1-тапсырма. Семантикалық картаны толтыр. Түсіндір.
Дескрипторы:
Зат есімдерді түрлеріне қарай ажыратады.
2-тапсырма. Диалогті толықтырыңдар.
Ол нені білгісі келді?
________________________________
Күмбездің асты немен қапталған?
________________________________
Бас зергер қандай кітап жазып жүр?
________________________________
Ескерткіштің қандай ерекшелігі бар?
Дескрипторы:
Cұрақтарға жауап береді.
Сөйлем құрылымын сақтайды.
3-тапсырма. Жағдаят: сен Түркістан қаласында тұрасың. Досың Түркістанға келетінін айтты. Ол сенен Арыстан бап кесенесіне қалай баруға болатынын, жұмыс кестесін сұрады. Досыңа Арыстан бап кесенесі туралы айтып бер.
Дескрипторы:
Тірек сөздерді пайдаланып, баяндайды.
Сөйлем құрылымын сақтайды.
4-тапсырма. Жақшадағы қажетті етістіктерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлемдерді жаз.
1. Дүкенбай Досжан «Жібек жолы» романында оқырманды қыпшақтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі, өнерімен (бейнеле, таныстыр, жеткіз). 2. «Ұлы Жібек жолындағы» ежелгі қалалар туралы мәлімет (бер, көр, жаз). 3. «Әлемнің екінші ұстазы» атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармасы туралы (кел, сөйле, айт). 4. Қыпшақ әміршісі – Иланшы Қадырханның өз еліне деген сүйіспеншілігін (өрнекте, дәлелде, суретте). 5. Көрнекті жазушы Дүкенбай Досжанның «Жібек жолы» романы неміс тілінде Берлин қаласында екінші мәрте (жарық көр, жарияла, оқы). 6. Романның алғашқы аудармасын 1987 жылы «Volk und Welt» баспасы (қой, шығар, көрсет). 7. Романды жоғары бағалаған Лео Кошут пен Рапрехт Вилноу оны қайтадан (жаз, аудар, қорға), «Verlag Hans Shiler» баспасынан 3 мың данамен (айт, жарияла, көр).
Дескрипторы:
Жақшадан қажетті етістікті табады.
Д ұрыс тұлғада жазады. Сөйлемдерді сауатты, қатесіз жазады.
|