Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, түгендеу
«Есімдер аллитерациясы» әдісі арқылы сыныпта, оқушылар арасына ынтымақтастық орта орнату.
Орындалуы: әр оқушы өзінің есімінің алғашқы әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айтады. Мысалы: Сәуле сүйкімді; Қайрат қажырлы; Бақыт – байыпты; Серік - сергек. Ұлжан - ұқыпты.
Суретке қарап ойлаң және назарыңды келесі сілтемедегі бейнебаянға аудар. https://www.youtube.com/watch?v=D5Pds2N12Cg
Бүгін сабақта өзің бейнебаяннан көргендей қаланың қызу өмірі туралы мәлімет алатын боласың.
|
Оқушылар сәлемдеседі, сабаққа дайындалады.
Оқушы өзінің есімінің алғашқы әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айтады.
|
|
«Есімдер аллитерациясы» әдісі
https://www.youtube.com/watch?v=D5Pds2N12Cg
|
Сабақтың ортасы
|
Жазылым. 7-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықта. Кестені толтыр.
№
|
Осы шақ
|
Өткен шақ
|
Келер шақ
|
|
|
|
|
Дескриптор:
Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтап, кестені толтырады.
Жазылым. 8-тапсырма.
Топтық жұмыс. Мәтіндегі негізгі және қосалқы ойды анықтандар. Мәтін мазмұны бойынша әр абзацқа тақырып қойындар. Тірек сөздерді анықтандар «Оймоншақ» тәсілімен мәтінді баяндандар.
Дескриптор:
Топтық тапсырманы орындайды.
АЙТЫЛЫМ. 9-тапсырма. Суреттердегі жан-жануардың
қайсысы мəтінде айтылған? Үлгіні негізге алып, олардың қимыл-әрекетін үш шақта жаз.
Үлгі: Кит теңізде жүзді. Кит теңізде
жүзіп жүр. Кит теңізде жүзер.
Дескриптор:
Үлгіні негізге алып, олардың қимыл-әрекетін үш шақта жазады.
АЙТЫЛЫМ 10-тапсырма. Мәтінге сүйеніп, төмендегі пікірдің қайсысын қолдайтынынды айт. Себебін түсіндір.
1. Табиғатты адам ешқашан бағындыра алмайды.
2. Табиғатты тануға ұмтылыс әртүрлі мамандықтардың тууына әкелді
3. Табиғат адамға түгел бағынды.
4.Табиғатпен тіл табысу ғана адамды бақытты етеді.
5. Табиғат - ана, сондықтан оны құрметтеу керек!
Дескриптор:
|
Мәтіндегі етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтап, кестені толтырады.
Топтық тапсырманы орындайды.
Үлгіні негізге алып, олардың қимыл-әрекетін үш шақта жазады.
Мәтінге сүйеніп, төмендегі пікірдің қайсысын қолдайтынынды айтып, себебін түсіндіреді.
|
|