Сабақтың тақырыбы Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі



бет1/3
Дата22.08.2017
өлшемі0,71 Mb.
#24682
түріСабақ
  1   2   3

Күні:

Сынып: 1

Сауат ашу

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны:0

Мұғалімі: Кулмуханова Г.М.

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Мәтіннің тақырыбын анықтайды.

Кейбірі: Автордың ойын болжап айтады..


Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.



Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Кофе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут


Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Шаттық шебері

Сабақтың ортасы

10 минут


Аяқталуы

16 минут


Қызықты тапсырма

8 минут



Оқушыларды балмұздақ таяқшасы арқылы 3 топқа бөліп,қайталау мақсатында буындар арқылы сөз құру.

1-топ: «Алдаркөсе»

2-топ: «Қожанасыр»

3-топ: «Тазша бала»

Сабақты «Үш торай» ертегісімен бастау.
Ағайынды үш торай болыпты. Олар – Наф – Наф, Ниф – Ниф және Нуф – Нуф. Наф – Наф кірпіштен, Ниф – Ниф қамыстан, Нуф – Нуф бұтақтан үй салып алады.
Бір күні қасқыр Ниф – Ниф пен Нуф – Нуфтың үйін үрлегенде ұшырып жібереді. Ал Наф – Нафтың үйін қанша үрлесе де ұшыра алмайды.


  • Қасқыр қалай үрледі? Оқушылар:

  • Ф – Ф – Фу! – деп барлығы үрлей бастайды.
    Үш торайдың атын бірнеше рет айтқызу.
    - Қандай дыбыс естіледі ?
    - «Ф» дыбысын хормен қайталату.
    - «Ф» дыбысы дауыссыз, көк текшемен белгілейміз.
    Телефонның суретін көрсету. Сөзге дыбыстық буындық талдау жасау.

Балалар, телефонның қандай түрлерін білесіңдер ?
Сергіту сәті:

  • Балалар «Ф» дыбысы да орыс тілінен енген дыбыс.
    Сондықтан орыс тілінен енген сөздерде кездеседі. «Ф» дыбысы бар қазақ сөз жоқ болса да Қазақ ұлттық би қимылдарында «Ф» әрпіне ұқсас қимылдарды кездестіреміз. Мысалы: «Ф» әрпі неге ұқсайды ?

  • Дәптермен жұмыс

  • Фф фа фо кофе кафе ферма

  • 5. Оқулықпен жұмыс.

№1 Оқылым.

№2 Мәтінді ары қарай жалғастырыңыздар.




Алдаркөсе,Қожанасыр –ұлттық кейіпкерлер. Аңыздарда олар ақылды,әділ,тапқыр,аңғал кейіпкерлер ретінде танылады.

«Шаттық шеңберіне» шақыру. (оқушыларға қазақтың ұлттық ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады)

Ұлттық ертегі кейіпкерлеріне байланысты қима суреттердің сыңарын табу арқылы жұпқа бөлінеді.

«Сен-маған, мен-саған » ойыны.



  1. Қолыңдағы кейіпкер туралы не білесің?

  2. Ол кейіпкер туралы қандай ертегі білесің?

  3. Осы кейіпкерге сипаттама бер.

Топпен жұмыс.

Ертегі сюжеті бойынша суреттер беріледі.

Суреттер бойынша ертегі құрастырады.

Тапсырма:


  • ертегі құрастыру.

  • жұмыстарын тақтада қорғайды

Жеке жұмыс. Сурет бойынша диалогқа қатысады.

Деңгейлік тапсырма: (оқушы өзі таңдап алады)

Қарапайым сөйлемдер құрастыру.

Кейіпкерді сипаттап айту.



Бір-бірін тыңдап, диалог құрастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет