Сабақтың тақырыбы: «Мемлекеттік нышандар»
Сабақтың мақсаты: Елтаңба, Ту,Әнұран туралы түсініктерін нығайту, рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді арттыру; оқушының есте сақтауын дамыту,өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру, оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке,Отанына ,халқына адал қызмет етуге, елінің туын, Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: Ел рәміздері, буклеттер, карта, суреттер, Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі
ҚР-ның мемлекеттік әнұраныны орындалады. «Менің Қазақстаным»
ІІ.Негізгі бөлім
1-жүргізуші: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
2-жүргізуші:
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан-қуат, нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
1-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болуы үшін еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеп құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2-жүргізуші:
2007жылы 4-маусымда Астана қаласында ҚРсы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.назарбаев сөйлеген сөзінде «мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер-біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.»
1-жүргізуші: Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын,балашаққа үмітін, арман-тілегін,жеткізетін ерекше құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр» деп атап көрсетті.
2-жүргізуші: «Мемлекеттік нышандар» атты ашық тарбие сағатымызды бастаймыз.
1-оқушы: 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1-желтоқсанда Қазақстан Президентінің сайлауы болды.Тұңғыш Президент болып Н.Ә Назарбаев сайланды.
2-оқушы: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы-Президент.Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған » деген мағынаны білдіреді.2005 жылы 4-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлау қорытындысында Н.Назарбаев Президент болып қайта сайланды.
3-оқушы: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту ал,алған.
Бұл далаға жылып келіп уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
4-оқушы:Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар түрлі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қарап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
1-жүргізуші: Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені, киеңді ұға бастадым.
Сен менің бағым,арымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
2-жүргізуші: Қазақстан- қасиетті мекенім,
Өзіңдң жырлап мәңгілікке өтемін.
Республика –республика атанып,
Халқымыздың көңілдері кең болды.
1-оқушы:
Үлкен мерекелерде, салтанатты жиындарда туымыз көтеріліп,әнұранымыз
орындалады.Осы рәміздерді үлкен де, кіші де құрметтеп жоғары ұстауы тиіс. Біздер
болашақ ұландар Елтаңба мен Туды әрқашан қастерлеуге тиіспіз.Ал Әнұран біздің
мектебімізде әр аптаның бейсенбі күні сабақ алдында айтылып тұрады.
2-оқушы: Әр республиканың өз ерекшелігін білдіретін Әнұраны, Туы, Елтаңбасы
болды.Мен оны достарымнан сарагым келіп тұр.Осы Елтаңбаны, Туды,Әнұранды
қосып қалай атайды?
Жауап хормын: Қазақстан рәсімдері.
1-жүргізуші: Егеменді еліміздің жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,
өркениетті ел танылып, өзінің Елтаңбасын, Туын, әнұранын белгіледі.
2-жүргізуші: туымыз, Елтаңбамыз Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып,
рухтандырып тұрады.
-Әрбір азамат Қазақстанның туын, Елтаңбасын,Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
-Әрбір адам өз Республикасының мемлекеттік Рәміздерін құрметтеуге міндетті.
3-оқушы: Мынау мемлекеттік Ту.Тудың түсі аспан түстес.Көк аспанда
көгілдір,ортасында күн шуағы , аспанда қыран бүркіт ұшып келе жатқаны
бейнеленген.Тудың пішіні тік төртбұрыш.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
4-оқушы: Мынау мемлекеттік елтанба.Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі,тұлпар
бейнеленген.Елтаңаның пішіні дөңгелек.
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында киіз үй.
Қалықтаған жас сұңұар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
5-оқушы:
Туған елім, Қазақстан,
Туған жерім, Қазақстан
Сенен көрем әлемнің,
Әсем көркін жарасқан.
Жарқырап тұр күнің де,
Қыраның тұр көгіңде!
Би: «Қамажай»
1-жүргізуші:
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің қазақстаным» 10қаңтарда 2006 жылы Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
6-оқушы:Әнұран
Әнұраным-жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым,
Бақыт, бірлік-күн талабы.Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны!
7-оқушы:
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Шаттық кернер жүректі.
Жеңіс туын көтерген,
Жарыстарда сан қилы.
Жетіп бізге шетелден,
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
8-оқушы:
Мынау Қазақстан Республикасының Конституциясы.Конституция
мемлекетіміздің негізгі Заңы, Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру
ережелері.Сырт мұқабасы Қазақстан Елбасымен жіне қазақша оюлармен
әшекейленген.
9-оқушы:
Келе жатыр керіле күн,
Халық сүйіп қалаған.
Ата заңын елімнің,
Құрметтейді бар адам.
10-оқушы: Біздің Отанымыз Қазақстан.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту ал,алған.
Бұл далаға жылып келіп уанған,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
11-оқушы:
Қазақстан аумаға жағынан жер бетіндегі ең ірі мемлекеттердің бірі.Мынау
картасы.Шекарасының ұзындығы 15 мың км-ден асады.Еліміздің солтүстіктен
оңтүстікке қарай 1700 км-ге ,ал батыстан шығысқа қарай 3000 км-ге созылып
жатыр.
12-оқушы: Қазақстанда 14 облыс бар.Мемлекетіміздің бас қаласы- Астана.
Астана- арман қала,
Бағы бір жанған қала.
Тұрады ол жап-жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
13-оқушы:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Ақ күмістей қаласы бар.
Ер еңбегі шалқып тасқан,
Ел еркіндей бақыт тапқан.
Неткен сұлу,неткен көркем,
Осы менің туған өлкем!
Күй: Орындайтын Серікбай Дамир
1-жүргізуші: Қазақта қара қылды қақ жарған үш кемеңгер билер –Толе би, Қазыбек
би, Әйтеке билердің шешендік сөз үлгілеріне құлақ салайық.
Төле би:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің,
Жаңбыр жаумаса жер жетім
Басшы болмаса –ер жетім,
Ұқпаса айтқан сөз жетім.
Қазыбек би:
Алтын ұя –отан қымбат,
Құт берекең атаң қымбат.
Аймалайтын- анаң қымбат,
Мейірімді- апаң қымбат!
Әйтеке би:
Бай болсаң
Халқыңа пайдан тисін.
Батыр болсаң
Жауға найзаң тисін
Әумин!
14-оқушы:
Әр азамат тілін,әдет-ғұрпын, салт-дәстүрән білуі керек.Ана тілін қадірлеуге
міндетті.
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
15-оқушы «Туған тілім» өлеңі
16-оқушы «Үш бақытым» өлеңі
Ойын: « Сөз ойла, тез ойна» ойыны
Ережесі: Берілген сөздерден баска сөздер құрау
Елтаңба- ел, таңба, таң, аң
Байрақ-бай, ай, қар, ар.
Әнұран- ән, ұра, ұн, нан
Сұрақтар:
1. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
2.Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
3.Қазақстан көлемі жөнінен әлемде нешінші орын алады?
4.қазақстанның Астанасы қай қала?
5.Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады?
6.Қазақстан тәуелсіздікті қашан алды?
7.Рәміздерге нелер жатады?
Тапсырмалар:
Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтылады, оқушылар қай белгі туралы
екенін анықтайды.
1) Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта, басқа да
құжаттарда бейнеленген (Елтаңба)
2) Президент резиденциясында, үкімет уйінде ілулі тұрады.Бардық мемлекеттерде
бар.( Ту)
3) Республика , облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде
орындалады. ( Әнұран)
Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу- тәуелсіз қазақстанның әрбір азаматының
қасиетті борышы.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу елді, халықты, тарихты, әдет
ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |