Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару Мақсаты



Дата11.07.2017
өлшемі36,21 Kb.
#21112
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________20 ж

Пән аты: Информатика

Класы: 9

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтерді енгізу және шығару

Мақсаты:

Оқушыларға енгізу және шығару операторлар ұғымымен таныстырып, есеп шешу арқылы білімдерін қалыптастыру;

Арифметикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Жеке жұмыстана білуге, ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу.



Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), компьютер.



Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

  • Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

  • Журнал толтыру;

  • Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

  • Мазмұндарын сұрау, үйге берілген есептерін сұрау.

есеп-1: Дөңгелек ауданын табу программасын құр.

Жауабы:


const p=3.14;

var s,r: real;

begin

readln(r);



s:= p*sqr(r);

writeln(s);

end.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Математикадағы өрнектерді, мысалы бөлшектерді, дәрежелерді Паскаль-программаның ортасында компьютер экранында жазуға бола ма? Есптердік өрнектердің бәрі әріптермен белгіленген. Паскаль әріптердің орнына сандарды қалай қояды?



Оператор дегеніміз – белгілі бір шамаға жүргізілетін амалдардың орындалу жолын көрсететін нұсқау. Паскаль тілінде операторларды begin – end деген операторлық жақшалардың арасына жазылатынын біз білеміз. Паскаль операторлары бірінің астына бірі немесе бірінен кейін бірі арасы нүктелі үтірмен (;) бөлініп жазылатынын тағыда білеміз. Енді паскаль тілінде енгізу және шығару оператоорларына тоқталып өтейік. Ол үшін мына кестеге назар аударайық:

Операторлар

Жол пішіні

Қолданылуы және пайдалануы

{ }

{ Түсініктеме }

Түсініктеме операторы

Read (оқу)

Read (айнымалылар тізімі);

Пернетақтадан деректерді енгізу операторы. Мысалы Read (a,b); - екі санның енгізілуін сұрайды.

Readln

Readln (айнымалылар тізімі);

Деректер енгізілгеннен соң, меңзер жаңа жолға ауысады. Бос орын енгізу операторы – меңзердің жаңа жолға ауысуын жүзеге асырады.

Айнымалының аты := өрнек

Айнымалының аты := өрнек шығару

Меншшіктеу операторы <<:=>> белгісі <<меншіктеу>> деп оқылады. Мысалы: a:=a+1;

Write (жазу)

Write (параметрлер тізімі) немесе write (‘көмекші сөз’, параметрлер тізімі);

Деректерді экран дисплейіне шығару операторы. Тізім элементтеріне айнымалылар, сандар, мәтіндер жатады. Мысалы: а) Write (‘’, ‘x=’, x); ә) Write (‘x=’, x:6:2); - санды бекітілген нүкте түрінде шығару.

Writeln

Writeln;

writeln(шығару тізімі);



Бос шығару операторы – меңзердің жаңа жолға ауысуын жүзеге асырады. Басудан кейін меңзерді жаңа жолға көшіру.

Мысалы: ауданды есептеу программасы

Program_Audan; a b c p S

V
2

3

4

4.5

2.9
ar a, b, c, p, S: real;

Begin


Readln (a, b, c);

p:= (a+b+c)/2;

s
2, 3, 4

S=2.9
:=sqrt (p*(p-a)*(p-b)*(p-c));

writeln (‘S=’, S: 6: 2);

end.


IV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)

1-есеп:

Үш ыдыста су құйылған. Бірінші ыдыстағы V1 л судың температурасы t1 , екіншідегі V2 л судың температурасы t2 , үшіншідегі V3 л судың температурасы t3. Суларды бір ыдысқа құйды. Бір ыдысқа құйылған барлық судың жалпы көлемін және орташа температурасын анықтайтын программа құрыңдар. (Температураны мына формуламен T = (t1+t2+t3)/3 табуға болады)

Program esep_1;

Var V1, V2, V3, V, T, t1, t2, t3:real;

Readln (V1, V2, V3, t1, t2, t3);

V:=V1+V2+V3; {жалпы көлем }

T:=(t1+t2+t3)/3; {орташа температура}

writeln(V,T);

readln;

end.

2. Ауызша № 2 және № 5 тапсырма.

V. Үйге (3мин)

§8

ҮІ. Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет