Күні: 28.01.2017
|
Мұғалімнің аты-жөні: Т. Ауезов
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов. Қараш-қараш оқиғасы
|
Сынып:8 «А»
|
Жалпы оқушылар саны: 17 Қатысқаны:
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
|
Тақырып мәтінімен танысады, талдайды. Өзіне қажетті мәліметті алады.
Тыңдалым, айтылым, жазылым,оқылым дағдысы бойынша өзін қызықтыратын тақырыпқа эмоциясын көрсетіп, әсерлі мәтін (ой-толғау,эссе,шығарма) жазады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Берілген тақырып бойынша көзқарастарын басқалардың көзқарастарымен салыстыра алады;
Сұрақтарға жауап береді, мәтіндерін ауыстырып, бір-бірінің мәтіндерімен жұмыс жасайды;
Тыңдалым,оқылым,айтылым,жазылым дағдыларын жақсы түсінеді.
Оқушылардың біразы мынаны орындай алады:
Салыстыруларды диалог/монологта тиімді қолданып, келісетінін немесе келіспейтінін дәлелді түрде жеткізе алады;
Өз ойларын еркін жүйелі жеткізе біледі;
Сауаттыжаза біледі.
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Образды мәндегі сөздерді қолданады;
Тілдік амал тәсілдерді қолданады;
Достарының пікірін тыңдайды, бөліседі.
|
Алдыңғы оқу
|
Тақырыппен таныс
|
Ресурстар:
|
Стикерлер,оқулық,маркер,ноудбук
|
Пәнаралық байланыс:
|
Тарих, өзін-өзі тану,
|
|
Сабақтың жоспары:
|
Сабақ барысы жоспарланған уақыт:
|
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Сергіту сәті
Жаңа сабақ
Бағалау
Кері байланыс
|
Ұйымдастыру кезеңі:
|
Сәлемдесу,түгелдеу,оқушы көңіл-күйін бақылау.
Топтастыру . Мозайка арқылы. 1 Жарасбай, 2.Сәлменбай ауылдары
|
Үй тапсырмасын сұрау:
|
М. Әуезов өмір жолы мен шығармашылығы және «Қараш-қараш оқиғасы»
«Келісемін, келіспеймін»әдісі
Сәлмен тобының мүшелеріне төмендегі сұрақтар:
1.Үзінді оқиғасы қазақ тарихының қай кезеңін суреттейді
2.Шығарма кейіпкерлері кімдер?
3.Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
4.Бақтығұлдың Жарасбаймен жарасуы қандай істе басталды? Болыс оны өз мақсатына қалай пайдаланды?
5. Жарасбайдың сатқындық әрекеттері немен аяқталды? 6.Бақтығұл дұрыс істеді ме?
7.Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
8.Бақтығұлдың өмірінде қандай өзгерістер болды?
Қашқындық өмірдің қандай қауып-қатерлерін, қиыншылықтарын басынан өткізді?
9.Бақтығұлдың бойында кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
10.Сәлмен кім?
Жарасбай тобының мүшелеріне төмендегі сұрақтар:
Тектіғұлдың аянышты өліміне не себеп болды, оған кім кінәлі?
Бақтығұлдың өш алу жолындағы алғашқы әрекеті неге сәтсіз аяқталды?
Неліктен Бақтығұл Жарасбай болысқа барады.
Неліктен рухы күшті Бақтығұл барымташы малайға айналды?
Бақтығұлдың Сәлменді емес, Жарасбайды өлтіруінің себебі қандай? Бұл қылмыс болып санала ма?
«Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
|
Жаңа сабақ:
|
Бүгінгі жаңа сабақта жаңа тақырыпты өз бетімен орындау тапсырмаларын орындаймыз.
Қараш –қараш оқиғасын талдау тапсырмалары
Венн диаграммасы арқылы Бақтығұл мен Жарасбайды салыстыру
Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңіндегі кедей-жалшылар өмірі мен әңгімедегі малшылар өмірін салыстырыңдар.
«Балықтың қаңқасы» тәсілімен «Қараш-қараш оқиғасының» туу себептеріне талдау жасаңдар.
4. Шығарманың тақырыбы мен идеясын аңықтаңдар.
Бақтығұлдың портреттік сипаттамасын оқып беріңдер. Оған тән қасиеттерді пирамидаға топтап жазу арқылы көрсетіңіздер.
|
Сергіту сәті
|
Кароке ән айту «Жан досым»
|
Сабақты бекіту:
|
Қысқа жады . Топты екі қатарға тұрғызып, ортада бір оқушыға қарама-қарсы пікір айтады.1.Бақтығұл Жарасбайды өлтіргені дұрыс па? 2. Ол қылмыс болып санала ма? Сұрақ – жауап арқылы
|
Уйге тапсырма:
|
М. Әуезов шығармашылығы
Қараш-қараш оқиғасы
|
Шығармашылыққа ғылыми зерттеу жұмыстарына бағытталған тапсырмалар:
|
Қазақ даласындағы барымта қалай суреттеледі?
Ол туралы қосымша мәліметтер біліп келіңдер?
|
Бағалау:
|
Топ мүшелерінің білімін тыңдалым,оқылым, жазылым, айтылым және тілдік дағдылары бойынша бағалау.Әр топтағы оқушылардың әр қайсысына смайликтер беріп, бағалауларын сұраймын
|
Кері байланыс:
|
Бүгін мен білдім...
Қиындық тудырған мәселе...
Мына тапсырманы орындадым...
Енді мынаны істей аламын...
Мен таң қалдырдым...
|
|
Рефлексия
|