Торғын - Қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Саудагер- алған затын қымбат бағаға сатып, күн көруші, кәсіп етуші адам.
Айтылым. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
«Ұлы Жібек жолы» туралы не білесің?
Бұл жол арқылы қандай сауда-саттық жасалған?
«Ұлы Жібек жолы» қай мемлекеттердің шегарасы арқылы өткен?
«Ұлы Жібек жолының» бойында қандай қалалар болған?
Дескриптор:
Жазылым. 2-тапсырма. Сурет бойынша сөйлем құра.
Дескриптор:
Сурет бойынша сөйлем құрайды.
Тілдік бағдар
Оқылым. 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып қой.
«Ұлы Жібек жолы» - Қазақстан жері арқылы өткен сауда-саттық жолы. Қазақстанның ортағасырлық қалаларында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде археологтер Қытай мен Византия, Иран мен Үндістан елдерінде соғылған теңгелер мен ділдаларды тапқан.Алматы қаласының маңындағы Талхир қаласының орнын қазған кезде Иранда жасалған қола табақ, қытай фарфоры мен жапонның фаянс тостағының сынығы және т.б бұйымдар табылған.
«Ұлы Жібек жолының» бойымен саудагерлер Ферғананың әйгілі тұлпарларын, түйе, пілдермен қатар барқыт, жібек, мақпал, торғын маталарды, киім-кешек және т.б. бағалы тауарларды сату үшін алып өткен. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты жеміс-жидек те саудаланған.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды.
Тақырып қойады.
Достарыңызбен бөлісу: |