Күні: 22.04.17
Сынып: 4а
|
Қатысқандар саны: 16
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың тақырыбы
|
М. Шаханов «Достық өлкесінің заңы»
|
Сабақтың мақсаты
|
Өлеңнің мазмұны,негізгі идеясын ашу,өлең мазмұнын қара сөзбен баяндай білуге машықтандыру.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру
|
Күтілетін нәтиже
|
Оқушылар сабақ соңында ой-толғау сұрақтарына жауап береді, «Балаға хат» эссе жазу
|
Құндылықтарды дарыту
|
өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу
|
АКТ
|
слайдтар
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 минут
Үй тапсырмасын тексеру
10мин
|
Қолдарын ортаға созып, бір-біріне сәттілік тілеу.
Топқа бөлініп отыру:
«Бірлік»
«Татулық»
«Ынтымақтастық»
Спикер сайлау
1-тапсырма :
«Бірлік» тобы - бөліктердің аттарын атайды.
«Татулық» тобы - тірек сөздерді атайды.
«Ынтымақтастық» тобы - тірек сөздер арқылы мазмұнын қысқаша айтады.
2- тапсырма: «Көбелек» суретіне Бала Көбелектің қалай ұшқанын қанаттарына жазу.
Спикерлер бағалап отырады.
|
Топта айту
Сурет
|
Сабақтың ортасы
29 минут
Сергіту сәті – музыка ырғағымен
|
Топ аттары жазылған карточкадағы мақал-мәтелдерді оқу.
«Күш — бірлікте»
«Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?»
«Досы көпті жау алмас»
Не туралы мақал-мәтелдер?
Ендеше бүгінгі сабақтың мақсатымыз не болмақ?
-Біз бүгін Мұхтар Шахановтың «Достық өлкесінің заңы » өлеңімен танысамыз.
М. Шаханов – портреті.
Өмірбаянын оқу, семантикалық картаны толтыру.
Шығарма бойынша жұмыс:
Дауыстап оқу
Туыстық қатынасты білдіретін қандай сөздер бар?
Топтарға тапсырма:
1-топ : Оқиға картасын сызу
2-топ: Кесте толтыру
3-топ: Кейіпкерлерге сипаттама беру
Ортаға шығып , есеп беру.
Ой-толғау:
Бұл өлеңді оқып, талдаған кезде сенде қандай ойлар туды? Жұпта өз ойыңмен бөліс.
Әжесі неліктен қатты ашуланды? ( өтірік айтқаны үшін)
Атасы баланың ісіне қандай баға берді?
Топтық жұмыс:
Екі баланың біреуіне хат жазу.
«Қонақ балаға хат» немесе
«Балаға хат»
Үйге: мәнерлеп оқу, ұнаған үзіндіні жаттап келу.
|
Парақшалар
Слайд
Семантикалық карта
Оқулық
Флипчарт
Слайд
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Рефлексия
Сабақта қандай тапсырмалар орындадық?
Топта жұмыс істеген ұнады ма?
Спикерлер бағалау парағын толтырады.
«Мен кереметпін, мен бүгін сабақта жақсы жұмыс істедім, менің топтағы достарым керемет», - деп, бір-біріңе рахмет айтыңдар.
Бағалау
Спикерлер бағалау парағын толтырады
|
Бағалау парағы
|