Сабақ кезеңі/
Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
ДК экраны
|
Сабақтың ортасы
10 минут
|
«Жазғы демалыстан алған әсерім...»
Берілген ойды аяқтау
|
Оқушылар сынып ішінде әңгіме құрады. Әр оқушы өзінің жазғы демалыстан алған әсерімен бөліседі.
|
Оқушылардың бір-біріне кері байланыс жасайды.
Бірін-бірі бағалайды
|
Слайд2
|
5 минут
|
Мағынаны ашу
«Мектебім – мейірім мекені!»
Сұрақтар:
- Неге мектепті мейірім мекені деп айтамыз?
- Мектепті мейірім мекені етіп отырған жандар кімдер?
- қазіргі таңда ұстаздан не күтесіңдер? (оқушы қалауын білу)
|
Берілген сұрақтар негізінде бүгінгі сынып сағаты тақырыбының мағынасын ашады.
|
Мадақтау сөздер
|
Слайд3
|
15 минут
|
«Пәндермен танысу»
|
Берілген ақпараттарды мұқият тыңдайды. Пәндермен танысады
|
Оқушы көзқарасы. «Жапондық бағалау» әдісі арқылы пәндерге байланысты өз көзқарасын ұсынады. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
|
слайд
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
10 минут
|
Ой қозғау
«Білім» сөзіне ассоциограмма жасайды.
Осы тапсырма арқылы сабақты қорытындылау. Білімнің нағыз күшпен және еңбекпен келетінін осы ассоциограмма арқылы түсіндіру.
|
Барлық оқушылар ұйымдасқан түрде «БІЛІМ» сөзіне ассоциограмма жасайды. Өз ойларымен бөліседі. Ассоциограммаға жазған сөздеріне жеке-жеке талдау жүргізеді
|
«Микрафонды қағып ал» әдісі арқылы бағалау
|
микрафон
|