Сабақтың тақырыбы Механикалық қозғалыс



бет123/130
Дата07.10.2019
өлшемі15,74 Mb.
#49332
түріСабақ
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   130
Байланысты:
9 сын Физика КМЖ обнавл








Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 9


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Ядролық реакторлар


Сабақ негізделген оқу мақсаттары

9.6.2.4 тізбекті ядролық реакциялардың өту шарттарын сипаттау;

9.6.2.5 ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау;



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:

ядролық реактордың жұмыс істеу принципін сипаттау;



Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Радиактивтік туралы ұғымды бекіту,ядролық энергияның пайдалы және зиянды жақтарын бағалау, Қазақстандағы ядролық энергетиканың даму келешегі туралы мәлімет беру ,оқушылардың физика пәніне қызығушылығын дамыту                                          

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Атом энергиясын өндіру тәсілін біледі.Сындық масса туралы түсінік қалыптасады.Атом энергиясын қай жерде өндіретіндігін біледі.Ядролық энергия басқа энергия түріне қалай айналатындығын біледі..



Бағалаукритерийі

Тәжірибелерді зерттейді Өзара тәжірибе алмасады

Ядролық реактордың жұмыс жасау принципін , құрылысын өмірлік тәжірибеге сүйене отырып меңгереді                                                                                                    

Ядролық реакцияларда энергия ауыр ядролардың бөлінуі кезінде ғана емес (АЭС ) , жеңіл атом ядроларының қосылуы есебіненде босайтынын өздері    дәлелдеуге дағдыланады (сутегі бомбасы , Күн );                                                                               

Ядролық реактордың пайдасы мен зиянын ажырата білуге тырысады;                      



Тілдік құзіреттілік

Жаһандық өзгерістер

  • Ой-өрісін қозғайды

- теориялық білім практикамен ұштасады

  • өз бетінше жұмыс жасайды

  • Қорытынды жасай алды.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құндылықтар

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық, құрмет, азаматтық жауапкершілік

АКТ дағдысын қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады.

Өмірмен байланыс

Қазіргі таңда әлемді алаңдатып тұрған мәселе ол - климаттың өзгерісі. Соның бірі - жаһандық жылынуға тоқталу.

Пәнаралық байланыс

Математика, қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Масса және денелердің массасын өлшеу

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, дәптерлеріне бүгінгі күнді жазғызу.



Қызығушылықты ояту:

«Суреттер сөйлейді». Суреттердегі мағынаны ашу.

Сабақтың тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлері хабарланады.

Үй тапсырмасын қайталау Сұрақ жауап

1.Ядролардың бөлінуі деп қандай физикалық процесті айтады?

2.Жартылай ыдырау периоды деген қандай уақыт?

3.Радиоактивті ыдырау заңы қалай өрнектеледі?

4.Ядролардың бөлінуі дегеніміз не?

5.Сындық масса дегеніміз не?

6.Ядролық реактордың негігі бөліктері қандай?




1-топ:

«Бақыт» вагоны



2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны



3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны

«Қызыл гүлім-ай» би билету.


Жаңа білім

10 минут




Білу және түсіну

Реактордың өлшемдері оған сәйкес уранның массасы белгілі бір кризистік мәндерінен артқан жағдайда ғана көбею коэффиценті бірге тең болады. Кризистік масса деп бөлінетін заттың тізбекті ядролық реакция жүре алатындай ең кіші массасын айтады.

Өлшемдері шағын болғанда реактордың активті аймақтың беті арқылы (ураны бар стержень орналасатын көлем) нейтрондардың шығыны өте көп болады.

Жүйенің өлшемдерін арттырғанда бөлінуге қатысатын ядролардың саны көлемге пропорционал, ал шағын болатын нейтрондардың саны беттің ауданына пропорционал өседі. Сондықтан жүйені үлкейту арқылы көбею коэффициентінің мәндеріне жеткізуге болады. Егер қармалатын және шағын болатын нейтрондар саны бөліну процесінде алынатын нейтрондардың санына тең болса, онда жүйенің өлшемдері кризистік өлшем болады. Кризистік өлшемдер және оған сәйкес кризистік масса ядролық отынның түріне, баяулатқышқа және реактордың конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты анықталады.

Шар тәрізді таза уран үшін (баяулатқышсыз) кризистік масса 50 кг-ға жуық. Бұл жағдайда шардың радиусы жуықтап алғанда 9 см болады (уран өте ауыр зат). Нейтрондарды баяулатқыштарды және бериллийден жасалған нейтрондарды шағылдырушы қабықшаларды қолдана отырып, кризистік массаны 250 г-ға дейін азайту мүмкін болды.

Реакторды басқару кадмийі немесе боры бар стерженьдердің жәрдемімен орындалады. Стерженьдер активті аймақтан толық шығарылған кезде к>1 болады, ал стерженьдер толық енгізілген қалпында к<1 болады. Активті аймақтың ішіне стерженьдерді бірте-бірте енгізіп, кез келген уақыт мезетінде тізбекті реакцияның әрі қарай үдеуін тоқтатуға болады. Ядролық реакторларды басқару ісі ЭЕМ көмегімен қашық жерден жүзеге асырылады.

 

Ядролық реакторлардың негізгі элементтері



 

Суретте ядролық реакторы бар энергетикалық қондырғының сүлбесі келтірілген.

Ядролық реактордың негізгі элементтері мыналар: ядролық отын (, ) және т.б. нейтрондарды баяулатқыш (ауыр су немесе кәдімгі су, графит т.б.) реактор жұмыс істеген кезде пайда болатын энергияны әкетуге арналған жылу тасымалдағыш (су, сұйық натрий т.б.) реакциялардың жылдамдығын реттеуші құрылғылар (реактордың жұмыстық кеңістігіне ендірілетін нейтрондарды жақсы жұтатын кадмий немесе бор сияқты заттары бар стерженьдер).

Реакторды сыртынан - сәулесі мен нейтрондарға тосқауыл болатын қорғаныс қабықшамен қоршайды. Қабықшаны темір толтырғыш бар бетоннан жасайды.



Ауыр су ең жақсы баяулатқыш болып табылады. Кәдімгі судың өзі нейтрондарды қармап алып, ауыр суға айналдырады. Сондай-ақ ядролары нейтрондарды жұтпайтын графит те жақсы баяулатқыш болып табылады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет