Сабақтың тақырыбы: мағжан жұмабаев «мен жастарға сенемін» Мақсаты



Дата31.12.2019
өлшемі35,47 Kb.
#55114
түріСабақ
Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы : 5 «в» - 22.02.2016ж.



Сабақтың тақырыбы:

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН»

Мақсаты:

Балаларды Мағжан  Жұмабаевтың өмірімен, шығармашылығымен, жаңа сөздермен таныстыру, өлеңнің мазмұнын, мағынасын ұғындыру. Өлеңді мәнерлеп оқып, өлеңге тоқталу.Адамгершілік ізгі қасиеттерге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижесі

Өлеңді тыңдау, оқу, өлеңнің мазмұн-мағынасы туралы сөйлеу арқылы оқушылардың әдеби тілін дамыту, өлең құрлысының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлап, салыстыруға баулу.

Дереккөздер :

Оқулық, стикерлер, маркерлер, суреттер

Әдіс- тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелеу , сұрақ- жауап, сыни ойлау, топтық жұмыстар,

Іс- әрекеттер кезеңі

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.




Оқушылармен амандасу. Сынып оқушылары түгендеу.

Оқушылар мұғалімнің нұсқауымен іс-әрекеттерді қайталайды.


Қызығушылығын ояту


Бақылау


Оқушылардың үйде дайындаған жұмыстарын жұпқа бөлініп, бір-бірін бағалайды. ( сұрақтарға жауап беру арқылы өткенді қайталау).

Смайликтер арқылы бір- бірін бағалайды


Үй жұмысын тексеру.

Тексеру. Пысықтау.

Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы пысықтау. М. Дулатовтың өлеңін жаттау.

М.Дулатовтың өлеңін жаттау.

Топпен жұмыс




Оқушы: Сабақты бастаймыз. Асыл сөзді іздесең, Әдебиетті оқы ерінбе, Адамдықты көздесең. Балалар, біз алдын-ала үш топқа бөліндік. 1 топ – Зерттеушілер 2 топ – Тарихшылар 3 топ – Әдебиетшілер

Топпен жұмыс.

Негізгі бөлім

Ресурстар: суреттер, плакат, оқулық, маркерлер.




М.Жұмабаев тың өмірбаяны туралы мәлімет беру.


М. Жұмабаевтың өмірбаянымен шығармаларымен танысамыз. Балалар, әр топқа тапсырмалар беріледі. 1-топ Мағжан Жұмабаевтың өмірі туралы, 2-топ М. Жұмабаевтың ақындық ортасы туралы, 3-топ ақынның шығармалары туралы әңгімелеп береді. (10 мин ) Ал енді 1-топқа сөз береміз, сендердің мақсаттарың мұқият тыңдау. Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпыты пысықтау.

«Мен жастарға сенемін шығармасымен таныстыру. Балалар, жастар сөзін естігенде қандай ассоциациялар туады? (әр топ кластер құрады.


М.Жұмабаевтың шығармаларымен таныстыру.

Бекіту

Сұрақ-жауап.

Бүгінгі сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау.

Сұрақ- жауап .

Рефлексия




Сабақта сендерге не ұнады?



Өз ойларын айтады

Бағалау

Бағалау парағы

Бағалау парақтар арқылы оқушыларды бағалау

Бағалау парақтар арқылы топтық жұмыстарын бағалайды

Үйге тапсырма



М.Жұмабаевтың өлеңін жаттау.

М.Жұмабаевтың өлеңін жаттау.


Пәні: қазақ әдебиеті

Сыныбы : 5 «в» - 07.03.2016ж.



Сабақтың тақырыбы:

Мазмұндаманы талдау. Деңгейлік тапсырмалар.

Мақсаты:

Мазмұндаманы талау. Қосымша дкңгейлік тапсырмалар жұмыс жасау арқылы өткенді қайталау.

Күтілетін нәтижесі

Өткенді қайталау арқылы оқушылардың әдеби тілін дамыту, өлең құрлысының түрлерін ажырата білуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлап, салыстыруға баулу.

Дереккөздер :

Оқулық, стикерлер, маркерлер, суреттер

Әдіс- тәсілдер

Түсіндіру, әңгімелеу , сұрақ- жауап, сыни ойлау, топтық жұмыстар,

Іс- әрекеттер кезеңі

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.




Оқушылармен амандасу. Сынып оқушылары түгендеу.

Мазмұндаманы талдау.



Оқушылар мұғалімнің нұсқауымен іс-әрекеттерді қайталайды.


Қызығушылығын ояту





Оқушылардың үйде дайындаған жұмыстарын жұпқа бөлініп, бір-бірін бағалайды. ( сұрақтарға жауап беру арқылы өткенді қайталау).

Смайликтер арқылы бір- бірін бағалайды


Үй жұмысын тексеру.

Тексеру. Пысықтау.

Үй жұмысын тексеру. Сұрақ-жауап арқылы пысықт

Өткенді қайталау.

Бақылау

жұмыс


Деңгейлік тапсырмалар


1-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

2-тап. Мақал –мәтелдерді қайталау.,

Тапсырмалармен жұмыс.

Бекіту

Сұрақ-жауап.

Бүгінгі сабақта алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау.

Сұрақ- жауап .

Рефлексия




Сабақта сендерге не ұнады?



Өз ойларын айтады

Бағалау

Бағалау парағы

Бағалау парақтар арқылы оқушыларды бағалау

Бағалау парақтар арқылы топтық жұмыстарын бағалайды

Үйге тапсырма



Өткенді қайталау

Өткенді қайталау.


1 топ. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында туды. Ол 4 жасында ауыл мұғалімінен хат таниды.

1905 жылы Петропавл қаласына медресене оқуға түседі.

1910 жылы Уфадағы Ғалия медресесінен дәріс алады.

1926 жылы Мәскеудің әдеби-көркем институтын бітірді.

1938 жылы Мағжан Жұмабаев қайтыс болады.

2 топ. Мағжан Жұмабаевтың ақындық ортасы.

Мағжан Жұмабаев – қазақтың аса көрнекті ақыны.

Ол медреседе Бейімбет Майлинмен танысады.

Семинарияда болашақ ақын Сәкен Сейфуллинмен танысады.

1912 жылдары ол Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтан дәріс алады. Мағжан Жұмабаев башқұрт халқының аса үлкен жазушысы Сайфий Құдашпен бірге жұмыс істейді.

3 топ. Мағжан Жұмабаевтың шығармалары.

Мағжан Жұмабаев өлең, поэма,қара сөз, мақалалар жазды.

1912 жылы «Шолпан» атты жинақ шықты.

Оның өлеңі «Бәрінен де сұлу» өлеңі халық арасына кең тараған.

Оның «Батыр Баян», «Ертегі», «Қорқыт», поэмалары бар.

Ақын балаларға арналған «Бесік жыры», «Туған жер», «Бала мен құс» өлеңдері бар

Көп рақмет, балалар, үш топ та өте жақсы дайындалған. Балалар, Мұхтар Әуезовтің

 Мағжан Жұмабаев туралы осындай тамаша сөзі бар:

«Бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекте бой ұрып артқы күнге анық қалатын сөз – Мағжанның сөзі»

«Ғалымның хаты өлмейді

Батырдың аты өлмейді» - дейді халық. Мағжанның жастарға, келешекте қалдырған рухани байлығы қайнар көзі – асыл мұра. Сөз маржанның шебері өмірден ерте кетсе де артынан өшпес із қалдырған. Ақын қайда болса да, өлеңмен өмір сүрді, тамаша туындылары өмірге келді. Сондай өлеңдердің бірімен біз бүгін танысамыз. Сендердің мақсаттарың алфавиттік рет бойынша буындарды жинау.

Тар – Б, мін – Д, мен – А, ға – В, жас – Ә, не – Ғ, се – Г.

Сонымен, балалар, қандай өлең шықты?

Дұрыс, «Мен жастарға сенемін»

Балалар, осы сөйлемде қандай зат есім бар?

Дұрыс, жастар.

Балалар, жастар сөзін естігенде қандай ассоциациялар туады?

Бұл жұмысқа 1 минут беремін. (әр топқа өз  ассоциациялар қағазға жазады және тақтаға іледі) сұлу  махаббат  жастар   өлең   көктем    той-думан       



Балалар,   жастар туралы қандай өлең білесіңдер? Қорытынды: -Балалар, біз бүгін кіммен таныстық?

-Оның қандай шығармасы бар?

- дұрыс, келесі жұмысымыздың түрі сұрақтарға жауап беру.

Әр топқа 2 сұрақтан беріледі, сендер 2 минут ішінде сұрақтарға жауап берулерің керек.

1.    «Мен жастарға сенемін» авторы кім?

2.    Ақын жастарды неге теңеген?

1.    Ақын неліктен жастарға сенеді?

2.    Ол неше жасында мектепке барады?

Сонымен сабағымыздың басында



«жастар» сөзіне ассоциация жаздыңдар, ал енді, балалар, өлеңмен таныстық, жастар қандай болу керек екенін әр топ 2 минут ойлап, осы сұраққа жауап береді.

Айбатты     күшті      білімді  

                  ЖАСТАР

Жалынды     алғыр     Отанды сүю

Алдағы өмірде өздеріңді қалай көресіңдер?жауап беру

Ал, балалар

Қазіргі жастарға біз де сенеміз.

Олар қандай болуы керек?



Олар: білімді, қайратты, адамгершілігі мол, патриотты, сегіз қырлы, мейірімді, дарынды,  өз Отанын қорғай алатын, намысты жастар. Біз жастарға сенеміз, сенеміз! Жастар - біздің болашақ.

Бағалау (бағалаларды әділ қою)

Сабағымыз аяқталды.
Каталог: uploads -> doc -> 11e3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11e3 -> Сабақтың атауы Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет