Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс Бөлімі: Кинематика Педагогтің аты-жөні



бет3/3
Дата13.09.2024
өлшемі29,64 Kb.
#204234
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1.Механикалық қозғалыс 9-а

ҚБ: әріптес пікірі

2 балл
ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы өзін-өзі бағалау


8 балл

Бағалау. Күнделікке 10 балдық жүйе бойынша бағалау





Постерлер, маркерлер

Тапсырма бар парақша

Тапсырма бар парақша



Тексерілді:



Жұптық жұмыс.«Сенімді серіктес» әдісі
Қосымша 1
1-жұп. Сәйкестендіру


1

Траектория

Дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын бағытталған кесінді



2

Орын ауыстыру



Дене қозғалып өткен траекторияның ұзындығы

3

Механикалық қозғалыс



Қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін ескермеуге болатын дене



4

Жүрілген жол

Материялық нүктенің өзқозғалысы барысында сызған сызығы



5

Материялық нүкте



Санақ денесі, координаталар жүйесі, уақытты есептейтін құралдардың жиынтығы

6

Санақ денесі

Денелердің уақыттың өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі



7

Санақ жүйесі

Дененің қозғалысы онымен салыстырылып қарастырылатын дене


2-жұп. Есеп шығару
Параллель жолдармен екі пойыз бірқалыпты қозғалады: ұзындығы 630 м және жылдамдығы 48 км/сағ жүк пойызы, ұзындығы 120 м, жылдамдығы 102 км/сағ жолаушылардың пойызы. Егер қозғалыстары: а) бір бағытта; ә) қарама-қарсы бағытта болса, пойыздардың салыстырмалы жылдамдықтары қандай? Біреуі екіншісінің жанынан қанша уақытта өтеді?
3-жұп. Графиктік есеп
Велосипедші 8 м/с жылдамдықпен шығыстан батысқа қарай жылдамдығы 6 м/с желдің өтіне қарсы қозғалып барады. Осы жылдамдықты график түрінде кескіндеңдер (масштабы: 0,5 см – 2 м/с)
Жеке жұмыс. Тест тапсрымалары
Қосымша 2
1.Есептеу кезінде не себепті Айды материалдық нүкте деп санауға болады? (Жермен салыстырғанда)
А) Ай-шар
В) Ай-Жер серігі
С) Айдың массасы Жердің массасынан кем
Д) Жерден Айға дейінгі арақашықтық Айдың радиусынан әлденеше рет артық.
2.Туристер алдымен солтүстік батысқа қарай 400 м, содан соң шығысқа – 500 м және солтүстікке қарай 300 м жүрді. Жол мен орын ауыстыру неге тең?
А) 1150 м, 600 м В) 1200 м, 620 м С) 1250 м, 640 м
Д) 1300 м, 660 м Е) 1350 м, 680 м

3.Тікұшақ солтүстікке қарай 20 м/с жылдамдықпен ұшып келеді. Егер батыстан 10 м/с жылдамдықпен жел соқса, тікұшақтың жылдамдығы неге тең?


А) 17 м/с В) 18 м/с С) 20 м/с Д) 21 м/с Е) 22 м/с
4.Дене координатасы (7,2) нүктеден координатасы (-5,7) нүктеге орын ауыстырды. Орын ауыстыру модулі неге тең?
А) 11 В) 5,4 С) 13 Д) 7 Е) 10
5.3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде доптың орын ауыстыруы неге тең?
А) 4 м В) 1 м С) 2 м Д) 3 м Е) 2,5 м
6.Егер өзеннің ығысы 0,9 м/с болса, суға қатысты 1,4 м/с жылдамдықпен ағынға перпендикуляр бағытта ені 120 м өзенді жүзіп бара жатқан жүзгіштің орын ауыстыруы
А) ≈140 м В) ≈141 м С) ≈142 м Д) ≈143 м Е) ≈144 м
7.Жүзгіш суға қатысты 1,4 м/с жылдамдықпен ені 120 м өзенді ағысқа перпендикуляр бағытта жүзіп өтіп жатыр. Өзеннің ағыс жылдамдығы 0,9 м/с болса, өзенді жүзіп өту үшін жүзгішке қанша уақыт қажет?
А) ≈86 с В) ≈ 87 с С) ≈88 с Д) ≈ 89 с Е) ≈ 90 с
8.Екі автомобильдің қозғалыс теңдеуі х1=t2+2t ,x2= 7t+6 . Олар қай жерде және қашан кездеседі?
А) 24 м, 8с; В) 48 м, 6 с; С) 1 м, 1 с; Д) 4 м, 4 с Е) 148 м, 16 с

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет