Сабақтың тақырыбы Механикалық қозғалыс



бет124/130
Дата07.10.2019
өлшемі15,74 Mb.
#49332
түріСабақ
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   130
Байланысты:
9 сын Физика КМЖ обнавл

 

Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

1. уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі-ксенон , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.

2. Жартылай ыдырау периоды 27 жыл болатын, 8 кг радиактивті цезийден 135 жылдан кейінгі қалған атомдарының массасы қандай? (0,25 кг)

3. Радиактивті кобальттің жартылай ыдырау периоды 72 тәулік. Массасы 4г кобальттің 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі қандай?(3,5 г).

4. уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі- , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.


Зымыран сұрақтар қойылады.Оқушылылар «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек.

Р/c

Сұрақтар

жауаптар

ия

жоқ

1

Атомның планетралық моделін ұсынған ғалым Резерфорд

*




2

β – ыдырау кезінде химиялық элементтің Менделеев кестесіндегі орны соңына қарай 2 орынға жылжыйды




*

3

Уран ядросының бөлінуіне қатысатын бөлшек нейтрон

*




4

Реттік номерлері бірдей, ал массаслық сандары әртүрлі элементтер Изобаралар деп аталады






*

5

Масалық сандары бірдей, зарядттың сандары әртүрлі нуклиттері Изобаралар
деп аталады

*




6

нейтрондар саны 136

*




7

Альфа бөлшек дегініміз протондар ағыны




*

8

Бетта сәулелердің заряды электрондар ағыны



*




Бағалау: түзетулерді орындау арқылы бағаланады


Оқулық,


мәтіндер.

Ортасы

10 минут




Қолдану

Оқушылар топта отырып флипчартқа жауаптарын жазады, болған соң топтар флипчарттарымен алмасады да өзара тексереді:

1-Топ:

-Ядролық реакция дегеніміз не ?



— Тізбекті ядролық реакция дегеніміз не ?

— Адам баласының тарихында ядроларды жасанды түрлендіруді тұңғыш реет 1919 жылы жүзеге асырған ғалым?

-Беккерель 1896 жылы қандай құбылысты ашты, зерттеулер нәтижесі?

-Радиактивті құбылысты тереңірек кім зерттеді,

зерттеулер нәтижесі?

-1897 жылы қандай бөлшек ашылды, кім ашты?

-1911 жылы Резерфорд атомның моделін қалай атады?

-Ядроның ішінде протондармен нейтрондарды қандай күш ұстап тұрады?

-Байланыс энергиясының формуласын жаз.

-α ,β- ыдырауда ығысу ережесін жаз.

2- топ :

Атом құрылысының  «планетарлық»   моделін  ұсынған  ғалым  кім? Қай  жылы?

Атомның құрылысын кім  айтып  береді?

Электрон қалай  белгіленеді? Заряды қандай?

Протон қалай белгіленеді?  Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?   )

Нейтрон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы  нешеге тең?

Массалық сан дегеніміз не? Қалай  белгіленеді, формуласы  қандай?

Нуклон дегеніміз не?

Химиялық  элементтің  ядросының  белгіленуі?

Изотоп  дегеніміз не?

Изобара  дегеніміз не?

Деңгейлік тапсырмалар :   «Білгенімді  зердеме  тоқу»

І-Деңгей

Резерфорд тәжірибелерінен  тікелей  атомның  …  моделі  келіп  шығады. (планетарлық)

Центрінде массасы  түгелдей  жинақталған  …  зарядталған  атом  ядросы  орналасқан. (оң)

Ядроны айнала, белгілі  орбиталармен  …  қозғалып  жүреді. (электрондар)

Электрондардың мұндай қозғалысы ядро тарапынан болатын  … күштің  әсерінен  туады. (ядролық)

Протондар мен  нейтрондарды  жалпы түрде  … деп атауға келісілген.(нуклондар)

Протон – бұл заряды  оң  және  модулі бойынша  … зарядына  тең  бөлшек. (электронның)

Электрон – бұл заряды  теріс  және  модулі  бойынша  элементарлық  … Кл зарядқа,  ал  массасы  … кг – ға тең  бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31)

ІІ -Деңгей

уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі-ксенон  , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Натрий 11Na23 ядросының құрамы қандай?

Талдау. Синтез

ІІІ-Деңгей

Жартылай ыдырау периоды 27 жыл болатын, 8 кг радиактивті цезийден 135 жылдан кейінгі қалған атомдарының массасы қандай? (0,25 кг)

Радиактивті кобальттің жартылай ыдырау периоды 72 тәулік. Массасы 4г кобальттің 216 тәулікте ыдырайтын бөлігі қандай?(3,5 г).

уран ядросы бір нейтронды жұтады да, одан екі жарықшық және төрт нейтрон босап шығады. Жарықшақтардың біреуі- , ал екіншісі қандай жарықшақ? Реакция теңдеуін жазыңдар.

Оттек 8О16 ядросының  байланыс энергиясын табыңдар.

Магний 12Мg24     ядросының   меншікті  байланыс энергиясын  табыңдар.

Дебат-әңгіме: Ядролық реактор : «Ия» -«Жоқ».

Ядролық реактордың пайдасымен зияны туралы мәлімет берілу сұралады. Оқушылар «дебат-әңгіме арқылы» Ядролық реактордың пайдасымен зиянын анықтайды.

Жақтаушы: Қазақстандағы ядролық энергетиканың даму келешегі. Қазіргі адамдар ядролық энегияны тек бүгінгі күнмен өмір сүріп келешекті ойламағандықтан даттайды.Сол адамдарға мен мынадай сұрақ қойғым келеді:егер жер жүзіндегі отын,мұнай және газ қоры таусылатын болса ,адам энергияны қайдан алады?Күнделікті отын жанғанда ауаны ластап ,экологияны ластайды.Ойлап қарасақ еліміздің экономикасы дамыған сайын өркендеуіміз керек.  ( №3 қосымша )

Даттаушы: Қазіргі уақытта ешкім АЭС-тің қай уақытта ,қай жерде жарылатынын дөп басып айта алмайды.АЭС-тің экология,экономикаға және адам өміріне зияны мол .Еске Чернобыль, Фукусиманы алсақта болды,адамның жаны түшігеді.Мен,ядролық реактордың біздің елде салынуына қарсымын.

Мұғалім екі жақты тыңдап , сабаққа қорытынды жасайды:Екі жақтыда тыңдай отырып ,ядролық отынның зиянымен пайдасы қатар жүретініне көз жеткіздік. Егер адамзат жан-жақты жұмыстанса , тиімді пайдаланса ,ешқандай қатер болмайды деп сенеміз.

«Білгенімді дамыту»

Кестедегі мәліметтерді қорғау тапсырылды.Қорғаушының орындығының артына стикер іліп кету арқылы орындалады.

1

Ядролық реактордың негізін салушы ғалымдар





2

Ядролық реакцияға қатысатын химиялық элементтер





3

Ядролық реактордың бөліктерін ата




4

Ядролық энергияны алу әдістері







Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Топтық жұмысқа арналған ресурстар



Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру

1. Уран ........ бөлінгенде ....... пайда болады (нейтрон, ядросы, протон). Туынды ........... қатысуымен ....... тасқынды ........ тізбекті ядролық реакция деп атайды. (нейтрондардың, жарылуы, ядролардың )

2. Тізбекті ....... арқылы ........... энергиясын өндіруге болады. (Реакция, атом, электрон)

Атом ........ өндірудің екі жолы ауыр элементтердің ........ бөлу арқылы және ........ элементтердің ......... біріктіру арқылы жүзеге асады. (энергиясын, ядроларын, жеңіл)

3. Ауыр ядроны ........ немесе жеңіл ядроны ......... арнайы ............ жүзеге асады. (біріктіру, бөлу , қондырғыларда) Ондай .......... ядролық .......... реактор немесе атомдық ......... деп атайды. (ядролық, бомбалар, қондырғыларды, тәжірибелерді)

4. Ядролық ректорда .......... реакциялар .......... жолмен іске асырылады. (басқарылатын, ядролық, нейтрондық) Ал ........... бомбаларда .......... жолмен іске асырылады. (басқарылмайтын, басқарылатын, атомдық)

5. Ядролық реакторда бөлінген ......... ядросының ішкі энергиясы туынды ......... кинетикалық және ........... энергиясына айналады. (протон, атом, бөлшектердің, электромагниттік, жылу) Ал ол .......... жылуэнергиясына, ........ энергиясы ............ БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді











Таақырып бойынша түйген білімдерін жазады.

Бағалау
5 минут

Кері байланыс



3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет