Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата26.09.2023
өлшемі25,06 Kb.
#182590
түріСабақ
Байланысты:
1.Механикалық қозғалыс қмж


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі:

Кинематика

Педагогтің аты-жөні:

Арғынтай Қарақат

Күні:

20.09.23

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Механикалық қозғалыс



Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.1 Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсіндіру, жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолдану

Сабақтың мақсаты:

-Материялық нүкте, санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы ұғымдарының мағынасын түсінеді;
- жылдамдықтарды қосу және орын ауыстыру теоремаларын қолданады;



Сабақтың барысы:



Сабақ кезеңі/
Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

Жаңа сабаққа дайындық
3 минут

3 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.


Топқа бөлу
«Flippity» қосымшасы арқылы топқа бөлу
Қызығушылығын ояту.
Оқушылардың жаңа сабаққа дайындығын тексеру мақсатында бейнеролик көрсету.


Сабақтың тақырыбын, оқу мақсатын хабарлау

Мұғалім түсіндірмесі (3 мин)



Оқушылар 3 топқа бөлінеді.


1-топ. Қозғалыс
2-топ. Материляық нүкте
3-топ. Санақ жүйесі

Оқушылар бейнеролик бойынша өз ойларын айтады.






ҚБ: «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте жақсы!» деген сөздер арқылы ауызша мадақтау

9 сыныпқа арналған оқулық.

Сілтеме:
https://flippity.net/rp.php?c=Arailym,Arna,Gulnazym,Ramazan,Zakaria,Dinara,Shugula,Nabat,Akjibek,Asylhan,Almas,Sanjar&t=Random%20Name%20Picker


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

13 минут


Жұптық жұмыс
6 минут

Жеке жұмыс

12 минут



Сабақтың соңы

3 минут



«Пікір алмасу» әдісі

1-топ. Қозғалыс-материяның ажырамас қасиеті
2-топ. Санақ жүйесі
3-топ. Қозғалыстың салыстыр- малылығы

Топтық жұмысты «Факт» әдісімен бекіту.


Материяның негізгі қасиет-терінің бірі - қозғалыс.
Механикалық қозғалыс деп уақыт өтуіне қарай оның басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орнының өзгеруін айтады.
Санақ денесі байланысқан координаталар жүйесі мен сағатты санақ жүйесі деп атайды.
Қозғалыстың салыстырма- лылығы, яғни қозғалыс әр уақытта басқа санақ жүйесіне қатысты салыстырмалы түрде қарастырылады деген мағына- ны білдіреді.

«Сенімді серіктес» әдісі
1-жұп. Сәйкестендіру
2-жұп. Есеп шығару
3-жұп. Графиктік есеп
(қосымша 1)

«Ұшқыр ой» әдісі арқылы оқушыларға жеке тапсырма беру. Тапсырма тест түрінде беріледі. (қосымша 1)


Рефлексия
-Мен үйренген үш жаңалық-
-Көбірек білгім келетін екі мәселе-
-Мен қойғым келетін бір сұрақ-


Бағалау. Күнделікке 10 балдық жүйе бойынша бағалау


Үй тапсырмасы. Тақырыпты оқу. 1-жаттығу

Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды. Топ ішінде талқылау жасайды, өзара пікір алмасады. Топ спикерлері топтық жұмысты қорғайды.

Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды. Берілген тұжырымдарды дұрыс жауабымен сәйкестендіреді.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

Оқушылар бүгінгі сабаққа ауызша кері байланыс береді.



ҚБ: «Сыншы дос» әдісі арқылы бағалау

ҚБ: әріптес пікірі

2 балл



ҚБ: дайын жауаптар үлгісі арқылы өзін-өзі бағалау
8 балл


1-10 балл

Постерлер, маркерлер

Сілтеме:

Тапсырма бар парақша




Жұптық жұмыс. «Сенімді серіктес» әдісі
Қосымша 1
Сәйкестендіру


1

Траектория

Дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын бағытталған кесінді



2

Орын ауыстыру



Дене қозғалып өткен траекторияның ұзындығы

3

Механикалық қозғалыс



Қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін ескермеуге болатын дене



4

Жүрілген жол

Материялық нүктенің өз қозғалысы барысында сызған сызығы



5

Материялық нүкте



Санақ денесі, координаталар жүйесі, уақытты есептейтін құралдардың жиынтығы

6

Санақ денесі

Денелердің уақыттың өтуіне қарай басқа денелермен салыстырғандағы орнының өзгеруі



7

Санақ жүйесі

Дененің қозғалысы онымен салыстырылып қарастырылатын дене


Жеке жұмыс. Тест тапсрымалары
Қосымша 2
1.Есептеу кезінде не себепті Айды материалдық нүкте деп санауға болады? (Жермен салыстырғанда)
А) Ай-шар
В) Ай-Жер серігі
С) Айдың массасы Жердің массасынан кем
Д) Жерден Айға дейінгі арақашықтық Айдың радиусынан әлденеше рет артық.
2.Туристер алдымен солтүстік батысқа қарай 400 м, содан соң шығысқа – 500 м және солтүстікке қарай 300 м жүрді. Жол мен орын ауыстыру неге тең?
А) 1150 м, 600 м В) 1200 м, 620 м С) 1250 м, 640 м
Д) 1300 м, 660 м Е) 1350 м, 680 м

3.Тікұшақ солтүстікке қарай 20 м/с жылдамдықпен ұшып келеді. Егер батыстан 10 м/с жылдамдықпен жел соқса, тікұшақтың жылдамдығы неге тең?


А) 17 м/с В) 18 м/с С) 20 м/с Д) 21 м/с Е) 22 м/с
4.Дене координатасы (7,2) нүктеден координатасы (-5,7) нүктеге орын ауыстырды. Орын ауыстыру модулі неге тең?
А) 11 В) 5,4 С) 13 Д) 7 Е) 10
5.3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде доптың орын ауыстыруы неге тең?
А) 4 м В) 1 м С) 2 м Д) 3 м Е) 2,5 м
6.Егер өзеннің ығысы 0,9 м/с болса, суға қатысты 1,4 м/с жылдамдықпен ағынға перпендикуляр бағытта ені 120 м өзенді жүзіп бара жатқан жүзгіштің орын ауыстыруы
А) ≈140 м В) ≈141 м С) ≈142 м Д) ≈143 м Е) ≈144 м
7.Жүзгіш суға қатысты 1,4 м/с жылдамдықпен ені 120 м өзенді ағысқа перпендикуляр бағытта жүзіп өтіп жатыр. Өзеннің ағыс жылдамдығы 0,9 м/с болса, өзенді жүзіп өту үшін жүзгішке қанша уақыт қажет?
А) ≈86 с В) ≈ 87 с С) ≈88 с Д) ≈ 89 с Е) ≈ 90 с
8.Екі автомобильдің қозғалыс теңдеуі х1=t2+2t , x2= 7t+6 . Олар қай жерде және қашан кездеседі?
А) 24 м, 8с; В) 48 м, 6 с; С) 1 м, 1 с; Д) 4 м, 4 с Е) 148 м, 16 с

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет