Сабақтың тақырыбы Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі473,4 Kb.
#119077
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ҚМЖ механикалық қозғалыс

Тілдік мақсаттар



Пәндік лексика және терминология
Траектория, орын ауыстыру, жол, санақ жүйесі ( санақ денесі, координат жүйесі, сағат)



Ағылшынша

Қазақша

Орысша

Mechanical movement

Механикалық қозғалыс

Механическое движение

time

уақыт

время

Distance+

қашықтық

расстояние

displacement

Орын ауыстыру

перемещение

trajectory

траектория

траектория

reference system

Санақ жүйесі

Система отчета

body count

Санақ денесі

Тело отчета

Coordinate system

Координат жүйесі

Система координат




Құндылықтарды дарыту

Дұрыс әрекет құндылығын оқушы бойына дарыту.

Пәнаралық
байланыстар

Математика

АКТ қолдану
дағдылары

Интер белсенді тақтамен жұмыс

Бастапқы білім






Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы



Ұйымдастыру кезеңі.
Кинематика – денелердің қозғалысын оның пайда болу себептерін қарастырмай зерттейтін механиканың бөлімі.
Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.
Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.
Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.
Қозғалыс салыстырмалығы дегеніміз- таңдалған координаталар жүйесіне байланысты дене бір уақытта қозғалыста да, тыныштық күйінде де болуы мүмкін.
Механикалық қозғалыстарға мысалдар келтіру.



Жол (м)

Уақыт (с)

7км = ....... м

12сағ = .......с

65см = ......м

45мин = ......с

300мм = ....м

0,5сағ= .......с


Жол (м)

Уақыт (с)

7км = 7000м

12сағ = 43200с

65см = 0,65м

45мин = 2700с

300мм = 0,3м

0,5сағ= 1800с






Презентация
http://www.bilimland.kz/kk/content/lesson/10669-mexanikalyq_qozhalys_sanaq_zhui_esi_qozhalystyng_salystarmalylyhy

Сабақтың ортасы

Сабақты бекіту.



Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.
Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан

к оордината жүйесі мен сағатты айтамыз.




Материалдық нүкте – қарастырылып отырған есептің шартында өлшемі мен пішінін елемеуге болатын денені айтамыз. Мысалы, Жер Күнді айналып жүргенде, біз Күнге қарағанда Жерді материалдық нүкте деп айта аламыз. Ал біз Жер бетінде тұрып, Жерді материалдық нүкте деп айта алмаймыз.
Дененің немесе материалдық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады.
Траекторияның түріне қарап қозғалысты түзу сызықты және қисықсызықты деп бөледі.
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішіндегі жүрілген жол деп аталады.
Дененің орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орны мен соңғы орнын қосатын бағытталған кесіндіні айтады.




« Кім жылдам?»

Есептер шығару


  1. Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшы-ның ойын кезінде шамамен 12 км жүгіретіні анықта-лады. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде орын ауыстыруы ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

  2. Жолаушылап қайтқан автомобиль жүргізушісі есептеуіштің көрсетуі 300 километрге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыруы ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.

  3. Өз үйлеріңізден мектепке дейінгі траекторияла-рыңызды сызып көрсетіңіздер.

  4. Сағаттың минуттық тілінің бір айналым жасаған кездегі жолы мен орын ауыстыруын есептеңіздер. Сағаттың минуттық тілінің ұзындығы 10 см.

Презентация




Сабақтың соңы Үйге тапсырма:


11,15,16. параграфтарды оқу.
Үйде орындалатын зертханалық жұмыс
Өз уақытарыңызды өлшеңдер. Ол үшін бір қадамдарыңның ұзындығын өлшеңдер, аулада немесе мектепте , мысалы, 50 қадамға тең ара қашықтықты өлшеңдер. Осы қашықтықты жүруге кеткен уақытты секундомердің көмегімен өлшеп алыңдар. Дәл осы жолды жүгіріп өткен кездегі уақыттарыңды секундомер арқылы өлшеп алыңыздар. Жүгіру кезінде кеткен уақыт жай жүріп өткен кездегі уақыттан қанша есе аз?

7-сынып оқулығы «Атамұра» 2012

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыру.
Оқушылардың басым бөлігі: Материальдық нүкте, санақ жүйесі, нүктенің координаталары, траектория, жол және орын ауыстыру, дененің жылдамдығы ұғымдарын біліп бір-бірінен ажырата алады.

(1) Алдағы тақырыптың түсінуін.
(2) Үй жұмысының орындалуын.
(3) Жаңа тақырыпты меңгеруде пікірталастарға қатысып отыруын.
(5) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған есептерде ойлау операцияларын қолдануы.



Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.
Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара , және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

«Жауап дәлелдемесі» рефлексиясы
1.Мен сабақта жұмыс жасадым……..себебі………
2.Сабақтағы өзімнің жұмысыма ………
3.Сабақтың өтуі маған…….
4.Сабақ үстінде мен…..
5. Сабақ материалы маған………
6. Менің көңіл-күйім……..

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет