Сабақтың тақырыбы: Ұлы Жібек жолының пайда болуы.
Сабақтың мақсыты:
Білімділік: Ұлы Жібек жолының пайда болуы туралы оқушыларға білім беру. Жібек жолының маңыздылығы және тарихтағы маңыздылығы туралы түсіндіру.Жібек матасының құндылығын анықтап, үлкен роль атқаратынының оқушылармен бірге анықтау. Тарих пәнінен білімдерін арттыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы кесіп өткен аймақтарын көрсету арқылы, ол жердегі мекен еткен ата- бабаларымыз туралы білім беру арқылы өз елімізге, жерімізге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылар Ұлы Жібек жолы арқылы алған білімдерін дұрыс пайдалану, тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы. Өз білімдерін толықтыру.
Пән аралық байланыс: География, дүние жүзі тарихы, өнертану, дінтану, архиология.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, топтың жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, тақырыпқа сай суреттер, АКТ,сабаққа қатысты қосымша кітаптар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау.
Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
Ұлы Жібек жолы Қазақ жерімен, Ғұндар, Қаңлылар, Үйсіндердің жерін кесіп батысқа қарай өткен жол. Олай болса топтардың атауы сәйкесінше:
І. Ғұндар тобы
ІІ. Қаңлылар тобы.
ІІІ. Үйсіндер тобы деп атаймыз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Таныстырылым қорғау.
О
ІІ. Қаңлылар тобы. «Жібек матасының саудасының маңызы қандай?»
ІІІ. Үйсіндер тобы. «Қазақстандағы Ұлы Жібек жолының бағыттары» атты таныстырылымды қорғайды.
3. Бейнеролик көру. Оқушылар бейнероликті талқылайды.
4. Картамен жұмыс. «Алты тапсырма.» Әр топқа 2 тапсырма беріледі. Сол сұрақтарға жауап беріп, ол тапсырмадағы қалаларды картадан көрсету.
І. Топ. 1-тапсырма.
Ол мемлекет Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Иранның бағзы заманында жазылған «Авеста» кітабында айтылған. «Вэсаканың ержүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді» -деп қай мемлекет туралы айтылады.
Жауабы: Қаңлылар.
І-топ. 2-тапсырма.
Бұл тайпа б.з.б. 8- ғасырда біздің заманымыздың 5- ғасырында мекендеген. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Бұл тайпада әскери демократия басым болған. Осы тайпаны ата? Қай жерді мекендеген?
Жауабы: Сарматтар.
ІІ топ. 1-тапсырма.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бұл мемлекеттің мықтылығы соншалықты тарихта «Ұлы Қытай қорғаны» осы мемлекеттен қорқып салынған деседі.Қытай бұл мемлекетке салық ретінде «Жібек маталарын» төлеп отырған. Бұл қай мемлекет? Қай жерді мекендеген?
Жауыбы: Ғұндар.
ІІ-топ. 2- тапсырма.
Бұл мемлекет жайлы Қытай тарихшысы Сыма Цянь жазып кеткен. Олар аққұба, сары шашты келеді. –деп бейнелеп айтылған. Олар басында ғұн тайпаларына бағынышты болған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан.
Бұл қай мемлекет?
Жауыбы: Үйсіндер.
ІІІ-топ. 1-тапсырма
Бұл тайпа туралы тарих атасы атанған Геродот «Дұшпанға- қатал, досқа-адал болған» -деп жазған. Ол қай тайпа? Қай жерді мекендеген?
Жауабы: Сақтар.
ІІІ-топ. 2- тапсырма.
Бұл тайпа ерте темір дәуірінде өмір сүрген «Ақ жалынды жүйрік отты иелері» -деп айтылған бұл қай тайпа? Қай жерді мекендеген?
Жауабы: Аргипейлер. Солтүстік Батыс Қазақстанды мекендеген.
5- Кім жылдам?
«Балық аулау ойыны» Сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында оқушылар аквариумда балық аулайды. Әр балықта сұрақтар жазылған. Әр топтан 1 оқушы шығып 2-минут ішінде сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға көп жауап берген топ жеңіске жетеді.
Сұрақтар.
Ұлы Жібек жолы қай ғасырдан бастап іске қосылды?
Жауабы: ІІ- ғасырда
Ұлы Жібек жолының бұлай аталу себебі?
Жауабы: Басты сатылатын тауар Жібек матасы болғандықтан осылай атаған.
Ұлы Жібек жолы на «Ұлы» сөзінің қосылу себебі.
Жауабы: Шығыс бен батысты байланыстырады, маңызды сауда –саттық жолы болды.
Ұлы Жібек жолының таралуы қай тарихшының жазбаларында кездеседі?
Жауабы: Бехустин жазбаларында
Ұлы Жібек жолынан қандай тауарлар тасымалданған?
Жауабы: Жібек матасы, батыстан шыны ыдыстар, әшекейлер, жан- жануарлар, алтын бұймдар. Т.б.
Жібек матасының пайда болуы?
Жауабы: Ғұндар, Қаңлылар, Үйсіндер, Аландар мекен еткен жерлерді.
Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай аймақтарын кесіп өткен?
Жауабы: Қытай патшайымы Си Линши байқаған.
Ұлы жібек жолы қанша км жерді алып жатыр?
Жауабы: 12000км жерді алып жатыр.
Ұлы Жібек жолының әлсіреу себептері қандай?
Жауабы: Тайпалар арасындағы соғыстардың көбейуінен. Қытайлардың су жолын ашуы.
Ұлы Жібек жолы қай жерден бастау алынған?
Жауабы: Қытайдағы Хуанхэ өзенінен (Сары өзен )
6. Қорытынды бөлім.
7. Бағалау.
Топ басшылары бағалау парақтарын толтырып оқушыларға баға қояды.
"Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік" Орта топтағы шара.
Мақсаты. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Көрнекілік:
Жол ережесі туралы суреттер, сызылған жол, бағдаршам, жол белгілерінің макеттері.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтармен
Ойынымыз басталсын сәлемменен
Тәрбиеші.
Бүгінгі «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» атты ойын - сауығымызға автоинспектор келіп отыр. Сөз кезегін берейік.
- Сәлеметсіңдер ме, балаларІ
Мен сендерге жұмбақ жасырайын
«Үш көзі бар қаз - қатар
Кезек - кезек ашады
Үшеуінен байқасам
Үш түсті нұр шашады.»
Тәрбиеші
- БІЗДІҢ БАЛАЛАР көліктер туралы көп мағлұмат біледі.
Велосипед, самокат, машинасы бар балалар келеді.
- Ей, неге жолда иіріліп тұрсыңдар, қағып кетсек қайтсіңдер?
Автоинспектор:
- Әр түрлі көліктерің болғаны жақсы екен, бірақ жол ережесін сендер де білулерің керек. Кәне таныс болайық. Балалармен танысу.
Зуылбек.
- Менің атым, Зуылбек. Велосипедпен үнемі зуылдап жүремін. Ал мына белгілер көшеде қаптап тұр. Мен оларды қайтем, мен оларсыз - ақ зуылдатам.
Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек белгідегі велосипедті көреді.
- Әй, мынау қандай белгі, мынау менің велосипедім емес пе? Мен үшін жасалған белгі ме?
- Ия, сен үшін, бұл белгінің аты -«Велосипед жүрмейді»
- Жүрмейді, тапқан екенсіңдер, мен жүрмейтін жер жоқ, білдіңдер ме, мен үшін көше де саяжай да, арық, аула бәрі ашық. Сендерше айтқанда, қалай еді?... Зеленный свет
/Сақтандыру белгі ұстаған балаға келеді/
- Мұны да белгі дейді - ау, көшеге пәтердің жылу батареясы белгісі не үшін керек?
- Зуылбек - ау бұл да саған керек белгі. Айталық сен велосипедпен зуылдап келесің дейік, қарсы алдыңнан осы белгі кездесті, ендеше алдыңда темір жол бар деген сөз. Ұқтың ба?
- А.. аа Бұл белгінің де қажеті бола қоймас, салдырлап - гүлдірлеп поезд жеткенше өтіп үлгерем.
/ Адам сұлбасы салынған көк нұсқау белгісі жанына келеді/
- Ал, мына белгі не үшін керек?
- Қара, бұл адамдар өтеді.
- Велигім тұрғанда мұны қайтем? Автоинспектор басын шайқап.
Балалар, ж олда жүру ережесін, белгілерді Зуылбекті үйретейік. «Сақтансаң сақтаймын» деген сөз бар.
- Мынау қандай белгі?
Айналасы қызыл жолақпен көмкерілген, үшбұрыш.
- Ескерту белгісі Нүкеш
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағам
Аман - сау жүреді жаяу да көлік те
Мен берген белгіні Сақтағың, қолданғын
*****
Тиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелек
Қызылмен боялған, шеңберлі аумақты Сұлу
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты
Мен тұрған жерлерде қақың жоқ жүруге
Қауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
**
Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрыш
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын Мерей
Үн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Зуылбек:
- Балалар сендерге көп рахмет, мен зуылдайын. Сау болыңдар. Сау болыңыз, аға автоинспектор.
- Балалар сендер бұл белгілерді біліп жүріңдер. Ал, енді қауіпсіздік ережелерін есімізге сақтайық
1. Жолдан жаяу жүргіншілерге арналған жерден өт
2. Жолдан өтерде алдымен солға ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара
3. Жолдан бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт
4. Егер, жаяу жүргіншілрге арналған жол болмаса жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жолмен жүруге тиісті.
5. Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды.
6. Келе жатқан машина алдынан жолды кесіп жүгірме.
7. Машинадан түскенде артынан айналып өту керек.
- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші
- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр
- Бір көзім «жүгір» дейді,
- Бір көзім «абайла» дейді,
Карап ал маңайға дейді.
Бағдаршам:
Қызыл көзін ашқанда, Ч. Каусар
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда, Ақбота
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Айсұлу
Жүре бергін жасқанба.
Ал қазір «Жолдан дұрыс өт» ойынын ойнайық. Балалармен бірге жолдан өтеді.
Жарайсыңдар, балалар! Бәрің де жолдан дұрыс өттіңдер! Жолда үнемі осы жүргіншілерге арналған жол арқылы жүріп, жол ережесін есте ұстаңдар.
Ендеше біз ойынымызды әнмен аяқтайық.
«Көшеде сақ бол!»
Көшеде біз сақ болайық, Жібек
Қайғырмасын ата - ана.
Жолда сен бол лайықты,
Балалар атына.
Жолда жүру ережесін, Дарын
Білгенің бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап.
Рахмет, жарайсыңдар, балалар! Сендер үшін қуаныштымын. Көше тәртібін қарау үшін қызметіме кеттім. Сау болыңдар, балалар.Менің отаным- Қазақстан.
Балаларды елжандылыққа баулу, Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралардың мәні өте зор.
№1 «Таңшолпан» балабақшасының «Бөбек» тобымен өткізілген Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Менің отаным - Қазақстан» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі осы аталған іс-шаралардың бірі.
Жұмыс барысында бүлдіршіндердің Отанға деген патриоттық сезімін қалыптастыруда, дамытуда тәрбиешілер Мамытова Гүлімай мен Аяпова Жұлдыз апайлардың ерен еңбегі байқалып тұрады. Ізденіп, шығармашылық жұмыспен үздіксіз айналысып, білімдерін практикамен ұштастырып отырғаны білінеді. Екі тәрбиеші де өз істерінің шебері, еңбек сүйгіш жандар жандар.
Баланы дамытушы ортаны өз қолымен жасау мақсатында фетрден /мата/ жасалған Қазақ жерінің картасы, «Бәйтерек», «пирамида» сияқты Астананың әсемдігін бейнелейтін көріністерді өз қолдарымен жасап, Тәуелсіздіктің бізге әкелген жетістіктерін шығармашылықпен жеткізе білді. Фантазияның молдығы мен ізденгіштік, жаңашылдық көзге ұрып тұр.
Бүлдіршіндер де өздерін еркін ұстап, сөйлегенде, жүріс-тұрысында өздерін ұстауы да еркін әрекет ете алатыны байқалады.Мұның өзі ұстаз жемісі. Ел болып тойлап жатқан Тәуелсіздік мерекеіне мол тарту десек болады.
Әсем де, биік Бәйтерек.
№1 «Таңшолпан» балабақшасында Аманова Айнаш пен Умирзакова Бағиланың бастауымен «Айгөлек» инкльюзивті тобында шығармашылық саласынан, «Аппликация» оқу қызметі бойынша, «Әсем де, биік Бәйтерек» атты тақырыпта ашық ұйымдастырылған оқу қызметі болып өтті.
«Әсем де, биік Бәйтерек» атты ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өзіндік ерекшелігімен дараланған нағыз шығармашылық жұмыс деуге болады. Бұнда бәрі түсті қағаздармен балалар мен тәрбиешілердің атсалысуымен жасалған жұмысты көруге болады. Көздің жауын алатын табиғат көрінісі мен ұштасқан биік бәйтерек бейнесі топтық жұмыс түрінде орындалды.
Балалар өзара тіл табысып, бір-біріне көмектесе отырып, өз ойларын ортаға салып, еркін пікірлесе жұмыс жасады.
Бұның өзі тәрбиеші еңбегінің жанғаны, жемісі. Осы әдіс арқылы тұйық бала ашылып, сөздік қорын молайтуға зор әсер алады. Көңіл-күйі көтеріңкі болып, есте сақтау қабілеті де күшейе түседі. Сенімі молайады. Осындай түрлі әдіс-тәсілдер қолданып отыруды №1 «Таңшолпан» балабақшасының тәрбиешілері күнделікті әдетке айналдырған. Бұндай ізденістердің берері мол.
№1 «Таңшолпан» балабақшасы
№1 «Таңшолпан» балабақшасы
«Бөбек» тобындағы 21.09.2016 жылындағы
ата-ана жиналысының
№1 Хаттамасы
Достарыңызбен бөлісу: |