І топтық жұмыс
Кітаптағы мәтінмен жұмыс: постер қорғау
1.Фотоэффект
2.Фотоэффект құбылысы
3.Фотоэлемент туралы
Сәулелердің әсерінен электрондардың сұйық және қатты дене бетінен босап шығу құбылысы фотоэффект деп аталады.
1887 жылы орыс ғалымдары Генрих Герц пен А.Г.Столетов электрондардың арасындағы ұшқынды разрядты зерттеу кезінде осы құбылысты байқайды.
Электронның металдан босап, ұшып шығуы үшін жасайтын жұмысын электронның шығу жұмысы деп атайды.
Энергияның сақталу заңы бойынша жұтылған жарық фотонының hν энергиясы электронның шығу жұмысына және оның кинетикалық энергиясына жұмсалады: - Эйнштейн формуласы. me-босап шыққан электронның массасы;
υ –оның жылдамдығы. h- Планк тұрақтысы Аш- электронның шығу жұмысы.
Фотоэффект құбылыс мына шарт орындалса ғана байқала бастайды: hν0≥Aшығу.
Электронның шығу жұмысы жарықтың жиілігіне немес толқын ұзындығына ғана тәуелді.Фотоэффект байқалатын жарықтың ең аз дегендегі жиілігін немес оған сәйкес келетін толқын ұзындығын фотоэффектінің қызыл шекарасы деп атайды.Фотоэффект құбылысына негізделіп жасалған құралы фотоэлемент деп аталады.
Смайлик арқылы топ бір-бірін бағалайды.
Жаңа сабақ
«Джигсо» әдісі
Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты ресурстар таратып береді. Жаңа тақырыптың аясында оқушыларға түсінік береді.
Оқушылар мәтінді оқиды, алған мәліметтері
бойынша бірінші топ екінші топқа ,екінші топ
үшінші топқа,үшінші топ бірінші топқа өздерінің
оқығаны бойынша сұрақтар қояды.
І топ Стефан-Больцман заңы
ІІ топ Квант
ІІІ топ Планк формуласы
Постер құру,қорғау.
ІІ Жұптық жұмыс (Сәйкестендіру)
Бармақ арқылы бағалау.
Фотоэффект құбылысын ашты.
|
Фотоэффект құбылысын түсіндірді.
|
Фотон энергиясы
|
|
|
Е=һν
|
Фотоэлемент
|
Г.Герц пен А.Г. Столетов
|
А.Эйнштейн
|
Эйнштейн формуласы
|
«Ойлан, ойлан»
1,Мыс үшін фотоэффектінің ұзын толқынды (қызыл) шеарасы 282 нм. Электрондардың мыстан шығу жұмысын табыңдар (эВ есібімен).
Берілгені: Шешуі:
λ0 = 282 нм = 2,82 * 10 -7м, Аш = һν0; ν0 = с / λ0; Аш = һ с /λ0 =
һ – 4,136 * 10-15 эВ *с = 4,136*10-15 эВ*с* 3* 108м/с /282*10-7м
=4,4 эВ
Табу керек:
Аш Жауабы: Аш * =4,4 эВ
2.Калий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасын анықтаңдар.
Берілгені: Шешуі:
Аш = 2,2эВ, Аш = һν0 = һ с/ λ0;
Һ = 4,136*10-15эВ*с λ0 = һс / Аш = 4,136*10-15 эВ *с*3*108м/с /
2,2эВ = 5,64*10-7м = 564 нм.
Табу керек: λ0 Жауабы: λ0= 564 нм.
3.Егер жапқыш кернеу 1,5 В – қа тең болса, онда К катодтан жұлып
шығарылған фотоэлектрондардың ең үлкен кинетикалық энергиясын табыңдар
Берілгені: Шешуі:
U = 1,5 В Е = еU = 1,6*10-19Кл*1,5В = 2,4*10-19Дж = 1,5эВ
ІІІ Жеке жұмыс
І нұсқа
І деңгей
1)1887ж. Генрих Герц жарықтың әсерінен электрондардың шығуы мүмкін екенін ашты.Бұл құбылыс ___фотоэффект____ деп атайды.
2)Фотоэффект нәтижесінде электрондардың босап шығуы үшін берілетін ең аз энергия____квант_____ деп аталады.
ІІ деңгей
3. λ=5,0∙10-7 м толқын ұзындығына сәйкес келетін фотон энергиясын анықтаңдар.( 3,9·10⁻¹⁹ Дж)
4. Натрий үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 547 нм. Электронның натрийден шығу жұмысын табыңдар.( 3,6·10⁻¹⁹ Дж)
ІІІ деңгей
5. Электронның кинетикалық энергиясының толқын ұзындығы 528 нм фотонның энергиясына тең болу үшін, электрон қандай жылдамдықпен қозғалуы керек?
6. м толқын ұзындығына сәйкес фотон энергиясы неге тең.
ІІ нұсқа
І деңгей
1)Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласын жаз________
2)Фотоэффект қайда қолданылады?
ІІ деңгей
3. Егер электронның металдан шығу жұмысын 3,3∙10-19 Дж болса,фотоэффектідегі бақыланатын жарықтың ең кіші жиілігін есептеңдер
4. Электрондардың күмістен шығу жұмысын 7,85∙10-19 Дж.Күміс үшін фотоэффектінің қызыл шекарасының толқын ұзындығын анықтаңдар.
ІІІ деңгей
5. Егер фотоэлектрондардың кинетикалық энергиясы Дж, ал электрондардың металдан шығу жұмысы Дж болса, металл бетін жарықтандыратын жарық толқынының ұзындығы қандай болатынын анықтаңдар.
6. Толқын ұзындығы 3,3∙10-7 м жарықпен цезийді жарықтандыру кезінде ұшып шыққан электронның ең үлкен жылдамдығы 8∙105 м/с, электронның массасы 9,1∙10-31 кг болса, шығу жұмысы неге тең?
|