Ой шақыру
тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
Қазақстанның қандай олимпиада жеңімпаздарын білесің? Олардың ішінде кімді ерекше жақсы көресің? Неге?
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған олимпиада чемпионын білесің бе?
Баркер кубогі қандай спортшыға беріледі?
Дескриптор
Білім алушы өзінде бар білімді пайдаланып сұраққа жауап береді.
2-тапсырма. Суретке қара. Олимпиада жеңімпаздарын ата. Бірінің жетістігі туралы «Жеңіс баспалдақтары» деген тақырыпта кластер құра.
Дескриптор
Олимпиада жеңімпаздарын атайды.
Бірінің жетістігі туралы «Жеңіс баспалдақтары» деген тақырыпта кластер құрайды.
Тілдік бағдар
4-тапсырма. Үлгіге қара. Есімдіктер мен жедел өткен шақ тұлғалы етіс терді қолданып, олимпиада жеңімпаздары туралы сөйлем құра.
Үлгі: Олар биыл «Дүниежүзілік олимпиада жеңімпаздары» атанды.
Олар, мынау, кім, өзі, кейбіреу, еш, бүкіл.
Дескриптор
Есімдіктер мен жедел өткен шақ тұлғалы етіс терді қолданып, олимпиада жеңімпаздары туралы сөйлем құрайды.
|