Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев.



бет1/3
Дата23.08.2017
өлшемі3,22 Mb.
#25562
түріСабақ
  1   2   3
Сабақ жоспары

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 7 – сынып

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев. « Сүйемін »

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, «Сүйемін» өлеңін

мәнерлетіп оқытып, мазмұнына үңілдіру, өлеңді талдау.


.Дамытушылық: Әр оқушының ой- қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу,

шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін

қозғалысқа түсіру, ойлау дағдыларын дамыту. Оқушының дүниетанымын,

сөздік қорын, мәнерлеп оқи білуін дамыту.



Тәрбиелік: Өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрмететй білуге

тәрбиелеу. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің мазмұны арқылы оқушыларды

өз туған жерінің қорғаны бола білуге, өз ана тілін құрметтеуге, жігерлікке,

қайсарлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың әдіс-тәсілдері:Түсіндірмелі, мәнерлеп оқу, жатқа оқу, талдау, кітап-дәптермен

жұмыс, топтастыру.



Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі:Ақынның портреті, суреттер, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география

Қолданылған әдебиеттер:

  • Әдебиет. Р.Құттығожина, Қ.Бітібаев, Е.Арын Алматы «Атамұра» 2012жыл

  • Мұғалімге әдістемелік құрал

  • Оқушы анықтамасы 5-11сыныптар.Арман-ПВ баспасы 2004жыл

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып оқушыларын түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.

  2. Өтілген материалдарды еске түсіру. Үйге І.Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып келуге және «Ағынды менің Ақсуым» өлеңін жаттауға берілген болатын. Мағжан Жұмабаев жайлы біліп келуге берілген.

Үй тапсырмасын сұраймын.

  1. Жаңа сабақ.

А) Тақтадағы жасырын суретті ашу үшін, оқушылар үлестірмелі парақтардағы сұрақтарға жауап беру керек.


І.Жансүгі

ровтің еңбектерін ата»



І.Жансүгі

ровтің білім алуы жайлы не білесіңдер?



І.Жансүгі

ровтің туған жылы мен туған жері



І.Жансүгі

ровтің өлеңдерін ата!


Зерттеп келеген оқушылар Мағжан Жұмабаев жайлы айтады. Сосын мұғалім толықтырады.

М. Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданында әулетті отбасында дүниеге келген. Әкесі Бекен болыс болған кісі. Мағжан өзінің зеректігі арқасында 4 жасында әкесінің мектебінде оқып, қазақтың өлең, жыр, дастандарын, ертегілерін түгелге дерлік жаттап алады.

Білімге құштар ол Уфадағы Ғалия медресесінде оқиды. Қаршадайынан орысша оқып, орыс әдебиетінің озық үлгілерімен танысады. Араб, парсы, орыс, түрік тілдерін жақсы меңгереді. Абай поэзиясын мектеп етеді.

С. Мұқанов: Ақындық жағынан келгенде Мағжан, әрине, қазақтың талантты ақындарының бірі. Қазақ тілін байытуда, әдебиетіне жаңа түрлер енгізуде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ.

Ж. Аймауытов: « Мағжан – алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетіндей» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында жоқ. Мағжан не жазса да, сырлы, көркем, сәндә жазады. Қай өлеңді алсақ та, ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жан дүниесінің күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Ақын өлеңін оқысаң, еріксіз бір сезім туғызадыв. Әлде мұңайтады, әлде өкіндіреді, әлде қуантады, әлде жігер береді» деген.



Өлеңдері: «Көкшетау», «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Түркістан» т.б.

Поэмалары: "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", «Жүсіп хан», «Тоқсанның тобы», «Ертек өтірік»

Әңгімесі: «Шолпанның күнәсі»

Мақаласы: «Бала тәрбиелеу жолдары»

Педагогикалық еңбектері: "Педагогика"кітабы, "Сауатты бол" оқулығы

1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді. (анимациялық слайдтар арқылы көрсету)

Ә) Топтастыру

Б) Электронды оқулықтан Мағжан Жұмбаев жайлы тыңдату.

В) Өлеңін мәнерлеп оқу. 5-6 оқушыға мәнерлеп оқыту

Әр оқушы бір шумағын оқып түсіндіріп кетеді.

Г) (Анасының, жарының, туған жерін (Сарыарқаны) слайд арқылы көрсету)

Ғ) Сөздік жұмысы



Тасбиық

Діни адамдардың сиыну үшін қолданылатын тізбектері

Алаш

Ежелгі қазақ тайпаларының ең алғаш қауым боп біріккен одағы «Қазақ» сөзінің бұрынғы атауы

Кебін

Өмірден өткен адамды орайтын ақ матадан тігілген киім

Жұмақ

О дүниедегі жайлы жер

Д) Өлең құрылысына талдау

Күлдей күңгірт // шашы бар,

Тоқсан бесте // жасы бар,

Көз дегенің – //сұп-сұр көр.

Тасбиық санап // бүгіліп,

Жерге қарап // үңіліп,

Көрше ауыр // күрсінер.

7 -8 буынды,2 бунақты, 2 тармақты, ерікті ұйқас

  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет