Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар, жағдаяттар ұсынылады:
- Біз теңдеу мен теңсіздік туралы сөз қозғадық. Ендеше, квадрат теңсіздік дегеніміз не? – еске түсіріп көрелік.
- Квадрат теңсіздікті шешудің неше әдісі бар?
- Қатаң және қатаң емес теңсіздіктердің айырмашылығы неде?
- Интервалдар әдісімен шешуді қалай түсінесіңдер?
ҮІ. Сергіту сәті.Оқушыларға қызықты, логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. (6 мин)
Оқушыларға 12 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа қолдарын жоғары көтереді, қате болса алға созады.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
Оқулықпен жұмыс:
І топ(үшбұрыш) - №296(3), ІІ топ(трапеция) - №296(4), ІІІ топ(параллелограмм) - №297(3), ІҮ топ(ромб) - №297(4) есебін түсіндіре отырып тақтаға орындайды. Қалғандары осы есепті дәптерге орындайды. Болған соң тексеріледі және сұрақтарға жауап береді.
Дарынды оқушы
ҮІІІ. Сабақты пысықтау.
Деңгейлік тапсырмалар: (Жауабын тақта арқылы әркім өзін тексереді. Әр дұрыс жауап 1 ұпай) (8 мин)
ІХ. Сабақты қорытындылау(әр топ квадрат теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады).
Х. – Енді «Табыс» ағашын отырғызайық. (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Оқушы қызығушылығын тудыратын тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар ұсынылады;
Өзіндік пікірін қалыптастыруға бағдар беру;
Практикалық біліктерін толықтыруға бағдар беру;
Практикалық құндылықтары негізінде ғылыми ізденіске бағдарлау;
Сан осі, сан осіндегі нүктенің координатасы, теңсіздік, теңсіздіктердің қасиетін, теңдеу, квадрат теңдеу, квадрат үшмүше, квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу және квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу анықтамасына, формулаларына, өздеріне анықтамасын тұжырымдату.
Әдістері: ой тудыру, қорытынды ойға жетелер пікір алмасу;
Жекелей тапсырма беру арқылы ізденіске жетелеу; Тәсілі: топтық
5-10 мин
Жаңа сабақты бекіту
Төмендегі есептерді орындата отырып өз білетін мәліметтерін пайдалана отырып, практикалық білігі негізінде ізденіске жағдай тудыру. Есептің орындалуына ғылыми негіздеме бергізе отырып өз пікірін даярлауға қолайлы сәт туғызу.
Оқулықпен жұмыс:
№296(3,4),
№297(3,4)
Жалпы дидактикалық әдіс: жартылай ізденіс, тұжырымды пікір айтуға ұмтылдыру.
Ғылыми дәлелдерге сүйену.
Тәсілі: топтық, жұптық, жекелей.
6-10 мин
Жаңа сабақты пысықтау
Деңгейлік тапсырмалар орындайды
А, В және С деңгейлік есептерді топпен шығарып тақтада қорғайды
Есеп шарты бойынша
жарқын идеялар жәрмеңкесі
Тиянақты жұмыс үлгісіне бейімдеу.
Шығармашылыққа жетелер түрлі әдістер арқылы ізденіске бағдар беру.
Тәсілі: ұжымдық, топтық , жекелей.
10 мин
Жаңа сабақты қорыту
Өзіндік ізденіске бағыттау.
Әр топ теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шешудің алгоритмін құрады.
Нақты жауап, дәлелді ізденіс, қорытынды пікірге баулу.
Тәсілі: топтық, ұжымдық
3-4 мин
Рефлексия
«Табыс» ағашын отырғызу
Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.
Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ есептеген кезде қиналдым.
Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.
Қағаздан жасалған алмаларды өздері таңдап алып, ағашқа магнит көмегімен жабыстырады.
Тәсілі: жекелей
1 мин
Бағалау
Оқушы пікірі мен талдау жұмыстарын бағалау. Ой қорытуға сабақ соңында сұхбаттасуға шақырар пікір қолдану.
6 – 12 ұпай - «3»
13 – 20 ұпай - «4»
21 – 42 ұпай - «5»
Топтық және жекелей жетістіктерді бағалау. Ұпай саны бойынша бағалау
№296(1,2), №197(1,2) есептер арқылы оз ойларын дәлелді ізденіске және ой жүйесін сауатты жеткізуге бағыттау
Жауапкершілікті сезіну, қосымша материалдармен жұмыс істеу, шығармашылық әрекеттерін дамытуға, тұлғалық қасиеттерін дамытуға жол ашу.
3-4 мин
Қысқа мерзімді жоспар
8-сынып алгебра пәнінің мұғалімі Мухаева Ш.Б.
30.04.2013 ж
Алгебра
8 сынып
Сабақтың тақырыбы
Квадрат теңсіздікті интервалдар әдісімен шешу
Жалпы мақсаты
Квадрат теңзісдіктерді интервалдар әдісімен шешуді үйреніп, бөлшек рационал теңсіздіктерді де осы әдіспен шешеді, бір – бірін сыйлауға, ептілікке және шапшаңдылыққа тәрбиеленеді.