Сабақтың тақырыбы: „Дақылдар әні Сабақтың мақсаты



Дата11.01.2017
өлшемі88,29 Kb.
#6622
түріСабақ
№21 Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Ашық сабақ

Қазақ тілі



Бастауыш сынып мұғалімі: З. Аманова



Сабақтың тақырыбы: „Дақылдар әні”
Сабақтың мақсаты:

1. „Дақылдар әні” өленің мәнерлеп оқи отырып, түрлері мен қасиеттерімен танысу.

2. Жаңа сөздер енгізу арқылы сөздік қорларын дамыту. Байланыстырып сойлеу дағдыларын жетілдіру.

3. Еңбек ете білуге, еңбекті сүюге, еңбекті бағалап, құрметтей білуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: суреттер, мақалдар, тірек сызбалар, гербарий.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару.
1)

Әрбір адам туысым, досым, құрдасым,

Әрбір сабақ – үйрену, білу, ұлағат.

Әрбір ісім – тірлік, тірек адамдық,

Әрбір сөзім – шындық, бірлік, адалдық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Үй тапсырмасы „Ақылды көмекші”
1) Әңгімені оқу.

2) Сұрақтарға жауап алу.

3) Сөздікпен жұмыс.
– Сонымен бұл әңгіме неге „Ақылды көмекші” деп аталады? ЭЕМ – ны, компьютерді біз қай жерлерде қолданамыз?

Қорыту: Компьютер адамның уақытын, жұмыс күшін үнемдеуге көмектесетін көмекші.



ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Табиғат туралы әңгіме жүргізу.

Мақал.

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,



Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

Табиғат нешеге бөлінеді?

Тірі табиғатты ата.

Өсімдіктер тобын ата.

Жемістерді нешке бөлеміз?

Құрғақ жемістерді ата.

Бидай, жүгері, арпа, сұлы қайда өседі?

(Егіс даласында)


Осы дақылдар қандай тұқымнан өнеді? (Дәннен)
Ә) Біз бүгін Әдібай Табылдиевтың „Дақыл әні” атты өлеңімен танысамыз.

1) өлеңді мәнерлеп оқу ( оқи отырып масағын, суретін көрсету)

2. Түсінік беру.
Бидай – жер бетіндегі астық дақылы. Біздің елдегі бидайдың түсі алтын реңдес болады. Ал, Африкадағы, Австралиядағы, Эфиопиядағы бидайдың түрі – күлгін болады.
Тары – астық тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Күнді көп қажет етеді, климаты жылы аймақта өсіріледі. Ақтөбе, Қызылорда, Орал облыстарында өсіріледі. Қауызынан тазартылған, ақталған тарыны сөк деп атайды.
Сұлы – ауыл шаруашылығында бидайдан кейін үшінші орында. Қатқыл қауыздың ішінде уылжыған ұзынша дәні болады. Сұлы ұнынан шелпек, құймақ, тоқаш пісіреді, кисель және тәтті күлшелер жасайды.
Күріш – Отаны Үндістан, Үндіқытай, ал біздің елімізде Қызылорда, Қаратал өңірінде өсіріледі. Күріш суы мол, ылғалды жерлерде өсіріледі. Күріштін крахмал, қант, спирт алынады, ал сабағынан өте мықты қағаз, жоғары сапалы картон сумка, жазғы қалпақ та тоқылады.
Арпа – астық тұқымдасқа жататын дәнді дақыл. Арпаның 30 – ға жуық түрі бар. Арпаның тамыры шашақты, тамыры 1м тереңдікке дейін кетеді. Арпа бидайдан кейін екінші орында. Ол барлық облыста өседі.
б) Сөздікпен жұмыс.

Қауыз – дәннің сыртындағы қабығы.

Сөк – қабығынан тазартылған тары

Қарымы – өлшеуі, ақысы.


IV. Сергету сәті.

„Ермек – ай” әнімен өлеңнің бірінші шұмағын айту.



V. Сабақты бекіту.

1.
Егінші, диқаншы адамға

күріш бидай

жүгері


Егін



тағам
тары арпа сұлы


Малға



Өндіріске шикізат

азық



2)
Еңбек Байлық
Дән

Молшылық Тоқшылық


VI. Қорытынды.

Мақал

1)

Арпа, бидай ас екен,

Алтын, күміс тас екен.

2)

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

3)

Дәнді дақылдардың пайдасы


Нан, сусын
Малға азық, құстарға жем
Емдік қасиеттері бар
Қағаз, тамақ болады.
Ә) Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы:

„Дақылдар әні” оқу сұрағына жауап беру, сурет салып келу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет