Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов "Қырдан келген жас қазақ"



Дата31.12.2019
өлшемі73,87 Kb.
#55080
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов "Қырдан келген жас қазақ"

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға Шоқан Уәлиханов туралы және әңгіменің авторы М. Дулатов туралы түсінік беру. Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөзімен айтуға дағдыландыру;

Дамытушылығы: оқушыларды оқу - білімге қызығушылығын арттыру, байланыстырып сөйлеу тілін, оқу техникасын, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелілігі: оқушыларды ақылды, білімді, өз елін, ұлтын сүйетін, адамгершілік қасиеті мол азамат етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ

Типі: жаңа білім беру

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, бес жолды өлең, топтастыру.

Көрнекілігі: Шоқан Уәлихановтың, Міржақып Дулатовтың суреттері, сөзжұмбақ, плакат, парақшалар, кесте, сызба, слайд.

Сабақтың жүрісі:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

II. а) Үй тапсырмасын сұрау.

Абай. "Адам болам десеңіз"

Өлеңді жатқа айту.

Сұрақтарға жауап алу

- Абай кім?

- Қай жылдары өмір сүрген?

- Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

ә) Сөзжұмбақ шешу.

1. Абай туралы жазған жазушы.

2. Ақын қыстауы.

3. Абайдың әкесі.

4. Абай дүниеге келген облыс.

5. Абайдың анасы.

6. Абайдың әжесі.

М Ұ Х Т А Р

Ж И Д Е Б А Й

Қ Ұ Н А Н Б А Й

С Е М Е Й

Ұ Л Ж А Н

З Е Р Е


б) Үй тапсырмасын қорытындылау.

Адам баласы білімді болу үшін не қажет?

Ғылымға, білімді болуға кедергі болатын нелер?

III. Жаңа тақырыпты таныстыру.

1. Кіріспе бөлім

- Бүгінгі әңгіменің авторы кім?

- Міржақып Дулатов

Лақап аты: Мир Якуб

Туылған жері: Сарықопа уезі, Торғай облысы

Туылған күні: 25 қараша 1885 жыл

Қайтыс болған күні: 5 қазан 1935 жыл (49 жас)

Ұлты: қазақ

Әкесі - Дулат

Көркемсөз шебері, ақын

"Бақытсыз Жамал"романы

Қоғам қайраткері

Ағартушы, жазушы

Шешесі - Дәмеш

2. Мұғалімнің Шоқан Уәлиханов туралы түсінік беруі.

3. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі;

4. Мазмұнын түсіндіруі;

5. Оқушыларға мәтінді іштей, тізбектей оқыту.

IV. Жоспар бойынша оқушылардан жауап алу.

1. Оқуға түскен Шоқан

2. Зерек Шоқан

3. Достоевский мен Дуров

4. Потаниннің пікірі

5. Елін сүйген Шоқан

V. Сергіту сәті.

VI. Шығармашылық тапсырма.

Күннің суретін салып, ортасына Шоқан деп жазып, әрбір сәулесіне қызыл түспен ерекшеленген сөздерді жазу.

Ақылды


Ақжүрек

Зерек


Суретші

Білімді


ұлтын сүюші

Проблемалық сұрақ.

- Күнге тағы қандай сәулелер қосар едің?

VII. Ой - толғаныс.

Бес жол өлең

Зерек, ұлтын сүюші

Оқыды, үйренді, пайда келтірді, қызмет жасады

Ойы, пікірі тез ашылды

VIII. Сабақты қорытындылау.

Парақшаларды оқушыларға таратып, мына тіркестер арқылы оқушылар жауабын тыңдап қорытындылау.

Кадет корпусында

Білімді адамдардың арасында

Суретін салып беретін

Қазақ халқы үшін қызмет жасау

Ғылымға ұмтылу, қазақ халқына пайда келтіру

IX. Түртіп алу стратегиясы

Білемін Білмеймін Білгім келеді

Шоқан Уәлиханов - ғалым, саяхатшы, тарихшы

Отбасы туралы

Шығармалары



X. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұнын айту, Шоқан Уәлиханов, Міржақып Дулатов туралы мәлімет жинап келу.

XI. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет