Сабақтың тақырыбы Үлеспен таныстыру әдістемесі. Саның үлесін, үлесі бойынша санды табу


ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау



бет2/4
Дата30.05.2022
өлшемі1,21 Mb.
#145481
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
000f9c26-af5851d6

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Дескриптор

Білім алушы




– үлесті анықтайды;
– үлесті жазады.


«Ассоциация» стратегиясы (ауызша сұрақтар)
Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап”
Күнтізбе неше бөлікке бөлінген? (12-ге).
Бұл бөлікті қалай атайды? (Он екіден бір).
Бір ай бір жылдың неше бөлігін құрайды? 1/12.
Көктем айлары қандай бөлікті құрайды?

  • Математикада бұны қалай жазуға болады: 3/12.

  • Аптаның бір күні қандай бөлікті құрайды?

  • Демалыс күндерін үлес арқылы қалай жазамыз?

  • Үлес деген не?

  • Жартысы деген сөзді қандай сөзбен алмастыруға болады?

  • Ширек бөлігі басқаша қалай атауға болады?

  • Қызанақты өзіңе және үш досыңа қалай бөлер едің? (4 бөлікке бөлемін).

ҚБ: «Қол шапалақтау» әдісімен бағалау


Өзектендіру.


Фигуралардың боялған (боялмаған) бөліктерін атауды ұсынады.

Дескриптор

Білім алушы




– суреттен үлестердің жасалуын көрсетеді;
– үлестерді оқиды;
– үлестерді жазады.
ҚБ: "Смайликтер"арқылы бағалау
Семантикалық картамен жұмыс



Тапсырма

3/4

3/5

1/2

2/8

1

Шеңберді бес бірдей бөлікке бөлді. Шеңбердің үш бөлігін қалай белгілейміз?




+







2

Алманың тең жартысын қалай белгілейміз?







+




3

Тәтті нанды бірдей 8 бөлікке бөлді. Тәтті нанның екі бөлігін қалай белгілейміз?










+

4

Жолақшаны бірдей 4 бөлікке бөлді. Жолақшаның 3 бөлігін қалай белгілейміз.

+










ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен бағалау


Топтық жұмыс.
Бұл тапсырманы білім алушылар топпен орындайды. Берілген бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Келесі топтан шығып үлес түрінде атайды, мысалы 3/12, 5/12. Алдымен жабылған күндерді, содан соң қалған күндерді айтады.

Дескриптор

Білім алушы




– суреттен үлесті көрсетеді;
– үлесті жазады;
– үлесті салыстырады.
ҚБ: Стикер бойынша бағалайды.


Есептеп шығар.
1 қауын тең 10 бөлікке бөлінді. Осы бөліктердің 1,3,6,8,9 бөліктерін жазыңдар және оқыңдар.
Сабақтың 15 минутында өзіндік жұмыс болды. Сабақ уақыты 45 минут болса, өзіндік жұмыс сабақтың қандай бөлігі?
Компьютерде теруші 1 сағатта шығарманың 1/6 бөлігін терді. Ол шығарманы неше сағатта теріп болады?
Жарысқа қатысқан оқушылардан 4 оқушы жеңімпаз болды. Бұл барлық жарысқа қатысқан оқушылардың 1/5 бөлігі. Жарысқа неше оқушы қатысты?
Оқушы кітапты 7 күнде оқып болды. Ол 2күнде, 4 күнде , 5 күнде кітаптың қандай бөлігін оқиды?
Гүл шоғында 3 қалампыр гүлі, 9 раушан гүлі, 12 жасмин гүлі бар. Гүл шоғының қандай бөлігі раушан гүлі?
Оқулықта 60 бет бар. Оқушы оның үштен бірін оқыды. Оқушы неше бет оқыды?
Лентаның төрттен бір бөлігі 8 метр. Лентаның барлық ұзындығы неше метр?
Аю бір жылдың 1/3 бөлігін ұйқымен өткізді. Сонда аю неше ай ұйқыда болды?
Жәшіктегі алманың төрттен бір бөлігі 4кг тартады.Толы жәшікте қанша кг алма бар?



Дескриптор

Білім алушы




– бөлігі (үлесі) бойынша санды табады;

  • санның бөлігін (үлесін) табады;

  • есепке талдау жүргізеді;

  • үлесті оқиды;

– Есепті шығарады.
ҚБ: "Бас бармақ"арқылы бағалау




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет