Тарау немесе бөлім атауы:
|
2-бөлім, Қазақстан және Ұлы Жібек жолы. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» (үзінді)
|
Педагогтың Т.А.Ә.
|
|
Күні
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
«Жібек жолы» жобасы. 1-сабақ
|
Оқу мақсаттары:
|
6.1.1.1 - тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау;
6.1.5.1 - тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау
|
Сабақ мақсаттары:
|
тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжайды;
тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайды;
|
Сабақтың жоспары
|
Уақыты
Кезеңдері
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
-Сәлеметсіңдер ме оқушылар?
-6-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
-Сабағымыздың тақырыбы: «Жібек жолы» жобасы
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжайсың;
тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтайсың;
Сенің меңгеретінің:
|
|
|
Слайд 1,4
|
Мұғалім «Жаңа Жібек жолы» жобасы аясында, көптеген іс-шаралар атқарылып жатқанын, Тараз қаласына Ұлы Жібек жолы бойымен Қытай Халық Республикасының керуені келгенін айтып өтеді, жаңа сабақтың жаңа сөздерімен оқушыларды таныстырады.
белдеу – екі елдің өзекті мәселелерін саяси талдау
ынтымақтастық-татулық, бірлік
ықпалдастық- құндылықтар мен қарым-қатынастарды тиімділеу процесі
асу- тау жотасының табаны жалпақ, асып өтуге қолайлы жері
тарту ету-сыйлық беру
|
Оқушылар жаңа сөздермен танысады.
|
|
Жаңа сөздер
|
Тапсырмалар
«Ой қозғау»
|
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Қазіргі кезде Ұлы Жібек жолы бар ма?
Қазақстан мемлекеті қандай елдермен сауда-саттық жасайды?
Біздің ел экспортқа қандай тауарлар шығарады?
Қазақстанға ең көп тауар қай елден келеді?
Оның себебі неде?
Дескрипторы:
1.Сұрақтарға жауап береді.
2.Тақырыбын анықтайды.
Жазылым. 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті жалғаулықтарды қойып, сөйлемді жаз.
1.Ұлы Жібек жолы – қоғам... адамзат тарихындағы аса бір маңызды жетістіктерінің бірі. 2. Ол – Еуропа... Азия... Жерорта теңізінен басталып, Қытайды кесіп өтіп, сол заманғы Батыс пен Шығысты байланыстырған үлкен сауда жолы. 3. I-II ғасырда Ұлы Жібек жолы арқылы сауда дипломатиялық байланыс жақсы дамыған. ...YII-X ғасырларда жолдың халықаралық маңызы артқан. 4. «Жаңа Жібек жолы» атты жобада Қазақстанның Азия аймағында ең ірі іскерлік.... транзиттік хабқа айналуы туралы айтылған. 5. 2013 жылы Астанада Назарбаев Университетінде болған кездесуде Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин... «Жібек жолының экономикалық белдеуін құру» туралы идеясын ұсынды. 6. ...Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуін қолдау... халықтар достығын күшейту мақсатында Қытай Халық Республикасы «Ұлы Жібек жолымен мыңдаған ли» атты Халықаралық Экспедицияны ұйымдастырды.
|