Сабақтың тақырыбы: Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және емдеу жолдары
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың медициналық генетика және адамның тұқым қуалайтын кейбір аурулары туралы білімдерін тереңдету. Қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың генетика негіздері бойынша білім қорларын дамыту,өз беттерінше ізденуін қалыптастыру және әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйластықты ояту. Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу және ұқыптылық пен салауатты өмірге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке және топтық жұмыс, есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекіліктері: слайдтар, электронды оқулық, бейне көрініс т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару. Сынып оқушыларын өткен тақырыптар сұрақтары бойынша 2 топқа бөліп, топ басшыларын сайлау. Әр топқа ат қою. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі. Осы параққа топ мүшелерінің жауабына қарай әділ баға қоюы қажет.
І топ – Модификация.
Ұраны: Білімнен асар байлық жоқ.
ІІ топ – Мутация.
Ұраны: Білім – таусылмас кен.
2. Ой қозғау.
Кім жылдам?
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттейтін әдістерді атаңдар?
генеологиялық, цитогенетикалық, егіздік, онтогенетикалық
популяциялық, биохимиялық.
2. Адамның онтогенезі барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар жоғы анықталатын әдіс?
Онтогенетикалық
3. Қандай әдіс арқылы гемофилия ауруының ұрпақ бойы тұқым қуалау сипаты анықталды?
генеологиялық
4. Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауы қалай аталады?
жыныспен тіркесіп тұқым қуалау
5. Цитогенетикалық әдісті пайдаланып, тұңғыш рет қалыпты жағдайда адамның дене жасушаларында 22 жұп аутосомалар және бір жұп –жыныстық хромосомалар болатындығын анықтаған ғалымдар?
1956 ж. Дж.Тийо мен А.Леван.
6. Түрлі тұқым қуалайтын өзгерістердің адам популяциясына таралу жиілігі зерттелетін әдіс.
поуляциялық
7. Қандай әдістің көмегімен гендік мутациялар нәтижесінде пайда болған гендік ауруларды анықтайды?
биохимиялық
Тірі организмдерге тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым?
генетика
8.Егіздер қандай топтарға бөлінеді?
біржұмыртқалық және екіжұмыртқалық
9. Адам генетикасының негізгі міндеті.
тұқым қуалайтын ауруларды дер кезінде анықтап, олардың алдын алу және болашақ ұрпақта болдырмау шараларын жүзеге асыру
10. Кездейсоқ пайда болған тұқым қуалайтын тұрақты өзгерістер.
мутация
11. Қандай әдістің көмегімен дене жасушасындағы хромосомалардың саны мен құрылысы зерттеледі?
цитогенетикалық әдіс
Бейнесюжет қарау.
Мағынаны тану.
«Кубизм әдісі»
І топ
Зерттеңіз. Даун ауруы. Бейнесюжет.
Салыстырыңыз. Клайнфельтер және Шершевский-Тернер
Өз ойыңыз. Туыстық некенің тиімсіздігі туралы өз ойларың
ІІ топ
Зерттеңіз. Қант диабеті.
Салыстырыңыз. Фенилкетонурия және қан топтарының тұқым қуалауы.
Өз ойыңыз. Болашақ ұрпақта тұқым қуалайтын түрлі ауыр зардаптарын сақтандыру үшін қандай шаралар қажет
4. Толғаныс.
1. «Генетикалық тор»танымдылық тапсырма
1
АА
|
2
F1
|
3
вв
|
4
|
5
Р
|
6
Аа
|
7
F2
|
8
ВВ
|
9
Х
|
10
аа
|
11
|
12
Г
|
Деңгейлік тапсырмалар: А деңгейі
1.Хромосомалық аурулар
Даун, Клайнфельтер, Шершевский-Тернер
2. Жыныстық хромосомасы ХУУ болып келетін ауру қалай аталады?
Алып еркек
3. ll топтағы қан қай топтарға донор бола алады?
ІІ және ІV топқа
4.Дүние жүзіндегі санақ бойынша 1000 ер адамның қаншауы Клайнфельтер ауруымен ауыратындығы анықталған?
Екеуі
В деңгейі
1. Гендік ауруларды атаңыз.
Қант диабеті, Фенилкетонурия,галактоземия, шизофрения,гипертопия т.б.
2.Жыныстық хромосомасы ХХХ болатын ауру қалай аталады?
Алып әйел
3.IV топтағы қанды қандай топтарға құюға болады?
Тек IV топқа
4.Дүние жүзіндегі санақ бойынша 1000 қыздың қаншасы Шершевский-Тернер ауруымен ауырғаны дәлелденген
Төртеуі
С деңгейі
I-топ
Есеп: Шешесінің қаны ІІ топ, ал әкесінің қаны ІV топқа жатады. Балаларының қан топтарын анықтаңыз.
Жауабы: 2-і ІІ топ, 2-і ІV топ
II-топ
2. Қан тобы І топтағы қыз, қан тобы ІІІ жігітке тұрмысқы шығады. Олардың балаларының қан топтары қандай болады?
Жауабы: ІІІ топ болады.
5. Қорытынды
Тест
1.Клайнфельтер ауруының кариотипі қандай?
А.46,ХУ В.47,ХХХ С.45,ХО Д.47,ХХУ Е.47,ХУУ
2.Бүкіл жүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің қанша пайызы ауру болып туылады?
А.3-5 В.7-8 С.10-12 Д.23-25 Е.50-55
3.Қант диабеті ауруы қай гормон жетіспегенде пайда болады?
А.тироксин В.өсу С.инсулин Д.паратгормон Е.адреналин
4.Жыныстық жағынан кеш жетіледі,бедеу,ақыл-есі кем болады.Қай аурудың белгісі?
А.фенилкетонурия В.Шерешевский-Тернер С.Даун
Д.Клайнфельтер Е.Эдвардс
5.Даун синдромында нешінші хромосома мутацияға ұшыраған?
А.9 В.13 С.21 Д.23 Е.Дұрысы жоқ
6.Нәтижесінде жұлын мен ми зақымдалатын ауру қалай аталады?
А.Қант диабеті В.Фенилкетонурия С.Брахидактилия
Д.Альбинизм Е.Гемофилия
7.Шерешевский-Тернер синдромының кариотипі
А.45,ХО В.47,ХХУ С.45,УО Д.47,ХУУ Е.Дұрысы жоқ
8.ІІ қан тобының формуласы қандай?
А.JоJо В.JаJо С.JаJв Д. Jв Jв Е. Jв J о
9.Резус-факторды ашқан ғалым
А.Бэтсон В.Иогансен С.Ландштейнер Д.Мендель Е.Мечников
10.Адамда қанша жұп аутосома бар? А.21 В.22 С.23 Д.24 Е.25
Жауаптары: 1.Д 2.В 3.С 4.В 5.С 6.В 7.А 8.Д 9.С 10.В
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
1) §47 (Оқу).
2) Тұқым қуалайтын ауруларды зерттеу.
3) Ата-анасының қан тобына байланысты есеп шығару және отбасының шежірелік картасын құру
Серебряково жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы: Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және емдеу жолдары
Өткізген: география-биология
пәндерінің I санатты
мұғалімі Жалмуханова Р.Ш.
2015-2016 оқу жылы
ІІІ.Жаңа сабақ
§47. Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу және емдеу жолдары
Жоспары:
1.Медициналық генетика әдісіне сипаттама
2.Тұқым қуалайтын аурулар: а)хромосомалық аурулар
ә)гендік аурулар
3.Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу
4.Қан топтарының тұқым қуалауы
5.Туыстық некенің тиімсіздігі
6.Медициналық-генетикалық кеңес
Медициналық генетика адамда болатын түрлі тұқым қуалайтын ауруларды, оларға диагноз қоюдың және емдеудің жолдарын зерттейді.Бүкіл дүниежүзілік статистика бойынша дүниеге келіп жатқан сәбилердің, шамамен,7-8 %-ы түрлі тұқым қуалайтын аурулармен ауырады.Сондықтан сол ауруларды жан-жақты зерттеу, олардың алдын ала сақтандыру және емдеу жалпы адам генетикасының, соның ішінде медициналық генетиканың негізгі проблемасы болып табылады.генетиканың бұл саласы ьойынша зерттелетін келесі маңызды бір мәселе – адамда тұқым қуалайтын өзгерісті қандай факторлардың тудыратынын және адамзатты көптеген ауыр зардаптардан құтқару үшін оларға шара қолданудың жолдарын зерттеу.
Медициналық генетиканың негізінде хромосомалардың өзгеруіне байланысты болатын бірнеше тұқым қуалайтын аурулар анықталды.
Тұқым қуалайтын аурулар
хромосомалық гендік
Клайнфельтер Гемофилия
Шерешевский – Тернер Альбинизм
Даун Брахидактилия
Эдвардс Фенилкетонурия
Мысалы:1)Хромосомалық ауру
Даун синдромы
Достарыңызбен бөлісу: |