Оқушылар топтарда сөздер мен суреттерді сәйкестендіріп, «Кім не істейді?» сұрағына жауап береді (5 минут)
Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, ортаға «миналарды» тастайды (Құрылысшы не істейді? Мұғалім не істейді? т.с.с. сұрақтар жеке-жеке жазылған қағаздарды жұмырлап жерге тастайды). 1 оқушыны ортаға шығарып, көзін орамалмен байлайды. Аяғымен қай «минаға» тисе, сол сұраққа жауап береді.
Мұғалім оқушыларға оқулықтағы 6-тапсырмада берілген сөздерді жеке-жеке А4 форматты қағазға жазып, таратады. Тақта алдында тұрған оқушылар сөздерді тіркестіру үшін шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің сөздерін оқиды және жұптарын анықтайды.
Жұптасқан оқушылар өз сөздерін тіркестіріп, сөйлем құрастырады.
Сәулетшіге қатысты сөздері бар жұптар «Сәулетшілер» тобына, құрылысшыға қатысты сөздері бар жұптар «Құрылысшылар» тобына бірігеді және «Құрылысшы» / «Сәулетші» тақырыбына шағын мәтін құрып айтады. Мысалы: Әкем – құрылысшы. Ол үй жасайды. «Апорт» сауда үйін құрылысшылар жасады.
Бағалау дескрипторлар арқылы жүзеге асырылады.
Дескриптор: Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құрастырды.
Сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, берілген сөздермен сөйлем құрастырды.
Бағалау
оқулық
үлестірмелі қағаздар
орамал, «миналар», үлестірмелі қағаздар
сөздер жазылған А4 форматты үлестірмелі қағаздар
Сабақтыңсоңы
4 минут
Рефлексия
«Стикерлі вагондар»
1-вагон:
Мен жаңа сөздерді білемін. Мен жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырып айтамын.
2-вагон:
Мен жаңа сөздерді білемін. Мен жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыруда қиналамын.