Күні: 18.11.2016 жыл
Сыныбы: 5
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты : Білімділік: алған білімдерін, іскерлік дағдыларын тексеру, бағалау, таным белсенділігін арттыру;
Дамытушылық: сөз байлығын молайту, сөздік қорын байыту, өз ойларын еркін жеткізуге машықтандыру, өткен ережелерге қорытынды жасауға үйрету;
Тәрбиелік: тіл құдіретін сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре құбылтып, оларды мейлінше дұрыс қолданып, нақты түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Қайталау, сайыс сабағы
Сабақты әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, дидактикалық ойын
Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық тапсырмалар, бағалау парақтары, техникалық құрал-компьютер құрылғысы
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, биология, бейнелеу өнері
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. а) Оқушыларды түгелдеу, журналға белгілеу;
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.