Пәнаралықбайланыстар
|
Бейнелеу өнері
|
АКТ қолданудағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы, Active studio (active board) мүмкіндіктерін қолдану
|
Бастапқыбілім
|
«Мамандық» тақырыбы бойынша 1-2-сыныптарда меңгерген сөздерін естеріне түсіреді. (Әнші не істейді? Мұғалім ше?)
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 минут
|
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға біріктіру – 2 минут
Ой шақыру сұрақтары: (1 минут)
Бұлар кімдер? Олар не істейді?
Бұл не? Ол қандай?
Мақсаттар мен бағалау критерийлерін бірлесе құру – 3 минут
|
суреттер
интербелсенді тақта
|
Сабақтыңортасы
30 минут
|
Жаңа сөздермен жұмыс – 3 минут (96-бет)
Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды, оқушылар мұғалім соңынан қайталайды.
1-тапсырма. (оқулық, 96-бет) Суреттер мен сөздерді сәйкестендіріп, сұрақтарға жауап беру барысында тірек сөздерді орынды қолданады. (6 минут)
|
құрылыс
құрылысшы
ғимарат
көпқабатты
жаңа
|
Бұл не? (құрылыс) Бұл кім? (құрылысшы)Неше құрылысшы бар? (3 құрылысшы бар) Бұл не? (ғимарат) Ол қандай? (жаңа, көпқабатты)
Мұғалім топтарға сурет пен тірек сөздері бар үлестірмелі қағаздарды таратып береді.Тапсырманы орындау жолын түсіндіреді. Оқушылар әр сөзді сәйкес суретпен бағыттама (стрелка) арқылы қосады және мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Топтардың тапсырманы орындауына 4 минут, топтық жұмысты қорғауына 1 минут беріледі.
Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
2-тапсырма. (оқулықтағы 5-тапсырма) «Мина» ойыны – 10 минут
Мұғалім топтарға келесі үлестірмелі қағаздарды таратып береді:
Оқушылар топтарда сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді (5 минут)
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ортаға «миналарды» тастайды (Құрылысшы не істейді? Мұғалім не істейді? т.с.с. сұрақтар жеке-жеке жазылған қағаздарды жұмырлап жерге тастайды). 1 оқушыны ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды. Аяғымен қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді.
Бағалау «Шапалақ» әдісі арқылы жүзеге асырылады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |