Сабақтың тақырыбы:Линза .Линзаның оптикалық параметрлері
Сабақтың мақсаты: оқушыларды линза мен оның түрлерімен таныстыру; линзалардың сипаттамаларын беру; линзада кескін алу жолдарымен таныстыру;
Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады.Линза (лат. Lens - чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық беттен шектелген) денені айтады.
Линзаның түрлері:1. Жинағыш линза 2. шашыратқыш линза
Дөңес шыны линзалар ауада параллель жарық шоқтарын бір нүктеде түйістіреді, сол себепті оларды жинағыш деп атайды.Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын шашыратады, сол себепті оларды шашыратқыш линзалар деп атайды. Жинағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің созындылары қиылысатын F нүктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линза да жалған болады
Линзаға байланысты формулалар:
- Жұқа линзаның формуласы
- Линзаның оптикалық күшін табу формуласы немесе
мынау формуламен табуға болады.
- Линзаның сызықтық ұлғаюының формуласы
H – Кескін биіктігі, h – нәрсе биіктігі
Cфералық бетіне қарай линзалар мынадай түрге бөлінеді: жазық дөңес, қос дөңес, қос ойыс,Ойыс, қос ойыс,жазық ойыс .
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары.
Линза дегеніміз не?
Линзада кескін алу үшін сәулелер қалай жүргізіледі?
Линзаның оптикалық күшінің формуласын анықта.
Жинағыш және шашыратқыш линзаның кескінін сал
Достарыңызбен бөлісу: |