Сабақтың тақырыбы: Күз келді Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет50/187
Дата14.12.2023
өлшемі34,78 Mb.
#197066
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   187
Байланысты:
3-сынып қмж23

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.
(Ж)Оқушылар тыңдаған материалды естеріне түсіріп,
«Шын-Жалған» атты кестені толтырады.



Сөйлемдер

Шын

Жалған

Бір күні ғалым мен жарлы адам сөйлесіп тұрады.




-

Жарлы адам ғалымға басын иіп сәлем береді

+




Ғалым басын одан да төмен иіп сәлемдеседі. 

+




Ғалым жарлы адамға әдепсіздік көрсетті




-



Дескриптор:

  • Ақпараттың шын/жалған екенін ажырата алады.

  • Өз пікірін дәлелдей алады.

Кері байланыс:Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?»


Сергіту сәті.
Қолды алға созайық,
Қайшы кескен болайық.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
Енді еркін тыныстап
Демалайық дұрыстап.
Бір, екі, үш, төрт,
Бір, екі, үш, төрт.
(Т) 2-3 тапсырма. Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтінді оқиды.
Әлібек пен Марат киноға барады. Үйлеріне автобуспен қайтты. Келесі аялдамадан автобусқа әжей мінді. Марат орын бермеді. Әлібек орнынан тұрып:
- Әже, мына жерге отырыңыз! – деді.
Әжей Әлібекке:
- Өркенің өссің, балам! Әдепті бала екенсің! – деп, алғыс айтты.
«Əріптестер» әдісі. Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріледі. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындайды, жұптасып өз нұсқаларын айтады.
Сұрақтары:
1. Әлібек пен Марат қайда барды?
2. Автобусқа кім мінді?
3. Марат не істеді?
4. Әлібек не істеді?
5. Әжей не деді?
Кері байланыс:Тапсырманы орындау қиын болды ма?
Не қиын болды?


(Ө) Грамматикалық қоржын.Тиісті қосымшаларды жалғап жазады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады.
Әлібек пен Марат кино (-ге, қа, -ға) барды. Олар автобус (-мен, -бен, пен) қайтты. Аялдама (-тен, -дан, -нан) әжей мінді. Әлібек әжей (-ға, -ке, -ге) орын берді.


(Т) 6-тапсырма. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі.
Топ ішінде бірігіп талқылауға және бір шешімге келуге жағдаят беріледі. Әр топ өз ұсынысын айтады.
Жағдаят: Көшеде ауыр сөмкесі бар әжей кетіп бара жатыр. Оны бір бала қағып кетті де әжейдің сөмкесіндегі заттары шашылып қалды. Сен не істейсің? Балаға не дейсің?
«Бас бармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды, бірнеше оқушының комментарийі тыңдалады.


Таныстырылым № 6
Орфографиялық сөздік
http://emle.kz/uploads/files/7897c672483778e6da555373be5d1099.pdf
Таныстырылым № 7

Адами құндылықтар


https://www.youtube.com/watch?v=cde5ttk0xGE

Үлкенге құрмет, кішіге ізет


https://www.youtube.com/watch?v=8ElSMik2Q_U

Үлгілі оқиға.


https://www.youtube.com/watch?v=ErlFl1PoGuw
Таныстырылым № 9

Таныстырылым № 10


Таныстырылым № 11


Таныстырылым № 12






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   187




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет