Сабақтың ортасы
9 -19
20-32
33-35
|
Мағынаны тану
ЖЖ. «Кейіпкерді зерттеу»
Оқушыларға шығарманың «Кенжетай» және «Биге шықты дөңгелеп» бөлімдерінен үзінділер таратылады.
Оқушылар шағын топтарда шығарма кейіпкерлерін тану, тапсырмаларымен жұмыс жасайды (Имантай, Әлима, Овсянников, Әбікей, Николай Ермилович, Нұрым, Қаныш, т.б.).
1. Жазушының кейіпкерлерді суреттеуі, олардың портреттері;
2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз саптауы, ойлау ерекшелігі,
3. Кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздер мен суреттеулер;
4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, диалогы, қоршаған ортаға қарым-қатынасы;
5. Кейіпкер бойындағы ізгі қасиеттер тізбесін жасау.
2-тапсырма. Т/Ж. «FILA толтыру» әдісі
«Биге шықты дөңгелеп», «Қанат ұшқанда қатаяды» бөлімдерінен үзінділер таратылады.
Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша үзінділерді оқып, Қаныштың даралығын айқындайтын сұрақтарға жауап іздейді, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырып, бір-бірімен кері байланыс орнатып, «Қаныш» сөзжұмбағын құрастырады.
|