Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Сабақтың мақсаты


ІІІ. Негізгі бөлім. «Тұрақты тіркестер



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі358,17 Kb.
#92702
түріСабақ
1   2   3
ІІІ. Негізгі бөлім. «Тұрақты тіркестер» қалашығына саяхат. «Бір сөзбен атаңдар» дидактикаклық ойыны.
Әр оқушыдан кезекпен сұралады. /Дұрыс жауап берген оқушыларға сиырдың суреті беріледі/

Тұрақты тіркестер

мағынасы

  1. Есімнен шығып кетті.

  2. Бармағын тістеу.

  3. Арасынан қыл өтпейді.

  4. Бетінен оты шығу

  5. Қолын қақпау

  6. Құлақ етін жеу

  7. Қабағын қарс жабу

  8. Ат-тонын ала қашу

  9. Тамырына балта шабу

  10. Мұзға отырғызып кетті

  11. Қас пен көздің арасында

  12. Ит терісін басына қаптады

Ұмыту
Өкіну
Дос
Ұялу
Еркелету
Мазалау
Ашулану
Безу
Жою
Алдау
Тез
балағаттады


ІV. «Диалект» қалашығына саяхат. «Диалект сөздерді суреттерімен сәйкестендір»
дидактикалық ойыны. /Барлығына дұрыс жауап берген оқушыларға қойдың суреті беріледі/



Секер



Пиялай



Бәдірең



Тұқым



Кеуірт



Көпшік



Торлама




V.Дәптермен жұмыс «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы» қалашығына саяхат
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай топтап жазу.
/Дұрыс жауап берген оқушыларға жылқының суреті беріледі/
А) Терең ой, терең сай, терең су, терең білім, терең сезім, терең құдық;
Ә) Алтын қазына , алтын қол, алтын сақина, алтын сөз , алтын тас, алтын уақыт;
Б) Қатты жел, қатты қол, қатты жер, қатты жүрек, қатты сөз, қатты құрт;
В) Жүйрік жел, жүйрік ат, жүйрік ой, жүйрік адам, жүйрік сөз;
Г) Суық су, суық балмұздақ, суық жүз, суық сөз, суық шырын
Ғ) Ыстық алақан, ыстық құшақ, ыстық от, ыстық су, ыстық, монша

Сөздің тура мағынасы

Сөздің ауыспалы мағынасы







VІ.Сергіту сәті. «Мен қазақпын» әні


VІІ. Антонимдер қалашығына саяхат «Суреттер сөйлейді» дидактикалық ойыны Оқушылар суреттерге қарап, мақал-мәтел құрауы тиіс./Түйе суреті беріледі/







Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа
Жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа.

Алыстағы ағайыннан, жақындағы көршің артық.

Үлкенге ізет, кішіге құрмет







Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа

Таңертең өтірік айтсаң, кешке ізіңмен қайтар.

Қыс азығын жаз жина.



VІІІ.Омонимдер еліне саяхат. «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны /ешкі суреті беріледі/

  1. Әрі құрал атауы, әрі жәндік атауы? (ара)

  2. Әрі қимыл атауы, әрі сан атауы? (жүз)

  3. Әрі түс атауы, әрі қимыл атауы? (қара)

  4. Әрі мейрам атауы, әрі қимыл атауы? (айт)

  5. Әрі зат атауы, әрі қимыл атауы? (күл)

  6. Әрі қимыл атауы, әрі мезгіл атауы? (жаз)

  7. Әрі құс атауы, әрі қимыл атауы? (қаз)

  8. Әрі қимыл атауы, әрі дене мүшесінің атауы? (жақ)

  9. Әрі қимыл атауы, әрі дене мүшесінің атауы? (шаш)

  10. Әрі қимыл атауы, әрі мезгіл атауы? (түс)

  11. Әрі құс атауы, әрі қимыл атауы (тырна)

  12. Әрі жануар атауы, әрі қимыл атауы (қой)



ІХ.Қорытындылау. «Топтастыру стратегиясы» Лексика сөзін топтастыру.



Омоним



Антоним





Синоним

ЛЕКСИКА





Синоним




Кәсіби сөздер

Диалект


Х.Үй тапсырмасын беру. Құрамында антоним, омоним, синонимі бар ертегі құрастыру.
ХІ.Кері байланыс. Қызыл түс-жақсы түсіндім. Жасыл түс – орташа түсіндім. Сары түс – мүлдем түсінбедім.
ХІІ. Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет