Жалғаулықтары: да, және, мен, алайда, және , арқылы, сондықтан, бойынша
Дескрипторы:
1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғаулықтарды қояды.
2. Сөйлемдерді жазады.
3 – тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтінге тақырып қой.
2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы: ұлы дәстүрлерден туризм мен ынтымақтастың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күндік форум болды. Бұл Форумға Жібек жолы бойында орналасқан 25 ірі қаланың мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді және өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдеру туралы айтылады. Форумда қозғалған маңызды мәселелердің бірі – аймақтық туризмді дамыту бағатындағы кедергілер, яғни трансшекаралық қиындықтар, аймақ елдері арасында ортақ визаның жоқтығы және аймақтық туристік өнімдер тізімін анықтаудың дұрыс жолға қойылмағандығы.
БҰҰ Даму бағдарламасы көмегімен ұйымдастырылған «Жібек Жолы » бастамасының негізгі мақсаты – сауда, инвестиция және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайдың экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым-қатынасты тереңдету.
Дескрипторы:
1.Мәтінді түсініп оқиды.
2.Мәтінге тақырып қояды.
Достарыңызбен бөлісу: |