Сабақтың тақырыбы М. Шаханов «Достық өлкесінің заңы»



Дата04.07.2018
өлшемі19,68 Kb.
#46279
түріСабақ

Күні: 22.04.17

Сынып: 4а



Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 0



Сабақтың тақырыбы

М. Шаханов «Достық өлкесінің заңы»

Сабақтың мақсаты

Өлеңнің мазмұны,негізгі идеясын ашу,өлең мазмұнын қара сөзбен баяндай білуге машықтандыру.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сабақ соңында ой-толғау сұрақтарына жауап береді, «Балаға хат» эссе жазу

Құндылықтарды дарыту

өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу

АКТ

слайдтар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Үй тапсырмасын тексеру

10мин


  • Қолдарын ортаға созып, бір-біріне сәттілік тілеу.

Топқа бөлініп отыру:

«Бірлік»


«Татулық»

«Ынтымақтастық»

Спикер сайлау

1-тапсырма :

«Бірлік» тобы - бөліктердің аттарын атайды.

«Татулық» тобы - тірек сөздерді атайды.

«Ынтымақтастық» тобы - тірек сөздер арқылы мазмұнын қысқаша айтады.
2- тапсырма: «Көбелек» суретіне Бала Көбелектің қалай ұшқанын қанаттарына жазу.


  • Спикерлер бағалап отырады.

Топта айту

Сурет




Сабақтың ортасы

29 минут


Сергіту сәті – музыка ырғағымен



Топ аттары жазылған карточкадағы мақал-мәтелдерді оқу.

«Күш — бірлікте»

«Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
»

«Досы көпті жау алмас»

  • Не туралы мақал-мәтелдер?

  • Ендеше бүгінгі сабақтың мақсатымыз не болмақ?

-Біз бүгін Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы » өлеңімен танысамыз.
М. Шаханов – портреті.

Өмірбаянын оқу, семантикалық картаны толтыру.

Шығарма бойынша жұмыс:


  1. Дауыстап оқу

  2. Туыстық қатынасты білдіретін қандай сөздер бар?

Топтарға тапсырма:

1-топ : Оқиға картасын сызу

2-топ: Кесте толтыру

3-топ: Кейіпкерлерге сипаттама беру


  • Ортаға шығып , есеп беру.

Ой-толғау:

  • Бұл өлеңді оқып, талдаған кезде сенде қандай ойлар туды? Жұпта өз ойыңмен бөліс.

  • Әжесі неліктен қатты ашуланды? ( өтірік айтқаны үшін)

  • Атасы баланың ісіне қандай баға берді?

Топтық жұмыс:

Екі баланың біреуіне хат жазу.

«Қонақ балаға хат» немесе

«Балаға хат»

Үйге: мәнерлеп оқу, ұнаған үзіндіні жаттап келу.


Парақшалар

Слайд
Семантикалық карта

Оқулық

Флипчарт

Слайд



Сабақтың соңы

3 минут



Рефлексия

  • Сабақта қандай тапсырмалар орындадық?

  • Топта жұмыс істеген ұнады ма?

  • Спикерлер бағалау парағын толтырады.


«Мен кереметпін, мен бүгін сабақта жақсы жұмыс істедім, менің топтағы достарым керемет», - деп, бір-біріңе рахмет айтыңдар.

Бағалау
Спикерлер бағалау парағын толтырады




Бағалау парағы




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет