Пән аралық байланыстар
|
Өзін-өзі тану, технология
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылым
|
Бастапқыбілім
|
ІІ бөлім. Мейірімді Нұрай № 9
|
Сабақтыңбарысы
|
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 мин)
|
Қызығушылықты ояту. Тіл дамыту.
(МК) «Айырмашылығы неде?» ойыны
Оқушыларға екі түрлі сурет көрсетіледі. Екеуінің арасындағы айырмашылықты
анықтайды. Жауаптарын дəлелдейді.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
- тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құраймын;
- оқыған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
- сұхбатқа түсемін
|
Таныстырылым
№ 2
Таныстырылым
№ 3
|
Сабақтың ортасы
(30 минут)
|
Жаңа сөзді меңгерту: қауіпті, қате, ренжі, рас
Осы сөздердің мағыналарын синонимдер, антонимдері арқылы, суреттер
арқылы түсіндіру.
Мысалы:
Жаңа сөздер
|
Мағынасы жақын сөз
|
Мағынасы қарама-қарсы сөз
|
Қате
|
бұрыс
|
Дұрыс
|
Рас
|
Шын
|
Өтірік
|
қауіпті
|
қорқынышты
|
Қауіпсіз
|
ренжу
|
жабырқау
|
Ренжімеу
|
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады:
Шырпыдан жасалған үй, шебер бала, шырпы қораптары қауіпті
4. Сөйлемдер құрастыру.
Шырпымен ойнауға болмайды, себебі ол қауіпті. Мұғалім қатені түзетті.
Марат рас айтады.
5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ө, МК)Тыңдалым.Сұхбатты 2 рет тыңдайды, жаңа сөздерді табады,
сол сөздермен сөйлемдер құрайды, мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Кімдер сұхбаттасты?
Не туралы сұхбаттасты?
Шырпы неліктен қауіпті?
Кері байланыс:
Мәтінмен жұмыс.
Оқылым алды тапсырмасы:
(Т)«Бастапқы танысу» әдісі бойынша мәтінді оқырдың алдында оқушыларға
тақырып бойыншаассоциация жүргізіледі, яғни тақырыпты оқыған кезде
олардың ойына не келгенін айтады. Оқушылар өздерінің ассоциацияларының
негізінде мәтін не туралы болады деп ойлайтынын талқыға салады.
(Ұ) Грамматикалық қоржын сергіту сәті ретінде өткізіледі.
Оқушылар бір-біріне доп лақтырады да «Мен шебер...»деп жалғаусыз айтады,
допты ұстап алған оқушы сол сөзді дұрыс жалғауымен айту керек. Тиісті
жалғаулар тақтада беріледі.
Тиісті жалғаулар: -мын, -мін, -сің, -сіз, -сыз.
Мен шебер... Сен ұқыпты... Сіз ренжи... т.б. солай
сөздер жалғаса береді.
«Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды, комментарий береді.
(Ж) Оқушылар берілген суреттердің орнына сөздерді қойып айтады.
Мырзабек
Нұрасыл шырпылардан жасады
Ертөре
Әлібек
Жұп болып отырған оқушылар бір-бірін тексереді.
|
Таныстырылым
№ 5-6
Қауіпті
Қате
Ренжу
Таныстырылым
№ 7
Таныстырылым
№ 8
Таныстырылым
№ 9
Таныстырылым
№ 10
Оқулық
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлем»
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру
арқылы орындайды.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды
жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Үй жұмысы:
1. Жақшаның ішіндегі тиісті сөздерді қойып жаз.
Шырпының қорабын (оттың, терезенің партаның) жанына
қойма. Мырзабек – (жалқау, шебер, еріншек) бала. Ол
шырпының қораптарынан (доп, үй, кітап) жасады. Иманбек
бұл (дәптерге, ойыншыққа, қаламға) қатты қызықты.
2. «Есте сақта!» айдарын оқу
3. Өз досының суреттерін алып келу.
|
Таныстырылым
№ 11
Таныстырылым
№ 12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |