Сабақтың тақырыбы: Ұлттық спорт түрлері. Етіс категориясы Сабақтың мақсаты



Дата12.03.2018
өлшемі41,85 Kb.
#38487
түріСабақ
Бекітемін: ­­­_______________

Мектеп – лицейдің оқу ісі жөніндегі орынбасары

Ешмұратова Г.Ж


Пән: Қазақ тілі

Мектеп: Ә. Тәжібаев атындағы № 36 мектеп - лицейі

Күні: 11.03.2016 жыл

Мұғалім: Серікбаева А.С

Сынып: 7 «А»

Оқушылар саны: 14

Келмегендер:_____

Сабақтың тақырыбы:

Ұлттық спорт түрлері. Етіс категориясы




Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:

Оқушыларға  «Ұлттық спорт түрлері»  туралы мәлімет беру, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру

Ә) тәрбиелік:

Оқушылардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жинақылыққа, еңбекке, салауаттылыққа тәрбиелеу

Б) дамытушылық:

Оқушылардың қисынды ойлау және есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға, қазақ тілінде әңгімелесуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту


Күтілетін нәтиже:

  1. «Ұлттық спорт түрлері» жайлы толық мағлұмат алу

  2. Грамматикалық ұғымдарды дұрыс қолдана алу

  3. Талдау барысын тиісті әдіске сәйкес жүйелі және нақты орындау

  4. Етіс түрлерін ажырата алу

Сабақтың типі:

Жаңа білімді игерту

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

«бартер», «денотрафты граф», қатысым, суреттеу, әңгімелесу

Көрнекілігі:

Видеолар, суреттер, таратпалар, диск – оқулық, плакаттар, ұлттық спорт түрлерінің құралдары

Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі, дене шынықтыру пәндері




Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сыныпты түгендеу

3. Оқушыларды психологиялық дайындау

4. Топқа бөлу

5. Қызығушылықтарын оятып, назарларын сабаққа аудару

6. Ой шақыру



Топқа бөлу:



І Топ ІІ топ ІІІ топ
теңге алу



ханталапай

аударыспақ


Әр топтың басшысына бағалау парағы беріледі.

Алдыңғы тақырып:


Берілген қазақша сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аударып келу

Негізгі бөлім:

«Хабар» арнасынан тілшілер келеді. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханның арнайы тапсырмасымен.

Оқушылар назарына ой шақыру мақсатында «Ұлттық спорт түрлері» жайлы видео көрсетіледі.






1-тапсырма. Диалогтық оқыту

І топ – плакатқа диалогты ретімен құрастыру

ІІ топ – тыңдаған мәтінге сәйкес сұрақтар дайындау

ІІІ топ – диалогта кездесетін ойын түрлері жайлы жазу және түсінік беру






2 – тапсырма. Мәтінмен жұмыс

(фишбоун әдісі арқылы орындату)

І топ - пирамида әдісі арқылы постер қорғайды

ІІ топ – мәтінге морфологиялық талдау түрін жасайды

ІІІ топ – дыбыстық талдау жасайды


3-тапсырма.

Әр топқа ортақ дискіден тапсырма беріледі. Тапсырма етіс категориясын пысықтау әрі есте сақтау мақсатында орындалады




Сергіту сәті:

Қазақтың ұлттық биі «қара жорға» орындалады және қол күрес жасалады.




4-тапсырма.

«Денатрафты граф» әдісі арқылы тапсырмалар орындату. Яғни музыка қойылады және әр топқа музыкамен байланыс мақсатында үш түрлі тапсырма беріледі.

І топ – 1. Тақырып . 2.зат есім

ІІ топ – 1. Тақырып . 2.сын есім



ІІІ топ – 1. Тақырып . 2. етістік




5- тапсырма.


Сабақты бекіту:

  1. Қандай қазақтың спорт түрлерін білесіздер?

  2. Ұлттық спорт түрлері бізді неге тәрбиелейді?

  3. Етіс түрлерін еске түсіріп жіберсеңіздер

Үйге тапсырма беру:

179 – бет, 3- тапсырма. Берілген жаңылтпаштарды жаттау және морфологиялық талдау жасап келу

Бағалау:

  1. «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы топ оқушылары бірін – бірі бағалайды

  2. Бағалау парағы арқылы өзім жекелеген оқушыларды бағалаймын.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет