Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға ұлт-азаттық көтерілістердің тарихи маңызын анықтау мақсатында А,В,С, деңгейіндегі тапсырмалар дайындап,1 топтағы оқушыларға көтерілістердің шығу себебі , 2 топтағы оқушыларға көтерілістердің сипаты, 3 топтағы оқушыларға жеңілу себептері мен халыққа тигізген әсері туралы нақты аргументтер келтіріледі. Дереккөздер бойынша саралау .
І топ. Сырым Датұлы, Исатай мен Махамбет, Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістін ерекшелігін анықтау мақсатында оқулықта берілген мәтінмен танысып, тақырыпқа байланысты өз ойларын білдіреді.ІІ топ.Электронды дереккөздерді пайдалана отырып ұлт азаттық көтерілістердің жеңілу себебін және халыққа тигізген әсерін салыстырады.ІІІ топ.Ұлт азаттық көтеріліске байланысты термин сөздерен жұмыстанып жаңа сөздердің мағынасын ашып жұмыс дәптеріне жазады.
Критериалды бағалау
Сабақтың мақсаты
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Қалыптастырушы бағалау
Ұлт-азаттық көтерілістердің шығу себебін сипаттай келе көтерілістердің тарихи маңызы туралы аргументтер келтіреді
Қазақ жерінде болған ұлт-азаттық көтерілістердің шығу себебін, ерекшеліктерін түсінеді, тарихи маңызын сипаттайды.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. Бейне-көріністен азаттық үшін күрес туралы ақпаратты мұқият тыңдайды. «Қармақ салу» әдісі арқылы көрсетілген бейне-көріністің мазмұнына байланысты сауалдарды таңдап алып, «Блум кубигі» әдісі арқылы жауап қайтарады. Кубиктің әр жағына «Ұсын», «Түсіндір», «Ойластыр», «Бөліс» атты тапсырмалар жазылады. 1-топ. Ұлт-азаттық көтерілістердің шығу себебін анықтаңыз? 2-топ.Қазақ жерінде болған көтерілістерді сипаттаңыз? 3-топ. Ұлт-азаттық көтерілістердің жеңілу себептері мен халыққа тигізген әсерін салыстырыңыз.