Сабақтың басы
|
Кіріспе.
Оқушылардың зейінін шоғырландыру.
Оқушылардың назарларына суреттер ұсынылады.
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.
Суретте қандай мамандық иелері бейнеленген?
Мамандық иелері туралы айтып беріңіз.
|
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.
|
ҚБ
|
https://www.youtube.com/watch?v=IqW4w46S6nA
|
Сабақтың ортасы
|
Жаңа сөздер: оқушылар, сабағымыздың жаңа сөздерімен таныс болайық.
Айтылым. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. Сенің ата-анаң - қандай мамандық иелері?
2. Саған қандай мамандықтар ұнайды? Неге?
Дескриптор:
АЙТЫЛЫМ. 2-тапсырма. Суретке қара. Өзің қалаған мамандық туралы айт. Етістіктерді үш шақта қолдан.
Дескриптор:
Өзің қалаған мамандық туралы айтады.
Етістіктерді үш шақта қолданады.
Айтылым. 3-тапсырма. Отбасы мүшелерінің мамандақтары бойынша постер құра.
Дескриптор:
Отбасы мүшелерінің мамандақтары бойынша постер құрайды.
Тыңдалым. Айтылым. 4-тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы.
Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп отырады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша жақын болашақта инженерлерге сұраныс көбейеді. Өйткені қазір қоғамда кәсіби-техникалық мамандарға, инженер-технологтерге сұраныс көп.
Екінші орында ІТ-технолог, бағдарламашылар,
веб-дизайнерлер тұр. Бүгінгі таңда кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттары бар. Веб-дизайнерлер кәсіпорынды сайт арқылы таныстырады.
Болашақта жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар нанотехнологиямен байланысты болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, білім беру, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б.
Бүгінгі таңда биотехнология, эктроника мамандары, маркетинг пен сауда менеджерлері, халыққа қызмет көрсету, қаржыгер, заңгер, логист сияқты мамандықтар үлкен сұранысқа ие. Қоғамда аспаз, нан өнімдерінің шебері тігінші, автомеханик, құрылысшы, сылақшы, ұста, сәулетші, техник-сантехник, медбике сияқты мамандық, кәсіп иелерінің орны бар.
Халықтың рухани әлемін дамытатын мұғалім, оқытушы, дінтанушы мамандықтарының орны бөлек.
Дескриптор:
Жазылым. 5-тапсырма. Сөздерді орыс тіліндегі баламасымен сәйкестендіріп жаз.
Дескриптор:
Сөздерді орыс тіліндегі баламасымен сәйкестендіріп жазады.
|
Оқушылар жаңа сөздермен танысады.
Сұрақтарға жауап береді.
Өзің қалаған мамандық туралы айтады.
Етістіктерді үш шақта қолданады.
Отбасы мүшелерінің мамандақтары бойынша постер құрайды.
Мәтінді тыңдайды.
Оқиды.
Сөздерді орыс тіліндегі баламасымен сәйкестендіріп жазады.
|
|