әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа
(е =-1,6 • 10-19Кл) тең;
Атом ядросының ең маңызды қасиеттерінің бірі оның зарядтық саны Z. Кез келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең. Сондықтан да, оны ядроның атомдық номері деп те атайды.
Z =1 Z=92
Ядродағы нуклондар санын (яғни протондар мен нейтрондардың сандарының қосындысын) А әрпімен белгілейді де, оны ядроның массалық саны деп атайды. Ядродағы нейтрондар саны
N = A – Z
формуласымен өрнектеледі. Ядроны белгілеу үшін арнайы символ қолданылады zХА
1932 жылы Резерфордтың шәкірті ағылшын ғалымы Джеймес Чедвик ядроның құрамына кіретін жаңа бөлшек – нейтронды ашты.
Z – терінің саны бірдей, бірақ А – сы әр түрлі болып келетін ядроларды изотоптар деп атайды.Нақты бір элеменнтің ядроларындағы протондар саны (Z) өзгермейді, нейтрондар саны әртүрлі болып кездеседі. Осыған сәйкес химиялық элементтің ядролардағы нуклондар саны (А) өзгеріп отырады.
сутегі дейтерий тритий
3-сурет
Сутегінің үш түрлі изотобы болады, олар:
-кәдімгі сутегі, немесе протий (Z=1, N =0)
- ауыр сутегі немесе дейтерий (Z=1, N =1)
– тритий (Z=1, N =2)
Протий мен дейтерий тұрақты, тритий радиоактивті. Массалық сандары А бірдей ядроларды изобарлар деп атайды. Мысал үшін, мынаны келтіруге болады:
және
Нейрондар саны бірдей ядроларды изотондар деп атайды.