Сабақтың тақырыбы: Мектепті басқару әдістері мен стилі.
Мектепті басқару әдістері – бұл барлық ұжым мүшелерінің бірлесіп, тұтас педагогикалық процестің мақсаттарын, принциптерін және мазмұнын іске асыруда басқару тәсілдерінің жүйесі.
Қазіргі кезеңде мектепті басқару әдістері негізінен екі бағытта іске асырылып келеді.
Бірінші бағыт бойынша мектепті басқару әдістерін Т.М.Куриленко үш топқа бөледі.
Психологиялық-педагогикалық әдістер – бұл ұжым мүшелерінің тапсырған іске жауапкершілік сезімін арттыруға, өз борышын орындауға байланысты. Бұған сендіру, түсіндіру, кәсіби әңгіме, кадрлармен дербес жұмыс, т.б. әдістер жатады.
Педагогикалық-ұйымдастыру әдістеріне жұмыс міндеттерін өзара бөлісу, оқу-тәрбие процесін жетілдіру меселелері жатады. Автордың пікірі бойынша бұл мәселелер түрлі ұйғарым, ресми жарлық, бұйырық, басқару шешімдері арқылы орындалу тиіс.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерге келешек бағыттарды белгілеу, нақты міндеттерді қою, жалпы тапсырмаларды орындауда мұғалімдердің ынтымақтастығын ұйымдастыру, мұғалімдер мен оқушыларға қойылатын бірыңғай талаптарды сақтау, дәстүр, т.б. кіреді.
Бұл басқару әдістері мектеп ұжымындағы микроклиматтың қалыптасуына қолайлы әсер етеді, мұғалімдердің шығармашылық еңбегіне, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Барлық топтардағы қолданылатын басқару әдістерінің нәтижелеріне оқу жылы аяғында талдау жасалынады. Олардың тиімділігі, мақсатқа сәйкестілігі еске алынып, жаңа оқу жылына қолданудың тәсілдері белгіленеді.
Екінші бағыт демократиялық принцип негізінде пайдаланылады.
Бұл жерде мектепішілік басқару әдістерінің екі тобын қарастырған жөн:
Достарыңызбен бөлісу: |