Сабақтың тақырыбы: Ақылды көмекші Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі90,18 Kb.
#6618
түріСабақ
Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының базалық мекемесі

№51 гимназия



Әдебиеттік оқу 2 «Е» класс

Мұғалім: Коныршиева К.Х.

Ақтөбе, 2012



Өткізген мұғалім: Коныршиева К.Х.

Класс 2 «Е»

Уақыты: 27.11.2012 сағ:______________

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ақылды көмекші

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларды «Ақылды көмекші» атты әңгіменің мазмұнымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ұғындыру, жеткізу. Компьютер туралы білімдерін толықтыру;

2. Танымдылық тапсырмалар беру арқылы өз ойларын толық жеткізуге, жүйелі сөйлеуге, ізденуге, жеке, топта жұмыс жасауға дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.

3.Компьютерді күнделікті өмірде пайдалана білуге баулу. Ұйымшылдыққа, достыққа, тазалықты сақтауға, мәдениеттілікке тәрбиелеу.



Сабақтыңәдісі: баяндау, топтық жұмыс, сұрақ – жауап,топтастыру, талдау, жинақтау;

Сабақтың типі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Көрнекілігі: слайдтар, тапсырмалар, жұмбақтар, компьютер суреті

Сабақтыңбарысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түстер бойынша топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Тест тапсырмалары жазылған парақ әр оқушыға таратылады. Сол бойынша оқушы дұрыс жауапты тауып белгілейді. /слайдтан сұрақтар қосымша көрсетіліп тұрады./

Оқушылар бір –бірін тексереді . /дұрыс жауап парағы таратылады, слайдтан көрсетіліп тұрады/

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау стратегиясы.

-Балалар талап туралы айтып жатырмыз. Талапты баланың дарынын, қабілетін , өнерін әрі қарай дамытуына не көмектеседі деп ойлайсыздар?

/ Білімі, еңбекқорлығы, ұстазы, ата-анасы , компьютер, қызығушылығы т.б. өз ойларын айтады/

Жақсы балалар жауаптардың барлығы да дұрыс. Сіздер айтқан компьютер де баланың талабының, яғни өнерінің дамуына өз үлесін қоса алады екен. Ал қазір мына жұмбақты шешу арқылы да біле аламыз, немесе толықтыра аламыз,



Жұмбақ

Өзі жазады, өзі сурет салады

Сенімен де ойнай алады,

Қане, шешуін кім табады? (Компьютер)

Балалар, ендеше біз бүгінгі сабағымызда қазіргі заманауи құрылғылардың бірі, компьютер жайлы әңгімелейміз.

Компьютер туралы не білеміз, қандай пайдасы бар, қалай қолданамыз? /өмірмен байланыстырып айтады/



ІҮ. Жаңа сабақ

Дәптерге күн ретін, сабақ тақырыбын жазады. Ақылды көмекші

Мәтінді толық мазмұндап айтып беремін.

Ү. Мәтінмен жұмыс:

Оқушылар іштей оқиды, тізбектей оқиды.

Таныс емес сөздер кездессе түртіп алады, белгілейді.

ҮІ. Сөздікпен жұмыс:

Касса-билет сататын арнайы орын

ЭЕМ- электронды есептеуіш машина

Сирена- дабыл, белгі

Компьютер- ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал

ҮІІ. Мәтін бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар жауап береді.

-Айгүл әкесімен әуежайға не үшін барды?

-әуежай радиосы жолаушыларға нені ескертті?

-Олар неліктен билет ала алмады?

-Айгүлдің сұрақтарына кім жауап берді?

-Айгүл Сирена туралы не білді?

-Тапқышбекке қандай уәде берді?

Сергіту сәті: Компьютермен жұмыс кезінде жасалатын жаттығулар

-Балалар біз компьютердің алдында ұзақ уақыт бойы отырғанна шаршап қаламыз. Сол кезде жасалатын жаттығулардың бірін қазір біз барлығымыз бірге жасап көрейік.

Орнымыздан тұрамыз. Аяқты иық көлемінде қоямыз.

1.Басымызды сағат тілінің бағытымен оңға 5 рет, солға 5 рет айналдырамыз.

2.Басымызды оңға, солға қисайтамыз.

3.Екі қолымызды иығымызға қойып, алға 5 рет, артқа 5 рет айналдырамыз.

4.Көзімізді сағат тілінің бағытымен оңға , солға айналдырамыз.

5. Қолымызды алға созамыз, ашып-жұмамыз, жай және тез-тез-тез.



Топтық жұмыс:

Жақсы балалар, әрі қарай сіздерге топтық тапсырма беремін.

І топ: Компьютердің пайдасы туралы жазады, қорғайды.

ІІ топ: Компьютердің зияны туралы жазады, қорғайды.

ІІІ топ: Ақылды көмекшіні рөлдік ойын бойынша сахналап береді. /автор, Айгүл, әкесі, Тапқышбек/

ІҮ топ: «Менің көмекшім» эссе, өз ойларын жазады.

Әр топ өз жұмысын қорғайды. Слайдпен салыстырып бекітеміз.

ҮІІІ. Қорытынды:

Балалар Тапқышбектің айтқаны орындалды ма?

-Иә , қазіргі кезде біздің барлық халыққа қызмет көрсету, тұтыну орындарының барлығы электронды қызмет көрсету түрімен жабдықталған. Яғни компьютердің барлық салада да бар екенін көріп жүрміз. Сол ойымызды мына сызба бойынша топтастырайық. Слайдтан көрсетіліп, орындалады.




Компьютер

Бағалау : Оқушылардың сабаққа қатысымына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқып , мазмұнын айту.

Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының базалық мекемесі

51 гимназия



Дүниетану 2 «Е» класс

Мұғалім: Коныршиева К.Х.

Ақтөбе, 2013

Пәні: Дүниетану Уақыты: 19.04. Класы: 2 «Е»

Сабақ тақырыбы: Егін шаруашылығы

Мақсаты:

А)Оқушыларға ауыл шаруашылығының бөлімдері туралы әңгімелеу,

мәдени өсімдіктерді ажырата білуді үйрету,

Ә) ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, дамыту;СӨС-ті ұстануға бағыттау

Б) еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, өсімдік текті азық-түліктерге ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, әңгімелеу, талдау, зерттеу, топтық жұмыс т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка

Көрнекілігі: слайдтар, қосымша мәліметтер, видео үзінді, тапсырмалар
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық

Орнымыздан тұрамыз

Оқу сырын ұғамыз

Әрбір жаңа сабақтан

Білімді боп шығамыз!

Оқушыларды топқа бөлу, өз топтарын сурет құрастыру арқылы анықтайды. Топ аттары бойынша не білетіндерін қағазға түсіреді


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Тест тапсырмасы бойынша алынады; балалар жұптық әдіспен бір-бірін тексереді, дұрыс жауаптар саны бойынша бағаланады.

ІІІ. Ой қозғау

-Балалар қазір қай мезгіл? –Көктем айларын ата? – Көктемде қандай жұмыстар жүргізіледі?

-Көктемгі егіс жұмыстары туралы әңгімелейді.

-Олай болса бүгінгі сабақта егін шаруашылығы туралы әңгімелейміз.



ІҮ жаңа сабақ

-Дәнді дақылдар дегеніміз не? –Қандай түрлерін білесіздер?



Оқулықпен жұмыс: Тақырыпты бөліктерге бөліп оқиды:

1-топ: бидай мен қарабидай

2-топ: Сұлы мен тары

ІІІ-топ: Күріш

ІҮ-топ: Жүгері

Ү-топ: Мақта



Мәтін бойынша жұмыс

Қандай өсімдіктерден ұн алынады?- Күріш өсіру үшін қандай жағдай керек?


Слайдтан қосымша мәліметтер беріледі, видео-үзінді көрсетіледі.

Сергіту минуты: Дақылдар әні

Топтық тапсырмалар:

-топ: бидай мен қарабидай «Нан-біздің байлығымыз» қысқаша әңгіме

2-топ: Сұлы мен тары Зерттеу жұмысын жасайды.

ІІІ-топ: Күріш Дидактикалық ойын «Өсімдік туралы айт» мақта, күріш

ІҮ-топ: Жүгері Адамға пайдасы, жарнама

Ү-топ: Мақта Картамен жұмыс


Әр топ өз тапсырмаларын жұмыстарын қорғайды
Бекіту сұрақтары:
-Бүгінгі сабақтан не туралы білдік?

-Дәнді дақылдарға не жатады екен?

-Пайдасы қандай?

-Мол өнім алу үшін не істеу керек?

-Еңбек ету керек
Оқушылар сабақ басында толтырған плакат беттердегі топтастыру жұмысын жалғастырып, аяқтайды.

Мұның аты Еңбек өлеңін хормен мәнерлеп оқиды.


Үйге тапсырма: « Егін шаруашылығы» мәтінді оқу, дәнді дақылдар туралы кітапша жасау
Бағалау:
Сабақ аяқталды! Сау болыңыздар!

Сабақ тақырыбы: Балалардың ойын алаңы макетін жасау.

Мақсаты: Балалардың ойын алағы туралы әңгімелеу арқылы мәлімет беру.

Сабақтың міндеті: Өткен сабақта алған білімдерін пайдаланы отырып, бүктеу, орау, қаттау тәсілдерін қолданып жұмыс жасауға дағдыландыру.

Оқушылардың ой-қиялын шығармашылығын дамыту, мәдени талғамын

қалыптастыру.

Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Балалар ойын алаңының суреттері, макеттер суреті, қайшы, қағаз түрлері.

Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылардың назарын сабаққа аударту.

Топқа бөлу оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Жаңа сабақ:

-Балалар біз қайда тұрамыз?

-Қаламыз қандай? –Қалада нелер бар?

-Ғимараттар, үйлер т.б. –Маңында нелер орналасқан?

-Ғимараттарды салумен кімдер айналысады?

Архитектор, архитектура туралы ойын алаңы, оның пайдасы туралы әңгіме.

Сарамандық жұмыс:

-Ал балалар олай болса біз бүгінгі сабақта осы ойын алаңының макетін жасаймыз.

Макет- архитектурада ғимараттар мен архитектуралық кешендердің кіші көлемде орындалуын атайды.

Слайдтан макеттер суреттері көрсетіледі.

І топ: балалар ойын алаңының суретін салады.

ІІ топ: Геометриялық фигураларды пайдалану арқылы түрлі макеттер жасайды.

ІІІ топ: Өсімдіктердің макеттерін жасайды.

ІҮ топ: Жалпы ойын алаңының макетін жасайды.

Сергіту минуты: Он саусақ

Қорытынды:

-Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. Жалпы ойын алаңының макеті құрастылады.

Бағалау: Оқушылардың жұмыстарын бағалау.



Үйге тапсырма: Өздеріне ұнайтын ойын алаңының макетін жасау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет