Қ/Б «Екі жұлдыз, бір тілек»
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
Оқу мақсаты:
5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу
Бағалау критерийі. Білім алушы:
- Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды ;
- Кейіпкер образына қатысты өзіндік пікір танытады;
- Сын есімдер немесе мақал-мәтелмен образға қатысты тұжырым жасайды, өзіндік ой-пікірін білдіреді.
Ойлау дағдыларының деңгейі. Жоғары деңгей дағдылары.
Ж Тапсырма. Кейіпкерлердің шығармадағы портреті мен іс-әрекетін талдап, сын есімдер немесе мақал-мәтелмен образға қатысты тұжырым жасап, өзіндік ой-пікіріңізді білдіріңіз.
Кейіпкер
|
Менің пікірім...
|
Ой-тұжырым, мазмұнға сәйкес мақал-мәтел
|
Директор - жасамыс, ақ сары әйел... Директор кұжаттарды алдына жайып салып, қадағалап оқыды. Әр қайырма сайын басын бірде шайқап, кейде изеп, жігітті жылы шырайда тыңдаған директор саусақтарының буынын сыртылдатып үзіп отырды да, сөзге көшті…
|
Директорлар әдетте құжатқа өте жауапты қарайды. Сұхбаттасып отырған адамды мұқият тыңдау мәдениетін меңгерген...
|
Сауатты, жанашыр...
|
|
|
|
|
|
|
Саралау. Тапсырма орындау барысында мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға кестенің толтырылған үлгісін беремін, орташа деңгейдегі оқушыларға жартылай толтырылған кестені ұсынамын, өз бетімен жұмыстанатын кейбір балаларға бос кестені беремін.
Дескриптор. Білім алушы:
- кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетіне шығармадан айғақ табады;
- анықталған әрекет немесе портрет арқылы кейіпкер бейнесіне өзіндік пікір білдіреді;
- кейіпкер образын сын есім немесе мақал-мәтелмен тұжырымдайды, өзіндік ой-пікірін дәлелдейді.
«Шеңбердегі доп» әдісі. Оқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне өтілген жаңа тақырып бойынша сұрақ қойып,кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сұраққа жауап беріп, келесі оқушыға сұрақ қойып, жалғастыра береді.
Қ/Б «Мұғалімнің ауызша мадақтауы»
|
|
ҚБ. «Басбармақ» әдісі
Қб. «Шапалақ» әдісі
|
|