Сабақтың тақырыбы Механикалық қозғалыс



бет114/130
Дата07.10.2019
өлшемі15,74 Mb.
#49332
түріСабақ
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130
Байланысты:
9 сын Физика КМЖ обнавл







Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 9


Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Резерфорд тәжірибесі, атомның құрамы

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

9.6.1.7 α-бөлшегінің шашырауы бойынша Резерфорд тәжірибесін сипаттау;

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Резерфорд тәжірибесін және атом ядросының құрамына кіретін бөлшектердің физикалық мағынасын түсінік алады

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Атомның планетарлық моделі, ядроның мөлшері , заряды, ядроның құрамы, ядролық масса, ядроның заряд саны, оның физикалық мағынасы, нуклондар, нуклидтер, изотоптар туралы білу

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Резерфорд тәжірибесі жайлы мағлұмат беру

.


Бағалау критерийі

Атомның күрделі құрылысын айғақтайтын құбылыстар. Радиактивтік. Резерфорд тәжірибесі жайлы мағлұмат алады

Атомның күрделі құрылысын айғақтайтын құбылыстар. Радиактивтік. Резерфорд тәжірибесінің күнделікті тұрмыста және өндірісте, формуласын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді



Тілдік құзіреттілік

Сөздермен жұмыс

α – оң зарядталған бөлшектер ағыны,

β – теріс зарядты элктрондар,

γ –электромагниттік толқындар



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақстастық, өмір бойы оқу, азаматтық жауапкершілік, ашықтық.

Жаһандықазаматтыққатәрбиелеу

Төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу

АКТ дағдысынқолдану

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Өмірменбайланыс

Климат ерекшеліктерінталқылау

Пәнаралықбайланыс

География», математика

Алдыңғыбілім

Радиоактивтілік мРадиоактивті сәулеленудің табиғаты

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»

Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.



Үй тапсырмасын сұрау: «Крестиктер –нөлдіктер» әдісі.

1.Өзіне келген әртүрлі жиілік тегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын дене қалай аталады?

2.Планк формуласы неге тең?

3.Альфа α бөлшек дегеніміз не?

4.β бета бөлшек дегеніміз не?

5.Радиактивті элемент дегеніміз не?

6.Стефан-Больцман формуласы неге тең?

7.Мөлдір емес денелерден оп оңай өтіп кететін,медицина саласында жиі қолданылатын сәуле қалай аталады?

8. h = 6,62*10-34Дж*с бұл қай тұрақты шама

9.Жылулық сәулелену дегеніміз не?

10.Радиактивті сәулелену дегеніміз не?

11. . … = mev2/2 формуланы толықтыр

12.Өзінің алғашқы бағытын өзгертпейтін сәуле

1-топ:


Жазушылар

2-топ: Зерттеушілер

3-топ: Суретшілер
«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.


Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту «Мен білмейтін ақпарат» бейнеролик көрсету

Мағынаны ашу Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы.Атомның моделі.

Резерфорд тәжірибесін түсіндіретін видеоролик көрсету.

1911 жылы Э. Резерфорд және оның шәкірттері α – бөлшектерінің өте жұқа алтын және платина пластиналарынан өтуін зерттеді. Көптеген тәжірибе нәтижесін талдай келіп, 1911 ж. Резерфорд Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделін ұсынды.

Атомның құрылысымен таныстыратын видеоролик.

Электрондардың массасы аса аз болғандықтан атомның бүкiлдей дерлiк массасы ядрода шоғырланған. Ядроның диаметрі 10-12 – 10-13 см, ал атомның диаметрі 10-8 см шамасында.

Кез-келген элемент атомының ядросындағы протон мен электронды жалпылап нуклондар деп атайды, ал тұтас ядроны нуклид дейді.

Ядродағы протондар мен нейтрондардың жалпы санын А- массалық сан деп атайды.

A=Z+N; N=A-Z;

Бір - бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды.

Атомның алғашқы үлгілерінің бірін Дж. Томсон ұсынды. Бұл үлгіде атом радиусы ~10-10м) оң зарядталған шар ретінде қарастырылады. Шардың ішінде тепе-теңдік жағдайыныңмаңында электрондар тербеліп тұрады. Электрондардың теріс зарядтарының қосындысы шарға біркелкі таралған оң зарядты теңестіреді, сондықтан тұтас алғанда атом электрлік бейтарап бөлшек болады. Кейінгі зерттеулер бұл модельдің дұрыс емес екенін көрсетті, сондықтан Томсон моделі қазір тек тарихи тұрғыдан қарастырылады.



1 – сурет

Атомның ішінде электр зарядтарының орналасу тәртібін анықтау үшін 1911 жылы Резерфорд өзінің шекірттері Г.Гейгер және Э.Марсденмен бірге альфа-бөлшектер шоғын өте жұқа алтын фольгадан өткізіп, бірнеше тәжірибелер жасады (2-сурет). Осы тәжірибелерді зерделеу нәтижесінде атомның ядролық, басқаша айтсақ, планетарлық моделі өмірге келді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет