Құндылықтарды дарыту
|
Әдептілікке, үлкендерді сыйлауға баулу.
|
Пәнаралықбайланыстар
|
Өзін-өзі тану
|
АКТ қолданудағдылары
|
PowerPoint таныстырылымы
|
Бастапқыбілім
|
ІІ бөлім. «Жаман» деген немене? № 2
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Ертеңгілік шеңбер. «Жүректен-жүрекке»
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, сыйластықты дамыту.
Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.
(Ұ) Үй тaпcырмcы «Бәйге» ойыны aрқылы тексеріледі.
Әр ұпаймен белгіленген ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.
Сабақ мақсаттарымен таныстыру.
- тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беремін;
- тыңдаған мәтінді сюжеттің даму желісі бойынша мазмұндаймын;
- жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазамын.
|
Таныстырылым № 2
Таныстырылым № 3
Таныстырылым № 5
|
Сабақтыңортасы
|
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Әдепті/әдепсіз, мінез.
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері арқылы түсіндіру.
Әдепті – инабатты, әдепсіз – тәртіпсіз, мінез – құлық.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Анама көмектесемін, ыдысты сындырып алды, сынған ыдыс
4. Сөйлемдер құрастыру.
Бүгін мен анама көмектесемін. Әли ыдысты сындырып алды. Ол сынған ыдысты жинады.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазады.
Тыңдалым алды тапсырмасы. Оқушылар түстер арқылы 3 топқа бөлінеді.
(Т) «Әдепті» деген сөзді топтастырады.
Топтар бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды, өз ой-пікірлерімен толықтырады.
Кері байланыс:
Тапсырманы орындауда не қиын болды?
Тыңдалым кезіндегі тапсырма.
(Ұ) Оқушылар тақырыпқа қатысты аудиоматериалды2 рет тыңдайды, таныс емес сөздерге түсініктеме беріледі: (жарлы адам, басын иіп сәлем беру, сәлемдесу, үйренбеген, лайық/лайық емес)
«Әдептілік»
Бір күні ғалым мен бай сөйлесіп тұрады. Қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, ғалымға басын иіп сәлем береді.
Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, біліміңіз бар ғалымсыз. Жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.
Ы. Алтынсарин
(Т)Мәтін бойынша «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы деңгейлеріне қарай сұрақтарға жауап береді
Қызыл шарлар
|
Жасыл шарлар:
|
- Не себепті бай ғалымның әрекетін түсінбеді?
- Неліктен ғалым төмен иіліп сәлем берді?
- Бұл әңгіме бойынша қандай пікір айтасыңдар?
|
- Әңгімедегі кейіпкерлері ата.
- Жарлы адам не істеді?
- Ғалым қалай сәлем берді?
- Ғалым байдың сұрағына не деп жауап берді?
|
Оқушылар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |