рәсімдеу ережесі, жұмысты қорғау амалдарына байланысты көптеген сұрақтар туындайды. Аталмыш оқу-әдістемелік ұсыныстың мақсаты – студенттердің курстық жұмысты жазу барысында туындайтын барлық мәселелерді табысты шешуге көмек көрсету. Аталмыш кітапшада студенттің курстық жұмыстың таңдаған тақырыбына, жұмыстың мазмұндамалық бөлімін шешу, жалпы форманы сақтауда, курстық жұмысты жазу және рәсімдеу тәртібіне немқұрайлық танытпай, шығармашылық таныту қажеттігін көрсетеді. Курстық жұмысын мерзімінде орындамаған студент оқудың ағымдық жылының нәтижесі бойынша академиялық қарыз болады. Курстық жұмыс студентке қайтарылмайды және істер номенклатурасының негізінде жыл бойында колледжде сақталады. Консультация кестесі курстық жұмысты орындау кезеңінде оқу жоспары бойынша консультацияға бөлінген оқу уақыты көлемінің есебінен құрылады (1 қосымша). Курстық жұмысты орындау ЦИКЛОГРАММАСЫ
Жұмыстың негізгі кезеңдері және курстық жұмысқа қойылатын талаптар Құрылымы бойынша курстық жұмыстар: рефераттықсипатта; практикалықсипатта; сынақ-эксперименталдықсипаттаболуымүмкін. Рефераттық сипаттағы курстық жұмыс: теориялық бөлімде сұрақтың тарихы, зерделенген әдебиеттің салыстырмалы талдамана негізінде мәселенің теориялық және практикалық өңделу деңгейі көрсетіледі. Практикалық сипаттағы курстық жұмыс: негізгі бөлім 2 бөлімнен тұрады. 1 бөлімде қарастырылған тақырыптың теориялық негізін қамтиды. екінші бөлім практикалық болып табылады. Сынақ-эксперименталдық сипаттағы курстық жұмыс эксперимент немесе оның фрагментін өткізуді, оның нәтижесін талдауды және практикалық қолдану бойынша ұсыныстарды қамтиды. Курстық жұмыстың құрылымы: - титул беті; - мазмұны; - кіріспе; - 1-2 бөлімдер; - қорытынды; - пайдаланылған әдебиеттер тізімі; - қосымшалар. Титул бетін рәсімдеуге талап қойылады (2 Қосымша). Титулдық бетте еш жазба қалың қаріппен жазылмайды. Мазмұнында рет-ретімен кіріспе, курстық жұмыс бөлімдерінің атауы, қорытынды, қолданылған әдебиеттердің тізімі, қосымшалардың тізімі. Барлық бөлімдер мен жоспардың тарауларының атауы жұмыс мазмұнының логикасына дәл сәйкес, қысқа және нақты болуы тиіс. Міндетті түрде мазмұнның барлық пунктері басталатын беттер көрсетіледі (3 қосымша). Әдебиеттер тізімі: 1. Борытко Н.М., Моложавенко А.В., Соловцова И.А. Методология и методы психолого-педагогических исследований. –М., 2009. 2. Краевский В.В. Методология педагогической науки: учеб. Пособие. – М.: академия, 2001. 3. Краевский В.В., Бережнова Е.В. Методология педагогики: новый этап: учеб.пособие /В.В Краевский, Е.В. Бережнова. – М.: Академия, 2006. 4. Құрманалина Ш. және т.б. Педагогика (оқулық 3-ші басылым). – Астана.:Фолиант.-2012.-365б. жүктеу/скачать 41,84 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |