Сабақтың тақырыбы Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі



Дата04.01.2022
өлшемі285,74 Kb.
#109324
түріСабақ
Байланысты:
Э дыбысы мен әрпі


Бөлім:6

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Педагогтің аты-жөні




Күні:

02.03.21ж.

Сынып: 1 «Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ұлттық ойын туралы не білемін? Э дыбысы мен әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру 1.1.2.1 мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: э әрпін таниды, ажыратады және оны дұрыс оқиды, жаңа білімді меңгереді.Каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады.

Көптеген оқушылар: жетекші сұрақтарға болжап жауаптарын айта алады. Сөздерді буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп тыңдап оқи алады.

Кейбір оқушылар: сөздердге дыбыстық талдау жасай отырып ,буын санын анықтай алады. Алған білімді өмірде қолдана алады.

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

- Оқушыларды сабаққа дайындау


- Сабаққа зейіндерін аудару
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу.

«Серпілме сұрақтар» «Допты қағып ал» әдісі бойынша сұрақтар қою.

1. Дыбыс нешеге бөлінеді?

2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?

3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

4. Сөйлем неден құралады?

5. Сөз неден құралады?

6. Дыбысты біз не істейміз?

7. Әріпті біз не істейміз?

8. Дауысты дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ...

9. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ...

10. Алдыңғы сабаққа қандай дыбыспен таныстық?

11. В дыбысы қандай дыбыс?

12. В дыбысы сөздің қай буындарында кездеседі?Оқушылар «Пазл» әдісімен сурет бөлшектерін таңдап, суреттерді құрастырады.

Оқу мақсатын жариялау үшін -Қолымыздағы бөліктерден қандай сурет құрастырып шығардыңдар, атаңдар?

Хормен э дыбысын айтқызып,тіл алды езулік жіңішке дауысты дыбысты белгілейтін әріп екенін таныстырамын. Қазақ тілінің төл сөздерінде кездеспейтінін орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдерге тән екенін айтып өтемін.

-Бұл сөздерде бізге әлі таныс емес дыбысты табыңдар.

– Олай болса, бүгінгі сабағымызда қандай дыбыспен танысамыз.



Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Берілген сұрақтарға өз жауаптарын айтады.

Пазл қүрастырғанда экскаватор, экран,э әрпін көреді. Экран, экскаватор сөздерінде алғашқы буында э дыбысы естіліп тұрғанын айтады.



Мадақтау

сөз» әдісі арқылы қалыптас

тырушы бағалау жүргізіледі






Жақсы,

Жарайсың


Өте жақсы

Пазл бөлшектеріне бөлінген эскалатор, экскаватор, электр желісі, экран суреттері





Сабақтың ортасы

25 мин

Сергіту сәті.

1 мин


(Ұ) 1 – тапсырма «Оқып көр» әдісі арқылы жүзеге асады.

Оқулықтың 107-бетіндегі сөздерді оқыңдар. Оқулықтағы жаңа сөздерді оқып, буындық талдау жасау.

Эк-ран эст-ра-да э-лектр экс-ка-ла-тор э-фир э-ле-ва-тор э-ки-паж Экс-ка-ва-тор

а) Сурет бойынша жұмыс.
Тақтадан электр шамы, элеватор, экскаватор, экспрес суреттерін көрсете отырып, жеке сөздердің мағынасымен таныстыру.Сөздерге дыбыстық талдау жасау
Электр – қуат күшінен алынатын жарық.
Элеватор - астықты қабылдап алуға, тазартуға, кептіруге, сақтауға арналған астық қоймасы.
Экспрес - ірі стансаларға қатынайтын жүрдек пойыз, кеме, автобус.
Экскаватор - кен өндірісінде, құрылыста, тас, топырақ, кен қазатын, тиейтін машина.
Эскалатор – Жылжымалы баспалдақ.
Техника қауіпсіздігі жөнінде айтып түсіндіру.
- Электр шамы бізге не үшін керек?
- Жарық береді.
- Оқу бізге не үшін керек?
- Білімді боламыз.
- Білімді болсақ, болашағымыз жарық болады.
- Дұрыс айтасыңдар!
Білімдінің күні жарық,
Білімсіздің күні қаріп - деген мақал тегін айтылмаған екен.

Оқулықтың 107-бетіндегі 2-тапсырмамен жұмыс жасаңдар.

- Берілген диалогтік мәтінді оқыңдар.

- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

Сергіту сәтінде

Аққу болып ұшамыз,

Көлге келіп қонамыз.

Көлдің бетін құшамыз,

Қайта самғап ұшамыз.

(Д) 3 - дәптермен жұмыс.



Э - әрпінің баспа, жазба және бас, кіші әріптерімен таныстыру.Тақтада үлгі көрсетіліп тұрады.
Кіші және бас әрпін ауада жазып көрсетемін, оқушылар қайталап жазып қол үйретеді.
Жазу дәптеріндегі э әрпінің бас және кіші әріптерін көркем етіп жазу.(Э э 34 бет)

Дескриптор

- Сөздерді буындап, тұтас оқиды.

Дыбыстық талдау жасау. (талдау алгоритмі)
1 Сөзді айтады--
2 Буын санын анықтайды
3 Әріп санын анықтайды
4 Дыбыс санын анықтайды
5 Неше дауысты дыбыс барын айтады,жіктейді дауысты дыбыс(жуан / жіңішке)
6 Неше дауыссыз дыбыс барын айтады, жіктейді дауыссыз дыбыс(қатаң/ұяң/үнді)

Дескриптор:

- Диалогтік мәтінді оқиды.

- Өздері білетін ұлттық ойындарды атайды.

Дескриптор: Тапсырмаларды орындайды, э әрпі бар сөздерді, сөйлемдерді талапқа сай жазады.


ҚБ: «Алмалар» әдісі.

Жасыл – Сөздерді буындап, тұтас оқи алса;

Сары- Сөздерді буындап, тұтас оқуда көмек қажет етсе;

Қызыл- Сөздерді буындап, тұтас оқи алмаса.

ҚБ: «Алмұрт

тар» әдісі



ЖасылДиалогтік мәтінді оқып, өздері білетін ұлттық ойындарды атай алса;

Сары- Диалогтік мәтінді оқып, өздері білетін ұлттық ойындарды атауда көмек қажет етсе;

Қызыл- Диалогтік мәтінді оқып, өздері білетін ұлттық ойындарды атауда қиналса.

Таныстыры

лым, оқулықпен жұмыс




Сабақ

тың соңы

4 мин



І. Сөздерді суретпен сәйкестендір

Кері байланыс «Кеме» әдісі арқылы алынады.



– Егер сабақ ұнаса және тапсырмаларды сәтті орындасаң, желкенді жасыл түске бояйсың.

- Егер сабақта белгілі қиындықты кездестірсең желкенді сары түске бояйсың.

- Егер сабақ барысында тапсырманы орындау қиын болса, мұғалімнің көмегі қажет болса желкенді қызыл түске боя.

Сөздерді суретпен сәйкестендіреді
Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін айтады сабаққа рефлексия жасайды







Жақсы,

Жарайсың


Өте жақсы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет