Сабақтың ортасы
30 мин
|
(Ұ, МК) 1-кезең. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.
Мен тәртіпті баламын
Мен тәртіпті баламын, Шкафтарды ашпаймын,
Айтқан тілді аламын. Кітаптарды шашпаймын.
Апам нанға кеткенде, Текшелерден үй жасап,
Үйде ойнап қаламын. Қызық ойын бастаймын.
Дескриптор:
1. Өлеңді мәнерлеп, шолып оқиды.
2. Тірек сөздерді, өлеңнің негізгі ойын анықтайды.
3. Өлеңнің бос орындарына керекті сөздерді қойып оқиды.
4. Еске сақтауға арналған сұрақтарға жауап береді:
- өлең қалай аталады?
- «-мын» деген жалғау неше рет кездеседі?
- апасы нанға кеткенде қайда қалады?
- неден үй жасайды?
- ол қандай бала?
(Ж)2-кезең. Оқушылар сұраққа жауап беріп, диаграмманы толтырады, қорғайды, бірнеше жұптардың жауаптары тыңдалып «Бас бармақ» әдісімен бағаланады.
(Т)3-кезең. Оқушылар түстер бойынша үш топқа бөлінеді. «Бинго» ойыны арқылы тақтада жасырынған ұяшықтарды таңдайды, сұрақтарға жауап береді.
1. Сенің досың қандай?
2. Ол ата-анасына көмектесе ме?
3. Жалқаубек қандай?
4. Ол бөлмесін жинай ма?
5. Әлібек пен Марат қайда барады?
6. Әлібек – қандай бала?
7. Әлібектің кітаптары қандай?
8. Әнел қайда жиі барады?
9. Әнел ақылды ма?
10. Қадиша – қандай қыз?
11. Мырзабек – қандай бала?
12. Нұрай – қандай қыз?
Кері байланыс: Топтар бір-бірін ұпай санымен бағалайды.
Сергіту сәті «Айна»
Қатысушылар жұптарға бөлініп, бір-бірінен қол созым арақашықтықтағы жерде қарама-қарсы қарап тұрады. Өзара бірі-А, екіншісі-Б болып бөлінеді. А қатысушы қандай да бір қимыл жасайды, ал Б қатысушы сол қимылды айнадағы кескінше қайталап көрсетеді.
(Ө)4-кезең. Оқушылар көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жазады.
Мен тәртіпті бала..., айтқан тілді ала.... Менің дос... ауылда тұрады. Қуыршақтарымды ертең жинай... . Тағаны жерден ал... .
Тиісті жалғаулар: - мын, - ым, - дым.
|
Достарыңызбен бөлісу: |