«Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп гимназия» КММ «Алмалыбақ ауылындағы орта мектеп гимназия» КММ Бөлім: «Тарихи шындық пен көркемдік шешім» - Сабақтың тақырыбы: «Махамбеттің Баймағамбетке
айтқаны» шығармасының стилі - Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Есеналиева Гульсим Серикжановна
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (Т1)
9-СЫНЫП
Оқу мақсаты: - Оқу мақсаты:
- 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;
- Сабақтың мақсаты: шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беруді үйренеді.
Бағалау критерийі: Бағалау критерийі: - шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдайды;
- автор стиліне баға береді. «Апгрейд»технологИЯСЫ «Тайм раунд робин» әдісі. 1 минут ішінде төмендегі сұрақтар бойынша пікір алмасыңдар. - Поэманың стилі қандай?
- Ақын поэмада не айтқысы келді?
- Теңеу - заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы көрсететін көркемдік ұғым. Олар –дай, -дей, -тай, -тей,- дайын,-дейін, -ша, -ше жұрнақтары мен секілді, сияқты, тәрізді, бейне, тең, ұқсас сөздерінің көмегімен жасалады.
- Метафора- троптың бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Ол 4 түрлі жолмен жасалады.
А) Ауыспалы мағынада келеді. Мысалы: Мен бір балта едім. Ә)- мын, - мін, - пын, - пін, - бын, - бін жіктік жалғаулары арқылы жасалады. Мысалы: Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?! Б) Тәуелдікжалғауы арқылы жасалады. Мысалы: Келші, көзім, күн бетіңді көрейін. В) Интонация арқылы жасалады. 1-тапсырма
Дескриптор:
-сызбаны толтырады.
№2-тапсырма: - №2-тапсырма:
- Үзіндіні оқып, көркемдік тіліне талдау жүргізіңіз.
Дескриптор: - көркемдегіш құралдарды анықтайды;
- идеяны ашудағы орнын талдайды;
- автор стиліне пікір білдіреді.
Өлеңнен мысал
|
Көркемдік сипаты
|
Идеяны ашудағы орны
|
Біз бір енеден бір едік,
Бір енеден екі едік,
Екеуіміз жүргенде,
Бір - бірімізге ес едік.
Бір енеден үш едік,
Үшеуіміз жүргенде,
Толып жатқан күш едік.
| | |
Мен ақ сұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам тағы кетермін, Кетпей де нешік етермін?
| | | Сойымын-метафора; -мын жалғауы арқылы жасалған - Сойымын-метафора; -мын жалғауы арқылы жасалған
- Қойдай, қудай- теңеу; -дай жұрнағы арқылы жасалған.
- Кетпей нешік етермін?!- риторикалық сұрақ.
№3-тапсырма: Автор стиліне баға беріңдер - №3-тапсырма: Автор стиліне баға беріңдер
- F/ Дерек/ – шығармадан автор бейнесін ашатын мысалдар табу;
- I /Пікір/– автор туралы өзінің ой-пікірі;
- L /Сұрақ/–автордың бейнелік тұлғасын ашатын сұрақтар;
- A /Іс-әрекет/– автордың өз көзқарасы мен ішкі сезім-күйін суреттеудегі қолданған тәсілі .
Дескриптор: - Автор бейнесін анықтайды;
- Өзіндік пікір білдіреді;
- автор стиліне баға береді.
- «Бетпе - бет конференциясы» әдісі арқылы кері байланыс
- Сабақтың ұнаған тұсы...
- Мен үшін.... пайдалы болды.
Үй тапсырмасы - Мен автор болсам шығарманы былай жазар едім....
Достарыңызбен бөлісу: |