Сабақтың тақырыбын ашу. Болжау
Оқушылар тақтада ілініп тұрған суреттерге қарап, оркестр, ұлттық аспап, күй сөздерінің мағынасын ашады. Содан кейін Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдап, жұпта күй мазмұнына болжау жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар бұл күйде көрініс тапқан картиналардың не туралы екенін айтуы мүмкін.
?
1
Е
С
Е
Т
Б
И
2
А
У
Ы
Л
Н
А
Й
3
М
Ұ
Р
Ы
Н
4
Ж
Ы
Л
Қ
Ы
Ш
Ы
5
Қ
А
Р
А
С
А
Й
6
А
Т
Ы
Р
А
У
7
Қ
А
З
И
8
Ж
А
Й
Ы
Қ
1.М.Мөңкеұлын жастайынан өзі баулап, ел тарихы туралы мол мағлұматтарды берген би.
2. Ең төменгі әкімшілік лауызым, ауыл старшыны.
3. Ақын туралы көп деректерді жеткізген жырау.
4. М.Мөңкеұлы бірінші рет қай ақынмен айтысқан?
5. Ер Орақтың ұлдарының бірі, толғауда жас кезінен жауға қарсы аттанып, асқан ерлігі айтылады.
6. М.Мөңкеұлының дүниеге келег облысы
7. Қарасайдың інісі
8. «Үш қиян» шығармасында қай жердің бойы майлы қиян деп жазылған.
Құрманғазы «Сарыарқа» күйі https://www.youtube.com/watch?v=juoeZmu1JCU
Тақта
Сабақтың ортасы
10 минут
5 минут
4 минут
«Сарыарқа толғауы»
Ел ішіндегі әңгімеге қарағанда «Сарыарқаның» жырлану тарихы былай айтылады: 1878-79 жылдың жұтында Мұрат жалғыз түйесін жетелеп, үй-ішін алып Маңғыстауға кетіп, нағашы жұртын паналайды. Мұраттың айтулы ақын екенін ел біледі. Адайдың қызба жігіттері: «Мұрат айтқыш дейді,сонысын байқап көрелік, өзіміздің Аралбаймен, Қашағанмен айтыстыралық. Мұрат өз ауылында жүргенде елін, жерін, Берішін мақтап дес бермейді дейді. Енді несін мақтайды, жұтаған елін мақтай ма? Қаңғып келіп біздің елден күн көріп жүр, енді айтыстырсақ, ол жеңіледі, дандайсуын қояды» деп ел арасына сөз жүгіртеді. Мұрат мұны естіп бір кезеңі келер деп іштей ширығып жүреді. Осыны сезген үлкендер: «Мұндай әңгімені қойыңдар, Адай-Беріш әрі ағайын, әрі мұңдас елміз. Мұрат әрі қонақ, әрі жиен. Нағашы мен жиеннің арасындағы айтыс насырға шауып, арты жақсылыққа апармауы мүмкін, тек жүріңдер» деп қойғызады.
Сөйтіп жүргенде Адай елінің үлкен жиыны болады. Айтушылардың әңгімесіне қарағанда, тоғыз болыс ел жиналады. Жиын басталарда үлкендер: «Алдымен ақындарды сөйлетейік» дейді. Сонда елдің Матжан деген атақты ақсақалы: «Оларың дұрыс болар. Алдымен сөзді әрі жиен, әрі қонақ Мұратқа берелік. Елін, жерін сағынып жүрген болар немесе біздің елдің жігіттерінің сөзі тиіп жүрген болар, өз ақындарымызды кейін көрерміз» дейді. Ел мұны мақұлдайды. Сонда іштен тынып ширығып жүрген Мұрат осы «Сарыарқасын» жырлайды. Мұраттан кейін ешкім сөйлемей жиын жалғасып кетеді. Бұл толғау осылайша туады. Сонда бұл дастан 1880 жылы жырланған екен. Х.Досмұхамедов осыны қуаттайды.
«Сарыарқа» жыры өткен заманды еске алып, сонау Асанқайғыдан бастап ата қонысты тастап, озбыр елдің басқыншылық әрекетінен ауа көшіп, жылы орындарынан қозғалғандығын ашына айтады.
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін де алды.
Артынан Еділден соң Нарынды алды,
Торғайдың ағаш, қамыс,
талын да алды…
Тәмамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың содан жұтап шалынғаны.
Қуалап Исатайды өлтірген соң,
Заманның содан бері тарылғаны.
Осы жолдардан Ресейдің жылжып-жылжып қазақтың ішкі қоныстарына енгендігі, соған қарсылық жасаған Исатай сияқты батырларды өлтіргендігі айқын да нақты көрінеді. «Ерлерге ерегіскен не қылмады», «Ерлігі Махамбеттің бір қазақтай оны да аңсыз жерде жазымдады» деген жолдарда ерлерді қыруды қарудың күшімен жалғастырғаны айтылады.
Ақын осы жырының былайғы тармақ-тарында қазақ елінің озбырлардан көрген қорлықтарын жалғастыра береді.
Өзінің елінен көшкендігінің салдары да сол қиянаттан және оған қосымша «Жұт қоянның» әсері екендігін жыр етеді. Елін сағынған ақын көкірегінен мынадай әсем поэтикалық жырлар төгіледі:
Біздің ел қайтушы еді Сағыз жайлап,
Тепсеңге суы шыққан бие байлап.
Қызыл шай, жез самаурын,
саздың суы
Сәскеде пісуші еді әзер қайнап.
Шынаяқ, алтын кесе, күміс қасық,
Қилаңдар құюшы еді көзі жайнап.
Елдің жайбарақат тұрмысын еселеп айта келіп, қысқа да болса бейбіт, тыныш тіршілікті орыс пен «қоянның» жұтатқанын «Тұяғын қалдырмады жалғыз тайдың», «Алланың құдіретіне шараң нешік, Құдайым жалғыз жылда қылды мұндай», «Алланың құлы болсаң бізге күлме, Тап болар тасқан елге мұндай ылаң» деп көрсетеді.
Бұл жолдардан Адай еліне Мұраттың көшіп баруының себебін баяндағаны көрінеді. Елдің ауыр тұрмысы, Жайық бойы мен Нарын құмының халсіз күйі көз алдымызға елестейді.
Жырдың терең мәнді бейнелеулерінде халықтың ауыр тұрмысы, өзге жұрттан келген зардап, елдің зары естіледі.
Батыр жырау Қазтуғанның ашына айтқанын Мұрат жырлап жеткізген. Қазтуған жырау XV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туған. Жайықтың батыс бетіндегі Нарын, Қабыршақты, Қарасу деген жерлерді қоныстанып, мекендеген. Ол осы қоныстан орыс қуғынынан, жаугершілігінен ауып, көшердегі сөзін Қазтуған тебірене жырлапты.
Еділді алса – елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса – жанды алар,
Жанды алмаған не қалар?
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы сонда не қалар?
Бұл жолдар көрегендіктен айтылған-дығын өмір көрсетті. Бірнеше ғасыр бойына «аузы түкті кәпір» табанға салып таптағаны рас қой. «Ойды алды» деген тіркес те кемеңгерлікпен айтылса керек, ойымызды алғаны емес пе, әлі күнге дейін ойымыз шовинизмге құл болып отырғаны.
Бұл жыр – «Зар заманның» бес ғасыр бойына созылғаны, зардап шеккен халық санасында қалғандығын бейнелеген жыр деп білеміз.
1-тапсырма. Ж/Т. «TED әңгімелері (talks)» Сабақтың тақырыбына қатысты 2 минуттық TED әңгімелерін (talks) жеке немесе топтарда дайындау тапсырылады:
1-топ: «Сарыарқаның географиялық жағдайы»
2-топ: «Сарыарқадан шыққан ұлы тұлғалар» 3
-топ: «Сарыарқа» өлеңінің шығу тарихы топтардан бір спикер сайланады. Оқушыларға 2 минуттық сөз дайындауға беретін тақырыптың өзектілігіне мән беріледі, себебі, тақырып оқушыларды креативті ойлауға, шығармашылыққа жетелесе сәтті болады
ҚБ «Мадақтау»
Шығарма мәтініндегі көнерген, түсінбеген сөздерді теріп, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен мағынасын тауып жазады.
Қыраж – алым-салық
Күдер – бел, төбе, өрлі жер
Орашолақ – еш нәрсеге ыңғайы жоқ, епсіз
толарсақ — асық жіліктің тобықпен түйіскен жеріндегі қисық сүйек
2-тапсырма. «Әр қалыпта жазу» әдісі Ақынның қайғысын сейілту үшін ақынға жеделхатжәне «Сарыарқа» толғауы бойынша өз ой-пікірлерін жазу.
Дескриптор - өлеңнің идеясына пікір білдіреді;
- өз ойын дәлелдейді;
- өмірмен байланыстырады;
- қорытынды ой айтады
Оқулық
Суреттер
Оқулық, дәптер
Дәптер
Сабақтың соңы
5 минут
Кері байланыс.
«3Қ» әдісі - Бүгінгі сабақта не құнды болды? - Бүгінгі сабақта не қиын болды? - Бүгінгі сабақта не қызықты болды?