Сабақтың тақырыбы: М.Хакімжанова . «Бала Мәншүк»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімдік - Оқушылар қазақтың қаһарманы қызы, Кеңес Одағыны батыры Мәншүк Мәметованың балалық шағымен танысады, оның ерлігі туралы түсініктерін тереңдетеді.
2.Дамытушылық – Оқушылар өз ойларын анық жеткізуге, ой өрісін дамыта отырып, қорытынды шығаруға машықтанады.Тіл байлығын, шығармашылық қабілетін дамытады, сөздік қорын молайтады.
3. Тәрбиелік - Жас ұрпақ елін, жерін халқын қорғай білуге, азаматтық пен адамгершілікке, ержүректілікке тәрбиеленеді.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары: «Топтастыру», «ББҰ», «Бес жолды өлең»
Сабақтың көрнекілігі: Мәншүк Мәметова , Әлия Молдағұлова, Мариям Хакімжанованың суреттері, тірек сызбалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
- Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
а) «Шығыс шынары» мәтінін оқу.
ә) Батырлық, ерлік туралы мақал жинақтау, жаттау.
ІІІ. Өткен сабақты бекіту.
Өткен сабақты қазақтың қандай батыр қызымен таныстық?
Әлия Молдағұлова
Әңгіме неге «Шығыс шынары» деп аталған?
Әлия бала кезінде қандай болған?
Әлия өсірген гүлдердің атын ата.
Әлия сияқты батыр қыздар қазіргі кезде бар ма?
қайсар
«Әлия кім?» деген сұраққа топтастыру әдісі арқылы теңеу сөздер жазып көрейік.
белсенді
батыр
Әлия кім?
жауынгер
өжет
ержүрек
Ендеше Әлияға қатысты айтылған теңеу сөздерден өз тобымыздың атын таңдап алайық.
І топ: Батыр
ІІ топ: Ержүрек
ІІІ топ: Қайсар
ІV. Жаңа сабақ.
Ұлы Отан соғысы қашан басталып, қашан аяқталды?
Биыл Жеңіске неше жыл толады?
Әлия Молдағұловадан басқа Отан соғысында ерлік көрсеткен тағы қандай қазақ батырларын білесің?
Әлиямен аты қатар айтылып жүрген қазақтың батыр қызы кім?
ББҰ кестесі. Мәншүк туралы не білесіңдер?
Әр топқа кесте таратылып беріледі. Топ өздері жеке-жеке орындайды.
«Білемін» бөлігін топтастырады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз
|
|
|
ББҮ кестесі. «Білгім келеді» бөлімін топтастырады.
Мәншүк туралы не білгілерің келеді?
«Білгім келеді» бөлімін топтастырыңдар.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз
|
Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
|
|
«Білгім келеді» бөлімі бойынша әр топ негізгі 3 сұрақты сыныпқа жариялап айтады.
Автормен таныстыру.
М.Хакімжанова Қостанай облысы, Қостанай ауданв, Қобыланды ауылында дүниеге келген.Қазақтың ақыны.»Мәншүк поэмасы», «Ата мейірімі» өлеңдер жинағы бар.
4. Мәншүк туралы мағлұмат беру.
М.Мәметова 1922 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданында дүниеге келген.Мәншүктің шын есімі –Мәнсия. Анасы еркелетіпМоншақ деп атап кеткен. Мәншүктің әкесі Ахмет дәрігер болған. Ол кішкентай кезінен «дәрігер боламын» деп әкесіне еліктер өскен.Мәншүк соғысқа аттанғанда 19 жасқа толған талдырмаш, пысық, жігерлі қыз еді.Ол Невель қаласын азат ету майданында қаза табады.
5. Оқулықпен жұмыс.
Тапсырма:
Оқушыларға оқулықтағы мәтінді үшке бөліп, әр топ өзінің оқыған бөлігін түсініп оқып, бір-біріне сұрақ қояды.
Әр топ өзінің оқыған бөлігіне ат қояды.
6. Дәптермен жұмыс
Бөлік аттарын дәптерге жазу
І бөлім. «Ауылдан келген қазақ қызы»
ІІ бөлім. «Мәнсияның байсалдылығы»
ІІІ бөлім. «Мәнсияның жанама аты»
Мәтін бойынша әр топқа тапсырмалар беріледі.
І топқа: Әңгімедегі кейіпкерлерді ата
ІІ топқа: Тәрбиеші Мария Ивановнаға Мәнсияның ұнаған қылықтарын мәтіннен тауып оқыңдар.
ІІІ топқа: Бес жолды өлең құрастыру.
Зат есім. Кім? – Мәншүк
Сын есім.Қандай? - ержүрек, батыр.
Етістік Не істеді? Қайтті? –атысты, щайқасты, ерлік көрсетті.
Сөйлем. Мәншүк- қазақтың батыр қызы.
Синоним. Мәншүк-Мәнсия
Ү.Поэзия минуты
ҮІ.Қорытынды:
1. ББҮ кестесі «Үйрендім» бөлігін топтастыру.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Үйрендім
|
Мәншүк соғысқа қатысқан ержүрек батыр қыз
|
Мәншүк пен Әлия соғысты бір-бірімен кездесті ме?
Ол соғысқа аттанғанда неше жаста болды?
|
Мәншүктің шын есімі - Мәнсия.
Олар бір-бірімен кездеспеген.
Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 19 жасында майданға аттанған.
|
2. Ұлы Отан соғысында құрбан болған Әлия мен Мәншүк апамызды 1 минут үнсіздікпен еске алу.
3. Бекіту сұрақтары:
- Мәнсияның (Мәншүктің) әкесі оны қайда алып қайтты?
- Мәнсия әкесінің сұрағына не деп жауап қайтарды?
- Анасы оны кім деп еркелетті?
- Саған Мәншүктің қандай мінезі мен қылығы ұнады?
(сұрақтың астынан Ақтауға 50 жыл,Маңғыстауға 40 жыл деп жазылған сөз шығады)
- Балалар, биыл ақ маржан қаламыз Ақтаудың құрылғанына 50 жыл, мұнайлы өлкеміз Маңғыстаудың құрылғанына 40 жыл болады. Мұны есімізге сақтап жүрейік.
ҮІІ.Үйге тапсырма:
«Бала Мәншүк» мәтінін оқып келу.
Мәншүкке мінездеме беру.
Мәншүк Маметова туралы қосымша мәліметтер жинау.
ҮІІІ.Бағалау: Оқушы білімін бағалау парақшасы арқылы қою
Достарыңызбен бөлісу: |